Жаңалықтар

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Ел.кз редакциясы Айнұр Ракишева есімді журналистің «Екпін» мәдени-танымдық журналына шыққан мақаласын автордың рұқсатымен қайта жариялауды жөн көрді.
27.02.2015 05:36 22416

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Ақпан айының 28 күні қазақ халқының ұлы перзенті — ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 169 жыл толғалы отыр. Осыған орай, Ел.кз редакциясы Айнұр Ракишева есімді журналистің «Екпін» мәдени-танымдық журналына шыққан фоторепортажын автордың рұқсатымен қайта жариялауды жөн көрді. 

«Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді.

Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды, мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып, алыстарға бастай берді».

Әбіш Кекілбаев

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945). Қазір мұнда Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан. Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында ақындық өмірінің 75 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан өкіметі салып берілген екен. 12 бөлмеден тұратын Жамбыл атаның үйі көзі тірісіне қандай болса, қазіргі уақытта да дәл сол қалыпында сақтаулы тұр.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев өкіметтің қамқорында болғандықтан оның жеке дәрігері, медбикесі, аспазы, көлік жүргізушісі болған. Бұл оның дәрігері Рахымбай Досымбековтың жеке бөлмесі. Жамбыл ата ауырып қайтыс болғанға дейін онымен бірге осы үйде жанұясымен тұрған. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл атаның демалған, ұйықтаған жеке жатын бөлмесі. Бұл бөлмеде оның күнделікті киген киімдері, қолданған заттары тұр.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Диванға Жамбыл атаның ұстаған таяғы сүйеніп тұр.

Бұл 1937 жылы Грузияның атақты ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасының 750 жылдығына барғанда әдеби хатшысы ақын Тайыр Жароков алып берген таяғы екен.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ата шифонерінің ішінде оның киген киімдері әлі күнге дейін сақталып тұр (түлкі ішігі, пальтосы, шекпендері, шапаны)

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл атаның бөркі.

Көптеген суреттерде, портреттерде дәл осы бөрікімен бейнеленген.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Суретте атаның 1936 жылғы домбырасы.

Жамбыл Жабаевтың 3 домбырасы сақталған. 2 домбырасы осы мұражайда, ал бір домбырасы Алматыдағы Республикалық музыка аспаптар мұражайында сақтаулы.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл Жамбыл атаның дүниеден озған уақытында тоқтап қалған сағаты. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қайтар-қайтқанынша бес уақыт намазын қалт жібермеген ақынның құмғаны, легені.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ата хат танымағандықтан оның әдеби хатшылары болған. Әбділда Тәжібаев, Қапан Сатыбалдин, Қалмұқан Әбдіқадіров, Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар кезекпен келіп, осы кабинетте жұмыс істеген.

Сол қабырғадағы қолдан тоқылған кілемде Амангелді батыр бейнеленген.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл атаның кішігірім кітапханасы сақталған. Ол өзі оқи алмаған, алайда, хатшылары оған түрлі кітаптарды кезекпен оқып беріп отырған.

Жамбыл атаның есте сақтау қабілеті өте тамаша болған. 92 жасына дейін оның бірде-бір өлеңдері қағаз бетінде сақталмаған екен. Тек 92 жасында ғана оған хатшылар тағайындалып, қазіргі уақытта 3000-ға жуық өлеңдері қағаз бетіне түскен. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл 1943 жылы орнатылған Жамбыл атаның қолданған телефоны. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл Жамбыл хатшыларының жатын бөлмесі.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ата бұл үйде кіші баласы Тезекбай атаның отбасымен бірге тұрған. Суретте үйдегі кішігірім асхана. Мұнда келін, немерелерімен бірге қымыз, шай ішкен. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл 1938 жылы 17 жасар өзбек қызы Исмаилованың кестелеп тігіп, атаға көзі тірісінде сыйлаған туындысы.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қонақ бөлме. Көптеген сыйлы қонақтарды осы бөлмеде күтетін болған.
Үстелдің үстіндегі кеседен басқа ыдыстардың барлығын ата көзі тірісінде өзі қолданған. Үйдегі дүние-жиһаз, кресло, дивандардың барлығы 1938 жылы өкімет тарапынан сыйланған. Бүгінгі күні үйде перделер ауыстырылған және кілемдері 5 жылда бір жаңарып отырады. 

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Самаурын, ожау, подносты атақты кинорежиссер Сергей Эйзенштейн мен балерина Галина Уланова сыйлаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл академик, ботаник Келлердің сыйлаған сыйы.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

«Жамбыл ата колхозшылар арасында». Бұл суретті неміс суретшісі Риттих салып, 1938 жылы сыйлаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаевтың жеті атасы.

Жамбыл ата үш рет кезекпен үйленген. Бірінші бәйбішесі Момын апа қайтыс болғаннан кейін, Талқайрат апаға үйленіп, ол дүниеден озғаннан соң Қанымжан апаны алған. Осы үш ападан 10 баласы болған. 2 қыз, 8 ұл. 2 ұлы майданда қаза болған. Қазіргі таңда осы балаларынан 100-ден астам ұрпақтары бар.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ата 1846 жылы Жамбыл облысы Тараз өңірінде дүниеге келген. Ол кезде ауыл Ерназар деген батырдың атымен аталған. Бірақ қыстың ортасында ақпан айының соңында қоқандықтар Ерназар ауылына шапқындық жасағандықтан ауыл тұрғындары көшуге мәжбүр болған. Көшіп келе жатып Жамбыл, Хан, Байғара тауларының етегіне түңелтуге тоқтаған кезде кішкентай бала дүниеге келіп, оны әкесі Жапа Жамбыл тауының атымен кішкентай сәбиге азан шақырып Жамбыл деген есім береді.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

«Қойшы бала Жамбыл», О.Таңсықбаевтың туындысы.

10 жасынан бастап Жамбыл қолына домбыра алып өлең шығара бастаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл Жамбыл атаның 13 жасында ұстаған домбырасы.

Жетісу айтыс өнерінің алтын діңгегі атанған Сүйінбай Аронұлы Жамбыл атаға 13 жасында бата берген. Ол:

«О, Жамбыл, бата дедің — бердім саған

Бақытты, өмірлі боп, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін маған», — деп қолына осы домбыраны ұсынған.

Еш өзгертусіз мұражайда сақтаулы тұрған бұл домбыраға 1,5 ғасырдан көп уақыт болды.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қырғыздың атақты ақыны Тоқтағұл Сатылғановпен атамыз үлкен дос болған екен. 1938 жылы осы үй салынып болғанда атамызға қонаққа келген қырғыз ақындары оған күміс ертоқым, домбыра сыйлаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

«Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы», В.Фролова.

Жамбыл атамыз көптеген айтыскерлермен айтысқан. Бұл 35 жасында Құлмамбетпен айтысқан кезінен көрініс. Құлмамбет байлықты, мансапқорлықты жырласа, Жамбыл әділдікті, шындықты жырлап, Құлмамбетті жеңген екен.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Атаның 11-ші бөлмесі «Тарихи бөлме» деп аталады. Өйткені бұл бөлмеде 1916 жылы Торғай облысында патша жарлығына қарсы көтеріліске шыққан Амангелді батырдың жеке портреті және атамыздың оған арнаған өлең жолдары, Жетісу өңірінде көтеріліске шыққан Бекболат Әшекейұлы сынды көшбасшылардың суреттері, Ораз Жандосовтың ата-анасының суреттері сақталған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

1913 жылы Романовтар әулеті 300 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл тойға Жетісу ақын-жыршыларын Жамбыл атамыз бастап барады. Сол кезде Жамбыл атамыз 67 жасында тұңғыш рет фотосуретке түседі.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жебелі садақ, қылыш, қанжар.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Айбалта, шоқпар.

Жамбыл атамыздың үйіндегі соңғы 12-ші бөлмесі. Мұнда тұрған қару-жарақтарды Жамбыл ата өзі қолданбаған. Өздеріңіз білетіндей, Жамбыл Жабаев Өтеген, Сұраншы, Саурық, Қарасай сынды батырларды көптеп жырлаған, соларға үлкен-үлкен дастандар арнаған. Осы поэмаларға көрініс ретінде қазақ халқының 5 қаруы қойылған.

Осымен Жамбыл атаның үйі аяқталып, 1996 жылы ақынның әлемдік деңгейде тойланып өткен 150 жылдық мерейтойында жанама салынған бөлмелер басталады.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бұл ақынның әр жылдары киген шапандары. Оңнан солға қарай 1-ші көзі тірісінде киген сырма шапаны, ортадағы шапанды 2011 жылы 165 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл атамыздың ұстазы Сүйінбай Аронұлының шөбересі ҚазҰУ-дың қазақ филологиясы факультетінің профессоры Сұлтанғали Садырбаевтың берген сыйы, 3-ші шапанды көзі тірісінде өзбек ақын-жазушылары сыйлаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

«Жамбыл ата ат үстінде», Хәкімжан Наурызбаев.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қолының тамырларына дейін адамдікіндей етіп істелген Жамбыл ата мен Дина апаның балауыз мүсіндері. Бұл алматылық «Пернегүл» ательесінің шеберлері Пернегүл Абдуллаева мен Абдразақ Әлменовтердің жасаған туындылары 2007 жылдың тамыз айында мұражайға сыйланған. Ал артындағы панораманы Алматы «Заман-ТУ» фирмасының суретшілері жасаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл атаның қызырлы қызыл жолбарысымен бейнеленген бұл туындыны 1996 жылы Тоққожа Қожағұлов салған.

Қызырлы қызыл жолбарыс аңыз емес, шындық. Ақынның айтуы бойынша бұл жолбарыс оның өзіне ғана көрінеді екен. Аттың үстінде кетіп бара жатқанда иттің бейнесінде, көлікте кетіп бара жатқанда аспандағы бұлттар бейнесінде көрінетін болған. Жамбылдың жанына жолбарыс келіп жантайғанда оған шабыт келіп, домбырасын қолына алып, гуілдетіп өлең шығара бастаған және шығарған өлеңдерін ұмытпай, есінде сақтап отырған екен.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Мұражайда 1938-1945 жылдар аралығында түсірілген фотосуреттердің барлығы үлкейтіліп қойылған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев шәкірттерінің фотосуреттері.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Атаның кісе белдігі мен құлаққа киген құлаққабы және домбырасының тиегін салатын қобдишасы.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қазіргі уақытта ақынның шығармалары 44 тілге аударылған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Суретте грузин баласы Жамбыл.

Грузияға Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасының 750 жылдығына барғанда Шота Руставелидің отбасында кішкентай сәби дүниеге келген екен. Соның есімін Жамбыл деп атапты.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Көзінің тірісінде алған орден, медальдары. Ақын екінші дәрежелі Сталиндік премиямен наградталған және Ленин орденімен, Құрмет белгісі, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Сонымен қатар депутат та болып сайланған.

Жамбыл Жабаев 1938 жылы депутат болып сайланған кезде депутаттық сессиялық мандатын өлең жолдарымен ашып тарихта қалған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбылдың көзі тірісінде аудармашылары да болған. Шығармаларын орыс тіліне П.Кузнецов, Д.Снегин аударған болса, ұйғыр, қытай, татар тілдеріне Қадыр Хасенов аударған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Залдағы қабырғада көзінің тірісінде қазақ үйінің ішінде ілулі тұрған қолдан тоқылған басқұр.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова Жамбыл ақынға жиі келіп тұрған. Оны қызындай көріп, қызғалдағым деген ақын:

«Қызым келді жаныма қызғалдақтай,

Жүрер ме екен кәрінің сөзі жақпай.

Сені тапқан анаңнан айналайын,

Бір міні жоқ мүсінінде арғымақтай, — деп оған өлең жолдарын да арнаған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Соғыс жылдарында ақынның «Ленинградтық өренім» атты өлені жарық көрген. Сөйтіп ол үйлердің қабырғаларымен бірдей үлкен афишаларда Ленинградтың әрбір бұрышында ілулі тұрған. Сол мезетте бұл өлең орыс тіліне аударылып, радиодан беріліп, Ленинградтық блокада батырларына рух, дем берді. Ленинградтықтар бір үзім нан емес, атамыздың шығарған өленің қойнына салып сақтаған екен. Риза болғандары соншалық, соғыс аяқталғаннан кейін қалталарындағы барлық тиындарын жинап, ауылға кіреберістегі бірінші көшедегі зәулім үйлерді осы ленинградтықтар Жамбылдың аруағына бағыштап салып берген екен. Бұл өлеңнің өте кішірейтілген түрі.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Атамыздың келін, немерелерімен түскен суреттері.

Ортаңғы суретте ақынның ең үлкен немере қызы Ділдәхан. Ол 2012 жылы 90 жасқа келіп дүниеден озды.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаевтың 100 жылдық мерейтойына шыққан афиша.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

1996 жылы аталынып өткен 150 жылдық мерейтойына шыққан афиша және фото-альбом.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ұлдарымен. Солдан оңға қарай Алғадай, Тезекбай, Ізтілеу.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Қақаз суретшісі Аткнимнің жібек матаға жібек жіппен кестелеп 4 жыл тоқыған құнды портреті.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Депутат Жамбыл

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Армян мүсіншісі Баровскидің 1996 жылы жасаған туындысы.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаевтың қазіргі уақытта да жүріп тұрған Н-1 маркалы машинасы. 1936 жылы Мәскеудің «Молотов» зауытынан шыққан ең алғашқы москвичті 1938 жылы Жамбылға үймен бірге өкімет сыйлаған. Ол уақытта ақын қарт адам болғандықтан өзінің Нағашыбек деген жеке жүргізушісі болған.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл ата 1945 жылы 22 маусымда сағат 7:55-те қайтыс болған екен. Өзінің өтініші бойынша үйінің артындағы алма бағында жерленген.

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу


Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Фото автордікі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға