Жаңалықтар

Ассамблеяның қалыптасу тарихындағы Елбасының рөлі

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының бірлігін сақтап қалуда үлкен қадамға барды. Ол басқа елдерде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, барлық этнос өкілдерін бір шаңырақтың астында бейбіт өмір кешуге жағдай жасады.
25.02.2015 10:12 6967

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында Ассамблея көптеген этностар арасындағы өзара сыйластық пен татулықтың бірегей институтына айналып үлгерді. Қазақстан халқы Ассамблеясы әлем қызыға қарайтын, үлгі тұтарлық құрылым дәрежесіне жетті. Бұған біз әуелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл – халқымыздың, этностарымыздың, Тұңғыш Пре­зи­дентіміз Нұр­сұл­тан Назарбаев­тың өлшеусіз еңбегінің жемісі.

Ассамблеяның қалыптасу тарихындағы Елбасының рөлі

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқының бірлігін сақтап қалуда үлкен қадамға барды. Ол басқа елдерде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, барлық этнос өкілдерін бір шаңырақ астында бейбіт өмір кешуге жағдай жасады. Бүгінде бұл қоғамдық институт елдегі тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың мызғымас тұғырына айналып отыр.

1992 жылы Алматы қаласында өткен Қа­зақ­стан халқының бірінші форумында Елба­сы ассамблея құру туралы ойын білдірген еді. Сол кезден бері Елбасымыз ешбір мемлекетте жоқ халықтар достығын сақтау саясатына оң көзқарас танытып келеді. Мұндай ұйым басқа қай елде бар екен? Тәжірибе көрсет­кендей, Қазақстанда құрылған Ассамблея пост-кеңестік мемлекеттердің ешқайсысында жоқ. Бұл Қазақстан үшін, Қазақ елінің ауасын жұтып, суын ішіп жүрген қаншама ұлт пен этнос өкілдері үшін ең батыл қадам іспеттес еді. Сөйтіп, Қазақстан Президентінің “Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы” Жарлығымен 1995 жылдың 1 наурызында елдегі қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту мақсатында аталған қоғамдық институт құрылып, ол Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы кеңесші орган болды. Міне, сол уақыттан бері Ассамблея мін­бе­рі әр түрлі этностың ашық алаңына ай­нал­ды.

Қазақ­стан­ның Ассамблея құрудағы тәжірибесін көптеген мем­лекеттер қолданып отыр. Мәселен, 2003 жылы сол тұстағы Ресей халықтары ассам­блея­сы атқарушы комитетінің төрағасы ұлты тува Ч.Ондармен: “Біз өз ассамблеямызды Қазақстанның тәжіри­бе­сіне сүйеніп құрдық”, деп атап өткен болатын. Ал, Ресей Федерациясы халықтары ассамблея­сы­ның төрағасы Рамазан Қажымұратұлы Әбду­лә­тіпов: “Біз Ресей халықтары ас­сам­блеясын Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның құжаттары мен мол тәжірибесі негізінде құрған бола­тын­быз. Себебі, Қазақстан халқы Ассамблеясы бізден үш жыл бұрын құрылған еді. Біз одан көп нәрсе үйрендік, бірақ әлі күнге дейін Қазақстанның деңгейіне жете алмай келеміз. Мен сіздерге қызығамын. Өйт­кені, сіздердің Ассамблеяларыңызды Пре­зиденттің өзі бас­қара­ды. Сондықтан сіз­дерде барлық жағынан мүм­кіндік жоғары”, де­генді айтты. Шы­нын­да да, Әбду­лә­тіпов мырзаның сөзінің жаны бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған­нан кейін әрбір этностың өз мәдениет бір­лестіктері ашыла бастады. Тек мәдени бірлестіктер құрылғаннан кейін ғана әр этнос өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін мең­геруге бет бұрды. Этностардың өз жәдігер­лері­мен қауышуына Ассамблеяның қолдауы мен көмегі толыққанды мүмкіндік туғызды. Бұған, әлбетте, әу баста Елбасының жанынан кеңесші орган ретінде құрылған ҚХА-ның уақыт өте келе конституциялық орган дәрежесін алғаны септігін тигізді. Демек, Ассамблеяның негізгі бағыты – мәде­ни-ағартушылық – тілдер мен ұлттық мә­дениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаң­ғырту және насихаттау; тәрбиелік – қазақ­стандық және ұлттық отансүйгіштікті қалып­тастыру; этносаралық қатынастарды қада­ға­лау негізінде ұлтаралық татулық пен келі­сім­ді нығайту; Қазақстанды мекен еткен этнос­тар өкілдері арасында достық қарым-қаты­нас­тардың дамуына негіз болатын мемле­кет­тік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау.Ассамблеяның мұрындық болуымен Қазақстанның әр аймағынан тіл үйрететін 300-дей жексенбілік мектеп ашылды. Әр этнос өкілі қазақ тілін біліп қана қоймай, өз ана тілін де құрмет тұтқаны дұрыс. 

Ұлттар арсындағы татулықтың тұғырын орнатқан Елбасымыз: “Кез келген партия бол­сын, қоғамдық ұйым болсын барша қазақ­стандықтардың мүд­десі үшін жұмыс істейді емес пе? Сондықтан мен барлық сая­си партиялар мен қоғамдық бір­лестіктерге елдің дамуы мен ұлттық бірліктің тиім­ді жол­дарын іздестіруге септесетін өзара іс-қимылдың жаңа үлгісін әзірлеуді ұсынамын”, – деген сөздерін ерекше атап өту керек. Еуразия кеңістігінің нақ ортасынан орын алған елімізде әртүрлі партиялар, этностар өкілдері діни ұйымдар, үкіметтік емес ұйым­дар өз қызметтерін жүргізіп жатыр. Алайда, олардың барлығы өздерін жеке-жеке ұйым не­месе одақ түрінде сезінбей, “Біз – Қазақ­стан азаматымыз!” деген асқақ рухта болуы тиіс.

Қазақтың кең пейілі, тарихи төзімі мен ұлтаралық татулық негізінде Тәуелсіз Қазақ­станда саяси тұрақтылық берік орнықты. Біздің бұл өнегемізді әлемнің аса беделді сарапшылары мен халықаралық ұйымдары бірауыздан әлем халықтарына үлгі боларлық басты жетістігіміз деп мойындады. Мемлекет басшысының сарабдал да салиқалы саясаты арқасында дүние жүзінде ешкімге ұқсамай­тын, тек қана өз еліміздің ішкі ерекшелік­тері­нен туындайтын уақыт сынынан сүрінбей өткен саяси, әлеуметтік, экономикалық және ұлттық дамудың қазақстандық моделін қа­лыптастырдық. Бұл барша қазақстандық­тар­дың абырой-беделін бұрын-соңды жетпеген биікке көтеріп, осы мемлекетке негіз болған ұлтымыздың дарқан мінезі мен парасатын күллі әлемге паш етті. Қазақ халқы өзінің ерек­ше қасиетінің арқасында елімізді ме­кен­деген этностардың басын қосып, мемлекет құраушы ұлт, тәуелсіз ел бола алатынын көрсетті.


Жансұлу Құттымұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға