Жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысындағы прокурорлар қызметтен кетті

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысындағы прокурорлар қызметтен кетті
Фото: Gov.kz 18.10.2024 16:31 4720

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Е.Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды, - делінген мәліметте.

Ведомство мұндай шешімге қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болғанын алға тартқан.

Еске сала кетсек, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға