Жаңалықтар

Қазақ жазуының жағдаяттары жөнінде

    Соңғы кездегі болып жатқан өзгерістер қазақ тілін де айналып өтпегені көпке белгілі. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, оның дамуына және аясының кеңеюіне біраз жағдайлар жасалынуда. Алайда осы жүргізіліп жатқан істер мен шаралардың қолға ұстатқандай нәтижесі көріне қойған жоқ. Әзірге, сірә, көріне де қоймас. Халқымыздың қазіргі жағдайын ескеретін болсақ, бұл шаралар келер ұрпаққа арналған. Бұдан шығатын түйін − асықпай, жан-жақты, жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет. Сол шаралардың бірі, негізгісі − алфавитті ауыстыру деп ойлаймын. Бұл шаруа мектеп ашудан да, тіл үйретуден де маңызды. Қазақ тіліндегі қолданылып жүрген алфавит орыс графикасы негізінде 1940 жылы қабылданған. Оның алдында 11-12 жыл латын жазуын қолданған болатынбыз. Бір таңғаларлық жәйт − КСРО халықтарының басым көпшілігі бірдей уақытта орыс жазуына ауыса қойғаны. Бұл құбылысты ерікті түрде болды дей қою орынсыз.   Бір ескеру керек нәрсе, орыс жазуы бізге жаман жағынан келді деуге болмайды. Осы 50 жыл тіліміз бен әдебиетіміз реттеліп, толығып, кейбір салаларда қарыштап дамыды. Орыс графикасы қазақ үшін араб жазуынан гөрі прогресті болғаны сөзсіз. Дейтұрғанмен, 1928-1940 жылдардағы латын жазуын жетілдіре түскенде, қазақ топырағына жерсіндірілген тәп-тәуір алфавит болар еді, сонда орыс жазуына көшудің қажеттілігі шамалы болатын. Жаппай орыс жазуына көшу іс жүзінде ұлы орыстық национал-большевиктік саясаттың жемісі еді. Қазіргі қойылып жүрген талаптардың дені − тіл төңірегіне тоқайласады. Фамилияны, жер-су атауларын қазақыландыру жеме-жемге келгенде жазуға келіп тіреледі. Үйдің іргетасын дұрыс салмай, үй тұрғызуға болар, бірақ сол үйдің, көп ұзамай, құлап қалуы ғажап емес. Жазу да фундамент сияқты, түпнегізін реттеп алмай тілді қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан орыс жазуы қазақ тарихында өзінің миссиясын толық орындады деп есептеп, онымен қоштасуымыз керек.  Соңғы мәліметтер бойынша, қазақ халқы республика халқының тек 41% құрайды. Бүкіл дүниежүзі қазақтарын қайта қоныстандырғанның өзінде қазағымыз өз жерінде 60% жетпейді, ал халықтың өсуінің төмендеуі әлем жұртшылығына тән объективті құбылыс. Қазіргі көпбалалықты насихаттау қазақ санын көбейтуге толық көмектесе алмайды. Ал біздің терістік шекарамызда саны 150 миллион орыс халқының болуы, күшті де дамыған орыс тілі мен мәдениетінің болуы, былайша айтқанда, «орыстық фактор» барлық уақытта қазақ халқының өміріне үлкен ықпал ететіні белгілі. Орыс графикасына негізделген қазақ алфавитінің болуы бұл да үлкен саясатпен ойластырылған құйтырқы еді. Қазірдің өзінде қазақ жұртының басым көпшілігінің тұрмысында, әдет-ғұрпында, азық рационында, киінуінде орыстан айырмасы жоқ. Бүкіл Қазақстанның өзіндік бет-бейнесінен коп ештеңе қалмаған. Ең азы, жеке үйіміз де, ауыл мен қаламыз да орыс үлгісімен салынған. Үлкен халықтың кіші халықты «жұтуы» деген осы. Оған орыс кінәлі емес, тек өзіміз кінәліміз. Сол сияқты жазу саласында да біз орыс әріптерінің тек сыртқы пішінін өзгертпей қабылдап, ішкі байыбына толық бара алған жоқпыз. Ең қарапайым мысал, әріптердің айтылуы, біз «б», «с», «к», «н», «м» әріптерін «бэ», «эс», «ка», «ән», «әм», деп айтамыз, ал өз ыңғайымызға келтірсек «бы», «сы», «кі», «ны», «мы» болар еді. Бұларды ұсақ-түйек нәрсе дегенімізбен, қысқартылған сөздерде көп қиындық келтіріп жүргенін сезіп жүрміз.   Қазіргі жиі айтылып жүрген «кедергі» − қазақтардың азшылығы. Рас, бұны жоққа шығаруға болмайды, бірақ адам саны көп жағдайда сапалық баға бермейді. Мәселен, латын, эстон, литван, грузин, армян, әзірбайжан, молдаван, өзбек, түрікпен, тәжік халықтары өз республикаларында 55%-дан 95%-ға дейін жетеді, соған қарамастан алғашқы бес ұлттың интеллектуалдық деңгейі соңғы бесеуінен біраз жоғары тұр. Бұл мәселеге толық баға беру үшін тарихи, саяси, экономикалық, ұлттық психологиялық факторлармен қатар жазу үлгісіне де тоқталу қажет. Ұлттық жазуы бар армян, грузин және Балтық жағалауы халықтары орыс тілінің мәдени-ақпараттық экспансиясына төтеп берсе, кезінде күшті болған татар, әзірбайжан, өзбек, тіпті молдаван халқы алдындағылармен салыстырғанда төтеп бере алған жоқ. Ал азшылық болып қалған қазақтарды, қырғыздарды айтпаса да түсінікті. Халықтар бір-бірімен өзара байланыс жасағанда сөйлесу (есту) және жазу (оқу) арқылы қатынас жасайды. Алғашқы кезеңде бір тілдің сөзі екінші тілге тек естілу арқылы жазуға айналады. Мәселен, орыс тіліне алғашқы кездерде енген бөтен халық сөздері қалай естілсе, солай жазылды (Париж, Рим, Көкчетаб, Тифлис, т.б.). Қазақ тілінде де дәл осылай болды (Орынбор, Петербор). Ал тіларалық қатынастың жана кезеңінде сөздердің дені қалай жазылса, солай (солай дерлік) көшірілді. Ал қазақ-орыс тілдік қатынасында алғашқы жағдай әлі күнге шейін жалғастырылып келеді. Бұл орыс тілінің активтілігін, қазақ тілінің пассивтілігін, яғни әлсіздігін көрсетеді. Өйткені қазақтың кез келген сөзі орыс тілінде бұрмаланып жүреді. Ең сорақысы, осы бұрмаланған сөздер қазақ тілдік ортасына бүлінген күйінде қайта оралып, қазақ арасында қолданылады. Қазақ тілінің «орыстық факторға» төтеп бере алмауының негізгі себебі − орыс жазуы, бейнелеп айтқанда, қазақ тіліне енген «троялық ат» сықылды. Газеттерден оқып жүрміз, эстон-орыс тілдік қатынасында тілдік тепе-теңдік қалыптасқан. Мәселен, «Таллинн», «Аасмяе», «Лаахема» сөздері орыс тіліне өзгертілмей жазылады, ал қазақ-орыс қатынасында ше? Шиелі (Чиили), Қапшағай (Капчагай), Ердәулет (Ердавлет), Есіл (Ишим) сөздерін орыстарға айту қиын деу болмас.   Соңғы 50-60 жылда қазақтар арасында сауаттылық жоғары деңгейге жетіп, ғылым мен өнер дамыды. Осы уақыттың ішінде қазақ тілінің тіларалық қатынастағы рөлі орыс тілімен теңесуі тиіс еді, алайда бұл жүзеге асқан жоқ. Бұған себеп: орыс тілінің қолданылу аясы кеңеюі, іс жүзінде республиканың бірден-бір мемлекеттік тілі − орыс тілі болуы, республикада қазақ халқының үлес салмағы аздығынан қазақ тілінің рөлі төмендеуі, ақырында, орыс пен қазақ үшін бірдей алфавиттің болуы. Күнделікті қазақ тілі мен әдеби- ресми тілдің арасындағы айырмашылық едәуір ұлғайды. Орыс графикасындағы алфавиттің кемшіліктері жетерлік. Қазақ пен орыс тілдерінде бірдей дерлік жазылатын сөздер қазақ тілінде де орыс тілінің нормаларын сақтайды, яғни орысша қалай айтылса, қазақша да солай айтылады («аканье» және екпін түсіру заңдылықтары).   Қазақтың «орыс» алфавитінде 42 әріп бар, ал қазақ тіліндегі табиғи дыбыстардың саны шамамен 30-дай. Орыс алфавитіне көшу нәтижесінде қазақ тілі «в», «ф», «ч», «ц», «э» дыбыстарымен толықты. Соған қарамастан, ауылдық қолданыстағы қазақ тілінде олар әлі күнге дейін тілдің фонетикалық нормаларына сай «б», «п», «ш», «с», «ә» болып дыбысталады. Артық әріптердің болуы (ь, ъ, е, ю, я, э, ч, ц, щ) қазақ тілін байытпайды, қайта оны шұбарландырып, көп варианттылыққа әкеліп соқтырады және әдеби-ресми тілмен күнделікті қазақ тілінің арасын одан әрі алшақтата түседі. Профессор Ә. Қайдаровтың есептеуінше, араби сөздердің, мысалы, «таспих» сөзінің 20, «иждихаттың» − 12, «ілтипаттың» − 8, «рақметтің» − 5 варианты бар екен. Бұлар ашықтары ғой, ал «астыртындары» қаншама (мыс.: машина, мәшинә, мэшін, мәшінә, машын) және бұндай жәйттер жүздеп емес, мыңдап кездеседі. Алфавиттегі «ъ» әрпі біздің тіліміз үшін «соқыр тиынға» да татымайтын нәрсе, «ь» таңбасының да керегі шамалы, егер де үндестік заңын орынды пайдалансақ, оны алып тастауға болады. Ал «я», «ю», «е» әріптерін екі дыбыстың қосылуынан тұратындықтан, жеке-жеке таңбалаудың қажеті жоқ. Дәл осындай талаптар «ц», «щ», «ч» әріптеріне қойылуы керек, оларды т-с, ш-ш, т-ш қосарлары ауыстырады. Таза орыстық «э» әрпін «е» ауыстырады, өйткені бұл әріп орыс тілінде тек қана шет тілден енген сөздерде қолданылады. Сондай-ақ қазақ тілінде санаулы сөз үшін (гауһар, қаһарман) алфавитте «һ» әрпін ұстау керек пе? Бұл әріпті ауыстыратын екі таңба −  «қ» мен «х» бар. Осы азғана дәлелдің өзі біраз ойға түрткі болар деп пайымдаймыз.   Қазақ тіліне үлгі боларлық екі жазу − араб және латын графикасы. Араб жазуы қазақ халқына бұрыннан таныс. Ахмет Байтұрсынов оны жетілдірді дегенімізбен, араб жазуы — біздің өткен тарихымыз. Түркі халықтарының осы жазуды қолдана бастағанына 1000 жылдай болса, қазақ тілінде кітап шыға бастағанына 184 жыл толды. Соңғы уақытта төте жазу жиі насихатталып жүр. Бұл құптарлық жәйт. Дегенмен де шынын айту керек, қазақ-түркі жазба мұрасы қазіргі қазақ тілі үшін, қазақ халқы үшін тарихи-ақпараттық, рухани жағынан өте құнды мұра болып табылады, бірақ араб графикасына көшу қазақ тілі үшін прогресс бола алмайды. Айтып өту керек, бізден гөрі жазуын ертерек дамытқан түріктер (XIV-XV ғғ.) соншама қолжазба мұрасын «қиып» тастап, 1928 жылы барлық түркі жұртымен бірге латын жазуына көшті ғой. Бұл оларға өз тіліндегі араб-парсы «езгісінен» құтылуға мүмкіндік берді. Ал қазір қазақ үшін орыс жазуынан араб жазуына өту «бір сом беріп айттыра алмай, жүз сом беріп қойдыра алмаудың» кебі болып шығады.   Латын жазуының қазақ үшін орыс жазуынан артықшылығы − оның рационалдылығы. Латын графикасын қолданатын тілдер көп дыбысты аз таңбамен белгілейді, яғни латынның небәрі 30-32 әрпін пайдалану арқылы қазіргі 42 әріптен құтыламыз, бұл қазақ тілінің шектен тыс «алыптығынан» көп варианттылығынан құтқарады, ең маңыздысы, қазақ пен орыс тіларалық қатынасында бұрынғы біржақты байланыстан екіжақты байланысқа көшуге мүмкіндік береді. Екіжақты байланыс дегеніміз − бұрын тек қазақ тілі орыс-европа сөздерінің жазылу ережесін сақтаса, енді екі жақта жазу ережесін сақтайды деген сөз. Ең ақыры қазақ тіліне латын графикасына өту арқылы «орыстық фактордың» ықпалы біраз жойылады.   Қазіргі тілдік қатынаста кездесетін сорақы жағдай қазақ топономиясының орыс тілінде септеліп, жіктеліп, түрлі болып кетуі. Мәселен, итальяндық Бари, грузиндік Кутаиси, Телави қалалары орыс тілінде септелмейді, ал қазақтың Шиелісі, Құлсарысы в Чиилях, в Кульсарах, в Кульсару, т.б. болып кете береді. «Жұрттың аузына қақпақ бола алмаймыз», орыс тілінде не дегенінде шындығында біздің шаруамыз болмауы керек, бірақ мәселе −  орысы көп Қазақстанда қазақ тілінің жидіп-шіруінде, тілдік нормаларының менсінілмеуінде. Латын алфавитіне көшу осы мәселені шешіп қана қоймай, тілдегі екпін түсіру (ударение), дыбыстау (аканье) ережелерін қазақ тілінің табиғатына оралуына жағдай жасайды. Қазақ тілінің жазуын ауыстыруға қазақтардың психологиялық жағдайы да ықпал етіп тұр. Қазіргі орыстық нәрсеге, орыстық рәміздер (символдар) мен атрибутикаға деген төзе алмаушылықты сорақы жағынан (ескерткіштерді қирату, ұлт араздығы) жасампаз жағына бұру қажет етілуде.   Алфавит ауыстыруды қаржыландыру жағы әркімді де ойлантуы сөзсіз. Бұндай үлкен көлемдегі ауыстыру көп қаржы керек етеді. Сондай-ақ осы жазуды пайдаланған 50 жыл (1940-1991 жж.) ішіндегі жазылған мұраны қайтеміз деген сауал қойылуы мүмкін. Осы кезең ішіндегі шыққан кітаптардың саны қарабайыр есеппен 100 мыңнан асады, бірақ негізгі тобы арзанқол «шала» көркем әдебиет. Яғни шеті жоқ өлеңдер мен әңгімелер жинағы және саяси-идеологиялық әдебиет: Маркстен Горбачевке дейінгі үлкенді-кішілі «көсемдердің» миллиондық тираждары, партия съездерінің материалдары мен қарарлары, миллиард пұт астық жырлары, интернационалдықты тақпақтау, басқа да «тәрбиелік» әдебиет. Ал ғылыми-техникалық, ғылыми-көпшілік әдебиет пен басқа да керекті кітаптар осы кітап массасының 2 процентіне жетпейді, кейбір ғылыми салаларда (электроника, социология, политология, экономика, т.б.) қазақша кітап мүлдем жоқ. Қазақша әдебиеттің негізгі бөлігі аударма және де ортанқол аудармалар болып табылады. Сондықтан да қазақтар үшін латынға ауысу өзбек, әзірбайжан тілдеріне қарағанда арзанға түседі, өйткені жоғарыда айтылғандарды ескерсек, қазақша шыққан әдебиеттің 90 % керегі жоқ.   Латын графикасына келсек, біраз таңдауға болады. Қазіргі заманғы баспахана қондырғыларын, жазу машинкаларын, сондай-ақ электрондық автоматтандырылған техниканы қаржысы табылса, кез келген европалық ел бере алады және де қазақ жазу «өнеркәсібін» жиі жаңартып тұруға мүмкіндік туады. Ең ақырғысы, бұның бәріне 15-20 жылдай уақыт керек, алда өмір бар. Жаутаңкөз ұрпақ өсіп келеді. 1879 жылы Ыбырай «орыс алфавитін қолдану арқылы қазақ тілі өзіне орынсыз кірген араб, татар сөздерінен құтылады», − деп жазған еді, енді оны «латын алфавитін қолдану арқылы орыс сөздерінен ғана емес, орыс тілінің езгісінен құтыламыз», − деп аяқтауға болады.   «Маңғыстау» газеті. 1992 жыл, 4 тамыз 
10.12.2012 06:09 6701

 

 
Соңғы кездегі болып жатқан өзгерістер қазақ тілін де айналып өтпегені көпке белгілі. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, оның дамуына және аясының кеңеюіне біраз жағдайлар жасалынуда. Алайда осы жүргізіліп жатқан істер мен шаралардың қолға ұстатқандай нәтижесі көріне қойған жоқ. Әзірге, сірә, көріне де қоймас. Халқымыздың қазіргі жағдайын ескеретін болсақ, бұл шаралар келер ұрпаққа арналған. Бұдан шығатын түйін − асықпай, жан-жақты, жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет. Сол шаралардың бірі, негізгісі − алфавитті ауыстыру деп ойлаймын. Бұл шаруа мектеп ашудан да, тіл үйретуден де маңызды.
Қазақ тіліндегі қолданылып жүрген алфавит орыс графикасы негізінде 1940 жылы қабылданған. Оның алдында 11-12 жыл латын жазуын қолданған болатынбыз. Бір таңғаларлық жәйт − КСРО халықтарының басым көпшілігі бірдей уақытта орыс жазуына ауыса қойғаны. Бұл құбылысты ерікті түрде болды дей қою орынсыз.
 
Бір ескеру керек нәрсе, орыс жазуы бізге жаман жағынан келді деуге болмайды. Осы 50 жыл тіліміз бен әдебиетіміз реттеліп, толығып, кейбір салаларда қарыштап дамыды. Орыс графикасы қазақ үшін араб жазуынан гөрі прогресті болғаны сөзсіз. Дейтұрғанмен, 1928-1940 жылдардағы латын жазуын жетілдіре түскенде, қазақ топырағына жерсіндірілген тәп-тәуір алфавит болар еді, сонда орыс жазуына көшудің қажеттілігі шамалы болатын. Жаппай орыс жазуына көшу іс жүзінде ұлы орыстық национал-большевиктік саясаттың жемісі еді. Қазіргі қойылып жүрген талаптардың дені − тіл төңірегіне тоқайласады. Фамилияны, жер-су атауларын қазақыландыру жеме-жемге келгенде жазуға келіп тіреледі. Үйдің іргетасын дұрыс салмай, үй тұрғызуға болар, бірақ сол үйдің, көп ұзамай, құлап қалуы ғажап емес. Жазу да фундамент сияқты, түпнегізін реттеп алмай тілді қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан орыс жазуы қазақ тарихында өзінің миссиясын толық орындады деп есептеп, онымен қоштасуымыз керек. 
Соңғы мәліметтер бойынша, қазақ халқы республика халқының тек 41% құрайды. Бүкіл дүниежүзі қазақтарын қайта қоныстандырғанның өзінде қазағымыз өз жерінде 60% жетпейді, ал халықтың өсуінің төмендеуі әлем жұртшылығына тән объективті құбылыс. Қазіргі көпбалалықты насихаттау қазақ санын көбейтуге толық көмектесе алмайды. Ал біздің терістік шекарамызда саны 150 миллион орыс халқының болуы, күшті де дамыған орыс тілі мен мәдениетінің болуы, былайша айтқанда, «орыстық фактор» барлық уақытта қазақ халқының өміріне үлкен ықпал ететіні белгілі. Орыс графикасына негізделген қазақ алфавитінің болуы бұл да үлкен саясатпен ойластырылған құйтырқы еді. Қазірдің өзінде қазақ жұртының басым көпшілігінің тұрмысында, әдет-ғұрпында, азық рационында, киінуінде орыстан айырмасы жоқ. Бүкіл Қазақстанның өзіндік бет-бейнесінен коп ештеңе қалмаған. Ең азы, жеке үйіміз де, ауыл мен қаламыз да орыс үлгісімен салынған. Үлкен халықтың кіші халықты «жұтуы» деген осы. Оған орыс кінәлі емес, тек өзіміз кінәліміз. Сол сияқты жазу саласында да біз орыс әріптерінің тек сыртқы пішінін өзгертпей қабылдап, ішкі байыбына толық бара алған жоқпыз. Ең қарапайым мысал, әріптердің айтылуы, біз «б», «с», «к», «н», «м» әріптерін «бэ», «эс», «ка», «ән», «әм», деп айтамыз, ал өз ыңғайымызға келтірсек «бы», «сы», «кі», «ны», «мы» болар еді. Бұларды ұсақ-түйек нәрсе дегенімізбен, қысқартылған сөздерде көп қиындық келтіріп жүргенін сезіп жүрміз.
 
Қазіргі жиі айтылып жүрген «кедергі» − қазақтардың азшылығы. Рас, бұны жоққа шығаруға болмайды, бірақ адам саны көп жағдайда сапалық баға бермейді. Мәселен, латын, эстон, литван, грузин, армян, әзірбайжан, молдаван, өзбек, түрікпен, тәжік халықтары өз республикаларында 55%-дан 95%-ға дейін жетеді, соған қарамастан алғашқы бес ұлттың интеллектуалдық деңгейі соңғы бесеуінен біраз жоғары тұр. Бұл мәселеге толық баға беру үшін тарихи, саяси, экономикалық, ұлттық психологиялық факторлармен қатар жазу үлгісіне де тоқталу қажет. Ұлттық жазуы бар армян, грузин және Балтық жағалауы халықтары орыс тілінің мәдени-ақпараттық экспансиясына төтеп берсе, кезінде күшті болған татар, әзірбайжан, өзбек, тіпті молдаван халқы алдындағылармен салыстырғанда төтеп бере алған жоқ. Ал азшылық болып қалған қазақтарды, қырғыздарды айтпаса да түсінікті.
Халықтар бір-бірімен өзара байланыс жасағанда сөйлесу (есту) және жазу (оқу) арқылы қатынас жасайды. Алғашқы кезеңде бір тілдің сөзі екінші тілге тек естілу арқылы жазуға айналады. Мәселен, орыс тіліне алғашқы кездерде енген бөтен халық сөздері қалай естілсе, солай жазылды (Париж, Рим, Көкчетаб, Тифлис, т.б.). Қазақ тілінде де дәл осылай болды (Орынбор, Петербор). Ал тіларалық қатынастың жана кезеңінде сөздердің дені қалай жазылса, солай (солай дерлік) көшірілді. Ал қазақ-орыс тілдік қатынасында алғашқы жағдай әлі күнге шейін жалғастырылып келеді. Бұл орыс тілінің активтілігін, қазақ тілінің пассивтілігін, яғни әлсіздігін көрсетеді. Өйткені қазақтың кез келген сөзі орыс тілінде бұрмаланып жүреді. Ең сорақысы, осы бұрмаланған сөздер қазақ тілдік ортасына бүлінген күйінде қайта оралып, қазақ арасында қолданылады. Қазақ тілінің «орыстық факторға» төтеп бере алмауының негізгі себебі − орыс жазуы, бейнелеп айтқанда, қазақ тіліне енген «троялық ат» сықылды. Газеттерден оқып жүрміз, эстон-орыс тілдік қатынасында тілдік тепе-теңдік қалыптасқан. Мәселен, «Таллинн», «Аасмяе», «Лаахема» сөздері орыс тіліне өзгертілмей жазылады, ал қазақ-орыс қатынасында ше? Шиелі (Чиили), Қапшағай (Капчагай), Ердәулет (Ердавлет), Есіл (Ишим) сөздерін орыстарға айту қиын деу болмас.
 
Соңғы 50-60 жылда қазақтар арасында сауаттылық жоғары деңгейге жетіп, ғылым мен өнер дамыды. Осы уақыттың ішінде қазақ тілінің тіларалық қатынастағы рөлі орыс тілімен теңесуі тиіс еді, алайда бұл жүзеге асқан жоқ. Бұған себеп: орыс тілінің қолданылу аясы кеңеюі, іс жүзінде республиканың бірден-бір мемлекеттік тілі − орыс тілі болуы, республикада қазақ халқының үлес салмағы аздығынан қазақ тілінің рөлі төмендеуі, ақырында, орыс пен қазақ үшін бірдей алфавиттің болуы. Күнделікті қазақ тілі мен әдеби- ресми тілдің арасындағы айырмашылық едәуір ұлғайды.
Орыс графикасындағы алфавиттің кемшіліктері жетерлік. Қазақ пен орыс тілдерінде бірдей дерлік жазылатын сөздер қазақ тілінде де орыс тілінің нормаларын сақтайды, яғни орысша қалай айтылса, қазақша да солай айтылады («аканье» және екпін түсіру заңдылықтары).
 
Қазақтың «орыс» алфавитінде 42 әріп бар, ал қазақ тіліндегі табиғи дыбыстардың саны шамамен 30-дай. Орыс алфавитіне көшу нәтижесінде қазақ тілі «в», «ф», «ч», «ц», «э» дыбыстарымен толықты. Соған қарамастан, ауылдық қолданыстағы қазақ тілінде олар әлі күнге дейін тілдің фонетикалық нормаларына сай «б», «п», «ш», «с», «ә» болып дыбысталады.
Артық әріптердің болуы (ь, ъ, е, ю, я, э, ч, ц, щ) қазақ тілін байытпайды, қайта оны шұбарландырып, көп варианттылыққа әкеліп соқтырады және әдеби-ресми тілмен күнделікті қазақ тілінің арасын одан әрі алшақтата түседі. Профессор Ә. Қайдаровтың есептеуінше, араби сөздердің, мысалы, «таспих» сөзінің 20, «иждихаттың» − 12, «ілтипаттың» − 8, «рақметтің» − 5 варианты бар екен. Бұлар ашықтары ғой, ал «астыртындары» қаншама (мыс.: машина, мәшинә, мэшін, мәшінә, машын) және бұндай жәйттер жүздеп емес, мыңдап кездеседі. Алфавиттегі «ъ» әрпі біздің тіліміз үшін «соқыр тиынға» да татымайтын нәрсе, «ь» таңбасының да керегі шамалы, егер де үндестік заңын орынды пайдалансақ, оны алып тастауға болады. Ал «я», «ю», «е» әріптерін екі дыбыстың қосылуынан тұратындықтан, жеке-жеке таңбалаудың қажеті жоқ. Дәл осындай талаптар «ц», «щ», «ч» әріптеріне қойылуы керек, оларды т-с, ш-ш, т-ш қосарлары ауыстырады. Таза орыстық «э» әрпін «е» ауыстырады, өйткені бұл әріп орыс тілінде тек қана шет тілден енген сөздерде қолданылады. Сондай-ақ қазақ тілінде санаулы сөз үшін (гауһар, қаһарман) алфавитте «һ» әрпін ұстау керек пе? Бұл әріпті ауыстыратын екі таңба −  «қ» мен «х» бар. Осы азғана дәлелдің өзі біраз ойға түрткі болар деп пайымдаймыз.
 
Қазақ тіліне үлгі боларлық екі жазу − араб және латын графикасы. Араб жазуы қазақ халқына бұрыннан таныс. Ахмет Байтұрсынов оны жетілдірді дегенімізбен, араб жазуы — біздің өткен тарихымыз. Түркі халықтарының осы жазуды қолдана бастағанына 1000 жылдай болса, қазақ тілінде кітап шыға бастағанына 184 жыл толды. Соңғы уақытта төте жазу жиі насихатталып жүр. Бұл құптарлық жәйт. Дегенмен де шынын айту керек, қазақ-түркі жазба мұрасы қазіргі қазақ тілі үшін, қазақ халқы үшін тарихи-ақпараттық, рухани жағынан өте құнды мұра болып табылады, бірақ араб графикасына көшу қазақ тілі үшін прогресс бола алмайды. Айтып өту керек, бізден гөрі жазуын ертерек дамытқан түріктер (XIV-XV ғғ.) соншама қолжазба мұрасын «қиып» тастап, 1928 жылы барлық түркі жұртымен бірге латын жазуына көшті ғой. Бұл оларға өз тіліндегі араб-парсы «езгісінен» құтылуға мүмкіндік берді. Ал қазір қазақ үшін орыс жазуынан араб жазуына өту «бір сом беріп айттыра алмай, жүз сом беріп қойдыра алмаудың» кебі болып шығады.
 
Латын жазуының қазақ үшін орыс жазуынан артықшылығы − оның рационалдылығы. Латын графикасын қолданатын тілдер көп дыбысты аз таңбамен белгілейді, яғни латынның небәрі 30-32 әрпін пайдалану арқылы қазіргі 42 әріптен құтыламыз, бұл қазақ тілінің шектен тыс «алыптығынан» көп варианттылығынан құтқарады, ең маңыздысы, қазақ пен орыс тіларалық қатынасында бұрынғы біржақты байланыстан екіжақты байланысқа көшуге мүмкіндік береді. Екіжақты байланыс дегеніміз − бұрын тек қазақ тілі орыс-европа сөздерінің жазылу ережесін сақтаса, енді екі жақта жазу ережесін сақтайды деген сөз. Ең ақыры қазақ тіліне латын графикасына өту арқылы «орыстық фактордың» ықпалы біраз жойылады.
 
Қазіргі тілдік қатынаста кездесетін сорақы жағдай қазақ топономиясының орыс тілінде септеліп, жіктеліп, түрлі болып кетуі. Мәселен, итальяндық Бари, грузиндік Кутаиси, Телави қалалары орыс тілінде септелмейді, ал қазақтың Шиелісі, Құлсарысы в Чиилях, в Кульсарах, в Кульсару, т.б. болып кете береді. «Жұрттың аузына қақпақ бола алмаймыз», орыс тілінде не дегенінде шындығында біздің шаруамыз болмауы керек, бірақ мәселе −  орысы көп Қазақстанда қазақ тілінің жидіп-шіруінде, тілдік нормаларының менсінілмеуінде. Латын алфавитіне көшу осы мәселені шешіп қана қоймай, тілдегі екпін түсіру (ударение), дыбыстау (аканье) ережелерін қазақ тілінің табиғатына оралуына жағдай жасайды.
Қазақ тілінің жазуын ауыстыруға қазақтардың психологиялық жағдайы да ықпал етіп тұр. Қазіргі орыстық нәрсеге, орыстық рәміздер (символдар) мен атрибутикаға деген төзе алмаушылықты сорақы жағынан (ескерткіштерді қирату, ұлт араздығы) жасампаз жағына бұру қажет етілуде.
 
Алфавит ауыстыруды қаржыландыру жағы әркімді де ойлантуы сөзсіз. Бұндай үлкен көлемдегі ауыстыру көп қаржы керек етеді. Сондай-ақ осы жазуды пайдаланған 50 жыл (1940-1991 жж.) ішіндегі жазылған мұраны қайтеміз деген сауал қойылуы мүмкін. Осы кезең ішіндегі шыққан кітаптардың саны қарабайыр есеппен 100 мыңнан асады, бірақ негізгі тобы арзанқол «шала» көркем әдебиет. Яғни шеті жоқ өлеңдер мен әңгімелер жинағы және саяси-идеологиялық әдебиет: Маркстен Горбачевке дейінгі үлкенді-кішілі «көсемдердің» миллиондық тираждары, партия съездерінің материалдары мен қарарлары, миллиард пұт астық жырлары, интернационалдықты тақпақтау, басқа да «тәрбиелік» әдебиет. Ал ғылыми-техникалық, ғылыми-көпшілік әдебиет пен басқа да керекті кітаптар осы кітап массасының 2 процентіне жетпейді, кейбір ғылыми салаларда (электроника, социология, политология, экономика, т.б.) қазақша кітап мүлдем жоқ. Қазақша әдебиеттің негізгі бөлігі аударма және де ортанқол аудармалар болып табылады. Сондықтан да қазақтар үшін латынға ауысу өзбек, әзірбайжан тілдеріне қарағанда арзанға түседі, өйткені жоғарыда айтылғандарды ескерсек, қазақша шыққан әдебиеттің 90 % керегі жоқ.
 
Латын графикасына келсек, біраз таңдауға болады. Қазіргі заманғы баспахана қондырғыларын, жазу машинкаларын, сондай-ақ электрондық автоматтандырылған техниканы қаржысы табылса, кез келген европалық ел бере алады және де қазақ жазу «өнеркәсібін» жиі жаңартып тұруға мүмкіндік туады. Ең ақырғысы, бұның бәріне 15-20 жылдай уақыт керек, алда өмір бар. Жаутаңкөз ұрпақ өсіп келеді. 1879 жылы Ыбырай «орыс алфавитін қолдану арқылы қазақ тілі өзіне орынсыз кірген араб, татар сөздерінен құтылады», − деп жазған еді, енді оны «латын алфавитін қолдану арқылы орыс сөздерінен ғана емес, орыс тілінің езгісінен құтыламыз», − деп аяқтауға болады.
 
«Маңғыстау» газеті. 1992 жыл, 4 тамыз 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға