Жаңалықтар

Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті

Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті де жарасымды. Бұрын мұндай дуэттің болған-болмағаны жайында біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Бұл екі аспаптың үнін үйлестіру тіптен оңайға да түспеді. Шаңқобыз, сыбызғыда ойналатын мелодияның регистріне қарай күйге келтірілуі тиіс. Қосылып ойнағанда сыбызғы жетекші ролін атқарады да, шаңқобыз сүйемелдеу қызметін атқарады. Әсіресе, ырғағы ашық-айқын күйлер мен әндер бүл дуэтке жақсы келеді. Профессор А. Жүбановтың айтуына қарағанда, сыбызғышы Ысқақ Уәлиев оркестрде түтігі кіші октаваның сибемольіне келтірген және дыбыс қатары минорлық болған сыбызғымен ойнаған көрінеді. Біз тәжірибеде көз жеткізу үшін нақ осылайша күйге келтірілген сыбызғы жасадық. Аспаптың қүлақ күйін әр түрлі тонда тексеріп көргеннен кейін халық күйлерін оркестрде орындау үшін бұдан қолайлысы жоқ екен деп таптық. Сонымен қатар оркестрде негізгі тонын кіші октаваның фа дыбысына келтіруге болады. Сыбызғыны жасау процесін баяндай кетелік. Ұзындығы—797 мм, жуан жақ ұшынық диаметрі—17 мм, жіңішке жақ үшының, диаметрі—11 мм, ішкі қуысы тазартылған қурайды алып, оның жуан жақ үшын сүйірледік. Сонда түтіктің негізгі дыбысы кіші октаваның соль дыбысы болып шықты. Қүлан күйін си-бемольға дейін көтеру үшін түтікті жіқішке жағынан 121 мм қысқарту жәнетөрт ойық жасау қажет болды. Ойықтардың ара қашықтығын тәжірибе жүргізіп барып анықтадық. Негізгі дыбысы — кіші октаваның ля дыбысы болып келетінін, бүрынғыларына қарағанда, бүл сыбызғы төменгі регистрде күштірек және жоғары регистрде анығырақ дыбыс береді. Аспаптың диапазоны кіші терцияға ұлғайтылды. Ойнаған кезде түтіктің үшы тіске тигеннен қайрылып қалуы мүмкін, ал енді мүны болдырмау үшін түтіктің үшына мүштік кигізіп қойған жөн. Оркестрде негізгі тондары әр түрлі бірнеше сыбызғыны пайдалануға болады. Егер сыбызғының бүйіріне бес ойық ойылатын болса, онда бесінші ойықты бірінші мен екіншінің аралығына жасау керек, сонда бірнеше қосымша дыбыс алынатын болады. Бес ойықты түтік орта және жоғарғы регистрлерде дыбысты хроматикалық түрғыда жүйелеп шығарады. Алты ойығы бар түтік тек *'орта регистрден ғана хроматикалық, дыбыс қатарын туғызады. Алтыншы ойық бірінші ойықтан төменірек жасалмақшы. Сыбызғының төменгі регистрінен бастап хроматикалық дыбыс қатарын алу үшін, он бір ойық керек, ол үшін клапандар болуы шарт. Осылайша бүл аспаптың оркестрдегі техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтуге әбден болады. Пайдаланған әдебиет "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
18.10.2013 04:11 3442

Сыбызғы мен шаңқобыздың дуэті де жарасымды. Бұрын мұндай дуэттің болған-болмағаны жайында біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Бұл екі аспаптың үнін үйлестіру тіптен оңайға да түспеді. Шаңқобыз, сыбызғыда ойналатын мелодияның регистріне қарай күйге келтірілуі тиіс. Қосылып ойнағанда сыбызғы жетекші ролін атқарады да, шаңқобыз сүйемелдеу қызметін атқарады. Әсіресе, ырғағы ашық-айқын күйлер мен әндер бүл дуэтке жақсы келеді.

Профессор А. Жүбановтың айтуына қарағанда, сыбызғышы Ысқақ Уәлиев оркестрде түтігі кіші октаваның сибемольіне келтірген және дыбыс қатары минорлық болған сыбызғымен ойнаған көрінеді. Біз тәжірибеде көз жеткізу үшін нақ осылайша күйге келтірілген сыбызғы жасадық. Аспаптың қүлақ күйін әр түрлі тонда тексеріп көргеннен кейін халық күйлерін оркестрде орындау үшін бұдан қолайлысы жоқ екен деп таптық.

Сонымен қатар оркестрде негізгі тонын кіші октаваның фа дыбысына келтіруге болады.

Сыбызғыны жасау процесін баяндай кетелік. Ұзындығы—797 мм, жуан жақ ұшынық диаметрі—17 мм, жіңішке жақ үшының, диаметрі—11 мм, ішкі қуысы тазартылған қурайды алып, оның жуан жақ үшын сүйірледік. Сонда түтіктің негізгі дыбысы кіші октаваның соль дыбысы болып шықты. Қүлан күйін си-бемольға дейін көтеру үшін түтікті жіқішке жағынан 121 мм қысқарту жәнетөрт ойық жасау қажет болды. Ойықтардың ара қашықтығын тәжірибе жүргізіп барып анықтадық.

Негізгі дыбысы — кіші октаваның ля дыбысы болып келетінін, бүрынғыларына қарағанда, бүл сыбызғы төменгі регистрде күштірек және жоғары регистрде анығырақ дыбыс береді. Аспаптың диапазоны кіші терцияға ұлғайтылды. Ойнаған кезде түтіктің үшы тіске тигеннен қайрылып қалуы мүмкін, ал енді мүны болдырмау үшін түтіктің үшына мүштік кигізіп қойған жөн.

Оркестрде негізгі тондары әр түрлі бірнеше сыбызғыны пайдалануға болады.

Егер сыбызғының бүйіріне бес ойық ойылатын болса, онда бесінші ойықты бірінші мен екіншінің аралығына жасау керек, сонда бірнеше қосымша дыбыс алынатын болады. Бес ойықты түтік орта және жоғарғы регистрлерде дыбысты хроматикалық түрғыда жүйелеп шығарады. Алты ойығы бар түтік тек *'орта регистрден ғана хроматикалық, дыбыс қатарын туғызады. Алтыншы ойық бірінші ойықтан төменірек жасалмақшы.

Сыбызғының төменгі регистрінен бастап хроматикалық дыбыс қатарын алу үшін, он бір ойық керек, ол үшін клапандар болуы шарт. Осылайша бүл аспаптың оркестрдегі техникалық мүмкіншіліктерін кеңейтуге әбден болады.

Пайдаланған әдебиет

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға