Жаңалықтар

«Осы жағдай мені қынжылтады»: Прокурор Айжан Аймағанова жан сырын ақтарды

«Осы жағдай мені қынжылтады»: Прокурор Айжан Аймағанова жан сырын ақтарды
Фото: Бас прокуратура 27.10.2024 00:26 4141

Әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова көпшілікке жан сырын ақтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көп нәрсені көңілдегін сіздерге шығарайын деп едім, жүрегіме сыймай жүр. Осы жарты жылда өмірге деген көзқарасым күрт өзгерді - мен көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады. Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырыспаған адаммын, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Абай айтқандай, «өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден». Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен. Осы таныстықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, өкінішке орай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді. Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе - адам болуға ұмтылыс. Пост жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздердің сынды қабыл аламын. Бірақ, шынымды айтсам, пост жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті, - деп жазды прокурор Айжан Аймағанова.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.

Бас прокурордың ұсынуымен мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға