Жаңалықтар

Біз кейде өзімізді-өзіміз көп сынаймыз да, басқаға келгенде тым сыпайымыз

Ал шындығында халқымыздың жазушының суреттегеніндей амандық-саулық сұрауы өмірден алынған нәрсе. Иә, бір кезде қауқылдасып амандасып, құшақтасып көрісетін ақкөңіл, бауырмал қазақтардың арасынан бүгінде тілін, ділін, дәстүрін мансұқ етуді дағдыға айналдырғандардың көптеп ұшырасып, жұқпалы індеттей дендеп бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Мұның мемлекет қауіпсіздігіне де қатысы бар екені айтпаса да түсінікті шығар. Өйткені тіл, дін, діл, дәстүр жоқ жерде ұлт, халық деген ұғым да жойылып, көпшілік қара-құрым тобырға айналады. Ал тобырдың жүрген жері топалаң екені әлімсақтан белгілі. Бұл жөнінде көрнекті ғалым Рахманқұл Бердібайдың биылғы жылдың наурыз айында «Жас қазақ» газетінде жарияланған «Хазария қасіреті» деген мақаласында дәйекті мысалдар келтірілген. Онда ғалым бір кезде іргелі ел болған Хазарияның тілге, дінге, дәстүрге мән бермеу салдарынан азып-тозып, ақырында жер бетінен жойылып кеткенін нақты дәлелдермен әңгімелейді. «Хазарияның қасіреті қандай мемлекеттің де іргесі бүтін болуы халықтың басым көпшілігі тұтынып келген дін мен тілдің беріктігіне тәуелді екеніне мән бермей, дүниенің әр бұрышынан келген миссионерлердің жетегінде кеткендігіне байланысты», - деп түйіндейді автор. Бұдан шығатын қорытынды: тәуелсіз мемлекет атанған он жылда қол жеткізген табыстарымызға шүкіршілік ете отырып, болашаққа көз тіккенде Қазақстан деген қасиетті ұғымның бет-бейнесін жоғалтып алмау жағын қатты ойластыруымыз қажет. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде Үкіметтің электронды ақпарат құралдары арқылы берілетін шетел хабарларын шектеуге жасалған батыл қадамы өте-мөте құптарлық. Мұны айтып отырған себебім, біз кейде өзімізді-өзіміз көп сынаймыз да, басқаға келгенде тым сыпайымыз. Теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарларды сойып саламыз, эфирден сөйлейтін қазақ журналистері мен дикторларын да ұнатпаймыз. Біреуінің түр-тұлғасы ұнамайды, беруінің сөйлеген сөзінен мүкіс табамыз. Әйтеуір отырса опақ, тұрса сопақ. Аудармашы байқұстарға тіпті күн жоқ. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме. Осынымыз кейде жығылып жатып, сүрінгенге күлгендей болып шықпай ма? Қазақ тілі Қазақстанда бүгінгі орыс тілінің дәрежесіндей деңгейге жеткен кезде қалай сынасақ та жарасар еді деген ойдамын. Ал әзірше «Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» деп бабаларымыз айтып кеткендей, өз тілімізді өгейсітпеу жағын көбірек қаузасақ нұр үстіне нұр. Орынбек Жолдыбай
22.07.2013 05:45 3104

Ал шындығында халқымыздың жазушының суреттегеніндей амандық-саулық сұрауы өмірден алынған нәрсе.

Иә, бір кезде қауқылдасып амандасып, құшақтасып көрісетін ақкөңіл, бауырмал қазақтардың арасынан бүгінде тілін, ділін, дәстүрін мансұқ етуді дағдыға айналдырғандардың көптеп ұшырасып, жұқпалы індеттей дендеп бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Мұның мемлекет қауіпсіздігіне де қатысы бар екені айтпаса да түсінікті шығар. Өйткені тіл, дін, діл, дәстүр жоқ жерде ұлт, халық деген ұғым да жойылып, көпшілік қара-құрым тобырға айналады. Ал тобырдың жүрген жері топалаң екені әлімсақтан белгілі. Бұл жөнінде көрнекті ғалым Рахманқұл Бердібайдың биылғы жылдың наурыз айында «Жас қазақ» газетінде жарияланған «Хазария қасіреті» деген мақаласында дәйекті мысалдар келтірілген. Онда ғалым бір кезде іргелі ел болған Хазарияның тілге, дінге, дәстүрге мән бермеу салдарынан азып-тозып, ақырында жер бетінен жойылып кеткенін нақты дәлелдермен әңгімелейді. «Хазарияның қасіреті қандай мемлекеттің де іргесі бүтін болуы халықтың басым көпшілігі тұтынып келген дін мен тілдің беріктігіне тәуелді екеніне мән бермей, дүниенің әр бұрышынан келген миссионерлердің жетегінде кеткендігіне байланысты», - деп түйіндейді автор.

Бұдан шығатын қорытынды: тәуелсіз мемлекет атанған он жылда қол жеткізген табыстарымызға шүкіршілік ете отырып, болашаққа көз тіккенде Қазақстан деген қасиетті ұғымның бет-бейнесін жоғалтып алмау жағын қатты ойластыруымыз қажет. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде Үкіметтің электронды ақпарат құралдары арқылы берілетін шетел хабарларын шектеуге жасалған батыл қадамы өте-мөте құптарлық.

Мұны айтып отырған себебім, біз кейде өзімізді-өзіміз көп сынаймыз да, басқаға келгенде тым сыпайымыз. Теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарларды сойып саламыз, эфирден сөйлейтін қазақ журналистері мен дикторларын да ұнатпаймыз. Біреуінің түр-тұлғасы ұнамайды, беруінің сөйлеген сөзінен мүкіс табамыз. Әйтеуір отырса опақ, тұрса сопақ. Аудармашы байқұстарға тіпті күн жоқ. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме. Осынымыз кейде жығылып жатып, сүрінгенге күлгендей болып шықпай ма? Қазақ тілі Қазақстанда бүгінгі орыс тілінің дәрежесіндей деңгейге жеткен кезде қалай сынасақ та жарасар еді деген ойдамын. Ал әзірше «Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» деп бабаларымыз айтып кеткендей, өз тілімізді өгейсітпеу жағын көбірек қаузасақ нұр үстіне нұр.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға