Жаңалықтар

Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ажырасты

Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ажырасты
Фото: видеодан алынған кадр 30.10.2024 11:17 2360

Күйеуінен азап көрген Карина Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін мәлімдеді.

Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек, – деді Карина Мамаш.

 

Карина Мамаш соңғы жайттардан кейн қорқып қалғанын, ұйқысы бұзылғанын мәлімдеді. Дағдарыс орталығына көшкен сәттен бастап алғашқы 3 айда тамақ ішпеген.

Түсімде жылап, айқайлап оянатынмын, анам мені оятады. Стрестен шошып қалдым. Демала алмай қалатынмын, ауа жетпейді. Кеуде тұсым мен жүрегім адам төзгісіз ауыратын. Балаларымды тастап кете алмаймын. “Олар менсіз қалай жүреді?" деген бір ғана ой маза бермейтін, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі БАӘ дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып, қзыметінен босатқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға