Жаңалықтар

Референдум: Дауыс беруге құқығы бар азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр

Референдум: Дауыс беруге құқығы бар азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 01.10.2024 16:03 159

Орталық референдум комиссиясының отырысында үш мәселе қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдумға 30 шет мемлекеттен 75 және 4 халықаралық ұйымнан 102 байқаушы ресми түрде қатысатынын, барлығы 177 байқаушы екенін жеткізді.

Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан міндеттемелердің сақталуына ықпал етеді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, - деді орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ алдағы науқанға қатысушылардың дауысы маңызды екенін ескере отырып, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың әрқайсысын референдумға жеке-жеке шақыруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.

Шақырудың бірыңғай үлгісін біз аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп әзірледік. Дауыс беруші азаматтарды референдумға арнайы шақыру тікелей учаскелік референдум комиссияларының мүшелерінің міндеті, - деді Нұрлан Әбдіров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға