Жаңалықтар

Сыбызғының құрылысы

Сыбызғының диатоникалық дыбыс құрылысы түтіктің ұзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады. Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады. Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы. Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы. Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы. Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше, регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы. Халық музыканттары үрлеу күшін өзгерту арқылы көп дыбыс шығара алған. Дыбыстардың жүйесін зерттей келе біздің көзіміз мынаған жетті: сыбызғыда ойнаушы халық шеберлері бұл дыбыс қатарын таңдауы өте орынды екен, өйткені осы арқылы дыбыстың тиімді жүйесіне қол жетеді. Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады. Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге ұқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді. Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады. Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында . А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады. Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып тұрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді. Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары. Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады. Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді. Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды. 1934 жылы Құрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды к,ыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез». "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
18.10.2013 04:08 5926

Сыбызғының диатоникалық дыбыс құрылысы түтіктің ұзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады.

Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады.

  • Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы.
  • Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы.
  • Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы.

Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше, регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы.

Халық музыканттары үрлеу күшін өзгерту арқылы көп дыбыс шығара алған. Дыбыстардың жүйесін зерттей келе біздің көзіміз мынаған жетті: сыбызғыда ойнаушы халық шеберлері бұл дыбыс қатарын таңдауы өте орынды екен, өйткені осы арқылы дыбыстың тиімді жүйесіне қол жетеді.

Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады.

Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге ұқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді.

Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады.

Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында . А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.

Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып тұрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді.

Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары.

Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады.

Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді.

Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды.

1934 жылы Құрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды к,ыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез».

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға