Жаңалықтар

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Қанат Бозымбаев қарсы алды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Қанат Бозымбаев қарсы алды
Фото: primeminister.kz 03.07.2024 13:07 295

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға