Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.
Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Қанат Бозымбаев қарсы алды
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?