Жаңалықтар

Жанар Айжанова «Хутор бандысының» басшысы деген Хасанмен түскен суретіне пікір білдірді

Жанар Айжанова «Хутор бандысының» басшысы деген Хасанмен түскен суретіне пікір білдірді
Фото: коллаж El.kz 18.10.2024 10:47 9280

Танымал әнші Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші ол суреттің қашан түсірілгенін білмейтінін айтты.

Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап беріп отырмайтын шығармын. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды барып қол-аяғын байлап менің алдыма әкеліңдерші. «Жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын» деп, сұхбат беріп сайрап отыр ғой. Айтатынымды оған да айтамын. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазаның маған не қатысы бар. Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы түкен сурет, қай жерде түсірілген? Қасында тағы басқа да әншілер тұр, – деді әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде әнші Жанар Айжанова мен Хасан Қасымбаевтың бірге түскен суреті тараған еді. Соған байланысты желі қолданушылары өнер иесіне ауыр сөздер жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға