Жаңалықтар

Жанжалдан кейін келіні енесін пышақтап өлтірді

Жанжалдан кейін келіні енесін пышақтап өлтірді
Фото: iStock 13.11.2024 18:31 1253

Жаңасібірде келіні енесінің мойнына пышақ сұғып өлтіріп, бесінші сынып оқитын ұлын жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Telegram-арнасының хабарлауынша, Жаңасібірде 11 қараша күні 42 жастағы әйел 85 жастағы әжесімен бірге тұратын баласын көруге барған. Баласына қараушы болып жүрген енесімен сөзге келіп қалған ол зейнеткердің мойнына пышақ сұғып алған. Ауыр соққыдан енесі сол жерде жан тапсырады. Жантүршігерлік оқиға 5-сынып оқитын ұлының көзінше болды. Анасын тыныштандыруға тырысқан жасөспірім де жарақат алғаны айтылды. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі балаға шұғыл көмек көрсетті. Жасөспірім жақ сүйегі тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Баланың анасы қамауға алынды. Полиция "адам өлтіруге оқталу" және "адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. 

 
 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға