Жаңалықтар

Қалай болғанда да ойландырмай қоймайтын жағдай

Хабарды қорытындылаған жүргізушінің де (Г.Ерғалиева) пайымдаулары апама жездем сайдың төңрегінен шықты. Оның ойынша Қазақстанда әлі күнге дейін жөні түзу заң қабылданбаған, адам құқығы, қоғамды демократияландыру мәселелері де ойдағыдай емес көрінеді. Бұған «Көрмес – түйені де көрмес» дегеннен басқа не дерсің?! Қалай болғанда да ойландырмай қоймайтын жағдай. Жас жігіт ұлтты, тілді, дәстүрді мансұқтап отыр. Байысам болды, басқаның бәрі бос әурешілік дейді. Сонда бұл сабазыңның ұлт болып та, дәстүрді сақтап та баюға болатынын білмегені ме, әлде білсе де білмеген болып, біреулердің айтағымен шапқа түртіп отыр ма? Түсініксіз. Жер бетінде ұлттан, өз отанынан тыс тұрған байлар некен-саяқ. Бір кезде тауқыметтің тепкісінен, амалының жоқтығынан отанын тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған қандастарымыздың Қазақстанға аңсай көз тігіп отырғанын қайда қоямыз? Немесе мыңдаған жылдардан кейін қайта шаңырақ көтерген Израиль мемлекетіне дүние жүзінен отаным деп ағылған еврейлерді неге көрмейміз? Айтпақшы, мыңдаған жылдардан кейін еліне оралып, тіліне, дініне, дәстүріне тағзым етіп жатқан сол еврейлердің арасында біздің қазекеңдер де жүр. Мұны жуырда коммерциялық телеарнадан берілген «Басқа жағалаулар» деген хабардан көріп-білдім. Қазақстаннан Израильге қоныс аударып, сол елде өмір сүріп жатқан еврейлердің тыныс-тіршілігі туралы апта сайын беріліп тұратын осы хабардың кезекті біреуінен сөз сөйлеген әлгі қандасымыз, өзінің таза қазақ екенін, мұнда қайынатасымен бірге қоныс аударғанын, әйелінің еврей екендігін, бұл елде еврей тілін білмесең өмір сүру мүмкін еместігін, бүкіл отбасымен еврей тілін үйреніп жүргендерін, қазір бүл тілді әжептәуір меңгеріп қалғандарын майын тамыза әңгімелеп берді. Эфирде жайраң қағып, мәз-мәйрам болып тұрған оның тұла бойынан қазақ тілін, дәстүрін былай қойғанда, Қазақстан, ұлт, отан деген ұғымның нышаны да жоқ екені анық аңғарылды. Осыны адам таң қалатын нәрсе емес деп айта алар ма едіңіз? Мұндай намыссыздық пен шерменделікті тағдырдың біздің ұлтқа «сыбаға» етіп тартқаны күйіндіреді. Қазақ әдебиетінің классигі Ғ. Мүсірепов өзінің әйгілі «Оянған өлке» романында қазақтардың бір-бірімен амандық-саулық сұрасуын суреттейді. Халқымыздың амандасу рәсіміне жазушы шығармасының 1,5 бетін арнаған. Амандаспақ түгілі ернін жыбырлатудан да қала бастаған бүгінгі заман адамдарына бұл әсірелеу сияқты болып көрінуі мүмкін.
22.07.2013 05:37 3481

Хабарды қорытындылаған жүргізушінің де (Г.Ерғалиева) пайымдаулары апама жездем сайдың төңрегінен шықты. Оның ойынша Қазақстанда әлі күнге дейін жөні түзу заң қабылданбаған, адам құқығы, қоғамды демократияландыру мәселелері де ойдағыдай емес көрінеді. Бұған «Көрмес – түйені де көрмес» дегеннен басқа не дерсің?!

Қалай болғанда да ойландырмай қоймайтын жағдай. Жас жігіт ұлтты, тілді, дәстүрді мансұқтап отыр. Байысам болды, басқаның бәрі бос әурешілік дейді. Сонда бұл сабазыңның ұлт болып та, дәстүрді сақтап та баюға болатынын білмегені ме, әлде білсе де білмеген болып, біреулердің айтағымен шапқа түртіп отыр ма? Түсініксіз.

Жер бетінде ұлттан, өз отанынан тыс тұрған байлар некен-саяқ. Бір кезде тауқыметтің тепкісінен, амалының жоқтығынан отанын тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған қандастарымыздың Қазақстанға аңсай көз тігіп отырғанын қайда қоямыз? Немесе мыңдаған жылдардан кейін қайта шаңырақ көтерген Израиль мемлекетіне дүние жүзінен отаным деп ағылған еврейлерді неге көрмейміз?

Айтпақшы, мыңдаған жылдардан кейін еліне оралып, тіліне, дініне, дәстүріне тағзым етіп жатқан сол еврейлердің арасында біздің қазекеңдер де жүр. Мұны жуырда коммерциялық телеарнадан берілген «Басқа жағалаулар» деген хабардан көріп-білдім.

Қазақстаннан Израильге қоныс аударып, сол елде өмір сүріп жатқан еврейлердің тыныс-тіршілігі туралы апта сайын беріліп тұратын осы хабардың кезекті біреуінен сөз сөйлеген әлгі қандасымыз, өзінің таза қазақ екенін, мұнда қайынатасымен бірге қоныс аударғанын, әйелінің еврей екендігін, бұл елде еврей тілін білмесең өмір сүру мүмкін еместігін, бүкіл отбасымен еврей тілін үйреніп жүргендерін, қазір бүл тілді әжептәуір меңгеріп қалғандарын майын тамыза әңгімелеп берді. Эфирде жайраң қағып, мәз-мәйрам болып тұрған оның тұла бойынан қазақ тілін, дәстүрін былай қойғанда, Қазақстан, ұлт, отан деген ұғымның нышаны да жоқ екені анық аңғарылды.

Осыны адам таң қалатын нәрсе емес деп айта алар ма едіңіз? Мұндай намыссыздық пен шерменделікті тағдырдың біздің ұлтқа «сыбаға» етіп тартқаны күйіндіреді.

Қазақ әдебиетінің классигі Ғ. Мүсірепов өзінің әйгілі «Оянған өлке» романында қазақтардың бір-бірімен амандық-саулық сұрасуын суреттейді. Халқымыздың амандасу рәсіміне жазушы шығармасының 1,5 бетін арнаған. Амандаспақ түгілі ернін жыбырлатудан да қала бастаған бүгінгі заман адамдарына бұл әсірелеу сияқты болып көрінуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға