Референдум күні қоғамдық көліктер тегін болады

 ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз