Қазақстан 168 млрд теңге қарыз алмақ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
13.11.2024 16:03
345
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша несиелік келісімге 2024 тамызында Астанада қол қойылған.
Азия банкі Қазақстанға 52,3 млрд йенді (167,4 млрд теңге) 15 жылға береді, - деді Савельева.
Оның айтуынша қаражат Қазақстанға экономиканы орнықты дамыту үшін керек. Республикалық бюджет тапшылығының мөлшері бекітілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға