Жаңалықтар

Сыбызғы жайында ғалымдар пікірі

XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты: «Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бүл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бүл аспаптың жіңішке үшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезек пе кезек ашып-жауып түрады, ал екінщі қолымен, қажет болған кезде түтіктін, төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мүндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады». Бүл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мүнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, ейткені біз мүндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз. А. Гейнс сирек кездесетін құбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бұл жайында ол былай деп жазады: «...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен қүрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мүндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мүңды сазына рахаттана қүлақ түреді». КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардын, бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен. Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген: «Қазақтың флейтаға үқсас бүл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі үшында үш ойық бар». Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бүл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең үшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды. Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан. Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен қүрсауланған. Қораптың бір жақ үшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған. Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бүдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен. Монғолиядағы қазақтардың ішінде күні бүгін де сыбызғы ойнайтындары көп көрінеді. Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
18.10.2013 04:07 6578

XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты:

«Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бүл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бүл аспаптың жіңішке үшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезек пе кезек ашып-жауып түрады, ал екінщі қолымен, қажет болған кезде түтіктін, төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мүндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады».

Бүл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мүнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, ейткені біз мүндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз.

А. Гейнс сирек кездесетін құбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бұл жайында ол былай деп жазады:

«...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен қүрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мүндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мүңды сазына рахаттана қүлақ түреді».

КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардын, бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен.

Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген:

«Қазақтың флейтаға үқсас бүл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі үшында үш ойық бар».

Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бүл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең үшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.

Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан.

Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен қүрсауланған. Қораптың бір жақ үшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған.

Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бүдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен. Монғолиядағы қазақтардың ішінде күні бүгін де сыбызғы ойнайтындары көп көрінеді.

Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі.

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға