Жаңалықтар

М. Әуезұлының сөзі

М. Әуезұлының сөзі Мен жолдас Жансүгірұлының баяндамасының ішінде Алаш орда әдебиеті туралы айтқан жеріне тоқталмақпын. Кешегі күні сол әдебиеттің нағыз ортасында болған адамның бірі мен өзім болғандықтан, қазір соны туғызған топтың қоғамдық-тарихи тамырлары мен таптық-саяси талаптарын толық күйде ашып салу қажет деймін. Енді бүгінгі тұтынған бақытымның тұрғысынан қарап, сол өткен күйге толық сынымды айтып шықпақпын. Бұл үшін тарихқа экскурсия жасаймын. Кеңес үкіметінің жарыққа шығысымен қатар контрреволюция мен ашық буржуаздық қалыпқа түскен бұл әдебиет өзінің ең соңғы дәуірлеріне шейін Алаш орданың құралы болумен келді. Тегі қазақтың буржуазшыл оқығандары өз тарихын февральдан және бастамайды1. Олардың алдыңғы қатары бірінші думаның тұсынан шығады. Соның депутаттарының бірі болған Бөкейханұлы2 байшыл оқығандардың басшысы болып барып кадет партиясына кірген-ді. Осы кірісі, оның артынан ерген саяси топтың келешектегі қадамы қалай болатыны таптық бағыты не екенін анық қып белгілеп берді. Езілген отар елдің депутаты бола тұра кадет ұйымына кірді. Бұл кезде Столыпин қыр бойынан шыққан өзге қазақ депутатын жөнін жабайы депутаттар деп атандырып еді. Ол ұйымға кірісі, топтың саяси талап, тілегі азға, болымсызға сайғанын көрсетті. Шартының бәрі, конституциялы патшалық құрылысымен, земствомен қанағаттану болды. Содан кейін Бөкейханұлының шәкірттері-серіктері ("Қазақ" газ. басқарушылары) қазақ баспа сөзіне әдеби-саяси бет бергенде, сол Бөкейханұлымен, соның белгілеген жолымен әкетті. Мысалы, жерге орналасу мәселесі сияқтылар болса, бұндайдың бәрінде ауыр тұрмысы мен жалпы қалып, салт айнымай, өзгермей бір күйінде қатып тұратын жәйді көкседі. Ол оқығандарға сын болып кездескен уақиға 16-жыл уақиғалары еді. Бұның тұсында қазақ оқығаны өзінің таптық мазмұнын тағы да ашты. Ол топтың үлкен бастықтары Бөкейханұлы, Дулатұлы,3 Байтұрсынұлдары4 өздеріне масқарашылық рөлін алып, елді, қой-қойлап, тыйу салу, бағынғыштыққа үгіттеумен болды. Қазақ оқығаны земқор-земсоюзде отан қорғаушылардың міндетін атқарды. Февраль төңкерісі келді. Бұнда оқығанның төңкерісшілдік ролі нөлмен тең болды. Кеңес үкіметі шыққанға шейін істеген іс, өткізген мезгілі-күні ол топтың күн санап буржуашыл-реакция програмды таратып өсіріп келе жатқанын көрсетті. Семейдің облыстық съезінде Алаш орданың облыстық комитетін сайлау үстінде съез әңгімесін көтергендер де болған (съезд — ұлық болудың шарт-дәрежесі — не білім дәрежең, не мүлік — байлық дәрежең толық болсын дейді). Ол күнде елді билеу әдісі не еді? Болыс болыстан аттарын атап пәлен ақсақал, пәлен қажы, молданы, пәлен атқа мінерді шақырып, кеңесіп, солар арқылы ауданды, ұру-ұруды, болыс-болысты билеген болатын. Алаш орданы сайлаған Орынбор съезі де осьі ізбен шақырылып, осы жолмен болды. Ұлтшылдардың Сібір обылыстарының съезі мен Уфа мәжілісінде көрсеткен мінездері де қызық болатын. Ол съездердің бәрінде де қазақ оқығаны әсер мен социал-демократтардың өзін де құбыжық көріп, бірігіп келісуден бойларын қашық ұстайтын, жалпы төңкерістен тілейтін тілектері кадет тілегінен зор болмайтын. Кейін Колчак, Дутов, Анненковпен ынтымақтасу5, бірге кету әлдеқалайдан туған ынтымақ емес, сол топтың таптық жолынан туған нәтиже еді. Оның программасы капиталшылар мен төңкерісшіл пролетариаттың зор тартысы ашылысымен-ақ белгіленген болатын. Белгіленгенде, октябрь төңкерісінің басынан бастап, бұлардың қозғалысы ақтардың қозғалысы боп айқындана береді. Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда, оқығандар тобы барлық үлкен-кіші адамдарымен түп-түгел осында қалады. Кеңес жағдайының ішінде боп, әлеумет майданына шыққанда, бұл топ өзінің бұрынғы программасынан қайтқан жоқ. Бірақ ашық беттеп шыға алмайтынын есептеп, әдіс-тактикасын өзгерте шықты. Осы жолда оның барлық ісі кеңес үкіметінің іске асырамын деген шараларын үнемі қабылдамай, артқа серпуге саятын болды. Шама келгенше бөгет салып, кедергі туғызып, жұмыскер табының жаңа өмірді қуаттаған ұранының бірде-бірін өре бастырмауға тырысты. Жер мәселесі, отырықшылық, халық ағарту, баспа сөз, латын әрпі, емле мәселесі, термин жәйі — бәрі-бәрінде де жалғыз талабы, пролетариат мәдениетінің басшылық әсерінен жырылып, оқшау, қақас қалу болды. Програмының үлкен бағыт, кіші есептері де осы ғана болып, бар бөлімі ылғи терістік, қарсылықпен құрылған програм болды. Тарихи жаңа дәуірде тактика әдісі өзгереді. Бірақ іргесі бұрынғы алаш орда іргесі боп қалады. Енді сол топтың әдебиетіне келсек, февраль төңкерісінен бастап, ол да болшевиктерге қарсы ашық жаулық жолына шыққан-ды. Пролетариатқа қарсы Алаш орда жазушылары қаламын құрал қып жаулыққа аттанады (кеше баяндамашы Жұмабайұлының6 ол кезде көпке жайылған өлендерін айтып өтті). Бірақ кеңес кезінде бұл жолмен ашық жүре беруге болмайтын болды. 1923 жылға шейін қазақ баспасын өз қолдарында ұстап, Алаш орда жазушылары өз бағытын, ниеттерін жазушылық әдісін өзгерту арқылы орындады. Өздеріне серіктес, үндес болатындарды көрші түрік елдерінен іздей бастайды. Әуезұлы, Жұмабайұлы, Шолпан (Өзбекстан) сияқтылардың бір дауыспен үн қосуы да әлдеқалай емес. Пантюркизм дәуірі басталады. Біздің сын түбінде бұл жағын ескеру керек. Панисламизм, пантюркизм, пантуранизм сияқтылардың тамырын дұрыстап талдау керек. Сол жазушылардың барлығы шығыс тарихының баяғы, алыс кейінгісін жырлай бастады. Орта Азия тарихынан Атила (бұны пантюркист тарихшылар оғыз деп оғыз болса, бүгінгі түрікпеннің атасы деп мадақтады). Шыңғыс, Темір сияқтыларды қазып шығарып, даттайтын болды. Шыңғыстың "қаһармандық" дәуірінен құрал, қайрат іздеді. Сол алыстағы тарихтың ескі-ұсқы, шаң-тозаңын қайта қопарып, мола ақтарып жүргенде тауып алған ескілікпен жұрттың көңілін алаң қылмақ. Бүгінгі тартыс, құрылыс мәселелерінен жыраққа әкетпек. Бұда - әдейі қолданған әдіс. Бөгеу жасау, өмірді қабылдамау әдістері болатын. Менің өз шығармаларым "Еңлік—Кебек", "Қаракөз" де сол тәжірибенің белгілері. "Еңлік-Кебек" қазақтың би-батырын көрсетеді. Ескілікті әдейі талғап алған ашық бояумен бояп, көңілді қып көрсетпекке тырысады. "Қаракөзде" қазақ жастарының тұрмысы да солай суреттелген. Біз өз заманымызға шейін дәуір сүріп келген неше алуан сұмдық надандық салт заңдарын (көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік ежеп-қабып) көре, біле тұра сол ескілікті мақтап, даттап көрсеттік. Бұны төңкерісші емес, жәй мәдениетті-либералдық бағытында болған орташа ойдың өзі де көтермейтін, сүймейтін нәрселер еді. Біз соны жыр да қылдық, сонымен жастардың көңілін күнделік ісінен алаңдатып тартып, тап тартысында оның сезімдерін мұқалта беретін жемді бердік. Мен тақырып жағына келгенде, үстіміздегі дәуірден көп алыста жатқан жазушы болдым. Ең бері көп жазғаным — "Қилы заман". Тақырып жағынан бұл біздің күнге "Еңлік— Кебек", "Қаракөздерден" жақынырақ уақиға. Бірақ шындықты суреттеу жағын алғанда, бұ да артқа тартатын шығарма болды. 16-жылдың жетекші күші есебінде мен атқа мінер, жуан атаны көрсеттім, болыстарды кірістірдім. Шынында, бұның көбі өз тілек ниеттерін жандарал шенеуніктердің ниеттерімен ұштастырып қосақтаған топ еді. Шындықты дұрыс түсінуден бұл шығарма да теріске кетті. Барлық осында саналған төңкеріске қарсы әрекеттер мен теория, тәжірибе, салт-сана — бәрі-бәрі ол топтың адамдарын қарсы бетке шығарды, жау жігіне кіргізді. Ісінің басы Мелюковпен одақтасудан басталып, бүгінге шейін кейбір адамын (Шоқайұлы) империалист, интервентшілердің тобында қалдырып, көпшілігін әлі күнге сол беттің адамы қып отыр. Олар әлі де сол капиталистер табағынан дәметумен келеді. Мен, бүгін пленумге келгенде, сол өзімнің артқы жолымды барымша қатал сынға салып, тергеп өту арқылы келдім. Мені бүгін бір жағынан төңкерісшіл пролетариаттың туына жазылған ұлы ұран мен бүгінгі Қазақстан, бүгінгі барлық одақ құрылысының табыстары тартса, сонымен қатар ендігі соңғы бағытымның дұрыстығына, бұрын өзім болған топтың өткен тарихын нық тексеру де — пролетариат жолына келуіме себеп болды. Осы тексеру мені бұрынғы топтан серпіліп үзіліп шығып, оны өзімнен итеріп-серпіп тастауға себеп болды.Қазір мен сендердің тобыңа шын таза пейілмен келіп отырмын. Бойымдағы бар күшімді пролетариат ісінің пайдасына жұмсаймын деген үлкен екпінмен келіп отырмын. Егер, мен пайдалы бола алатын болсам, барымды бермекпін. Рас, бүгінгі қалда көпшіліктің мені дос санай қоюы оп-оңай емес. Бірақ әдебиет, саясат жолындағы істер мені ол топпен байланыстырғанменде, мен түзелместей үмітсіздікке кеткенім жоқ. Білім, тәрбиені кеңес мектебінен, (вузынан) алдым. Социалдық құрылыстың табыстары адам баласының ішіндегі ең алдыңғы, ең нәрлі қатардың барлығын өзіне тартып жатқанда, дүние жүзінің ең ірі жазушысы, ең ірі ғалымдарының жүректері де пролетариат ісінің тілегіне ауысқанда тас болып қатып қалатын, ойыспайтын өліжан мен емеспін. Менің де артым — қазақтың ауылы. Менің әке-шешем қырдың қараңғы бақташысы болған. Артқы күндерімнің ауыртпалығын мен жеңе аламын. Жолдас Жансүгірұлы менің алғашқы сөздерімнің қателерін дұрыс айтты. Ол кезде Қазап бізді өзімен бірге істеуге шақыруға болмаушы еді. Менің ендігі кепілім, онда жазған заявлениемде,7 бүгінгі сөйлеген сөзімде емес. Көңілім пролетариат ісіне арналған зор сенімім және бұдан былай істейтін ісім. Мен сында болуым керек. Және сол сынды мен адақтаймын, ақтаймын.  
05.12.2012 10:34 3043

М. Әуезұлының сөзі

Мен жолдас Жансүгірұлының баяндамасының ішінде Алаш орда әдебиеті туралы айтқан жеріне тоқталмақпын. Кешегі күні сол әдебиеттің нағыз ортасында болған адамның бірі мен өзім болғандықтан, қазір соны туғызған топтың қоғамдық-тарихи тамырлары мен таптық-саяси талаптарын толық күйде ашып салу қажет деймін. Енді бүгінгі тұтынған бақытымның тұрғысынан қарап, сол өткен күйге толық сынымды айтып шықпақпын. Бұл үшін тарихқа экскурсия жасаймын. Кеңес үкіметінің жарыққа шығысымен қатар контрреволюция мен ашық буржуаздық қалыпқа түскен бұл әдебиет өзінің ең соңғы дәуірлеріне шейін Алаш орданың құралы болумен келді. Тегі қазақтың буржуазшыл оқығандары өз тарихын февральдан және бастамайды1. Олардың алдыңғы қатары бірінші думаның тұсынан шығады. Соның депутаттарының бірі болған Бөкейханұлы2 байшыл оқығандардың басшысы болып барып кадет партиясына кірген-ді. Осы кірісі, оның артынан ерген саяси топтың келешектегі қадамы қалай болатыны таптық бағыты не екенін анық қып белгілеп берді. Езілген отар елдің депутаты бола тұра кадет ұйымына кірді. Бұл кезде Столыпин қыр бойынан шыққан өзге қазақ депутатын жөнін жабайы депутаттар деп атандырып еді. Ол ұйымға кірісі, топтың саяси талап, тілегі азға, болымсызға сайғанын көрсетті. Шартының бәрі, конституциялы патшалық құрылысымен, земствомен қанағаттану болды. Содан кейін Бөкейханұлының шәкірттері-серіктері ("Қазақ" газ. басқарушылары) қазақ баспа сөзіне әдеби-саяси бет бергенде, сол Бөкейханұлымен, соның белгілеген жолымен әкетті. Мысалы, жерге орналасу мәселесі сияқтылар болса, бұндайдың бәрінде ауыр тұрмысы мен жалпы қалып, салт айнымай, өзгермей бір күйінде қатып тұратын жәйді көкседі. Ол оқығандарға сын болып кездескен уақиға 16-жыл уақиғалары еді. Бұның тұсында қазақ оқығаны өзінің таптық мазмұнын тағы да ашты.

Ол топтың үлкен бастықтары Бөкейханұлы, Дулатұлы,3 Байтұрсынұлдары4 өздеріне масқарашылық рөлін алып, елді, қой-қойлап, тыйу салу, бағынғыштыққа үгіттеумен болды. Қазақ оқығаны земқор-земсоюзде отан қорғаушылардың міндетін атқарды.

Февраль төңкерісі келді. Бұнда оқығанның төңкерісшілдік ролі нөлмен тең болды. Кеңес үкіметі шыққанға шейін істеген іс, өткізген мезгілі-күні ол топтың күн санап буржуашыл-реакция програмды таратып өсіріп келе жатқанын көрсетті.

Семейдің облыстық съезінде Алаш орданың облыстық комитетін сайлау үстінде съез әңгімесін көтергендер де болған (съезд — ұлық болудың шарт-дәрежесі — не білім дәрежең, не мүлік — байлық дәрежең толық болсын дейді). Ол күнде елді билеу әдісі не еді? Болыс болыстан аттарын атап пәлен ақсақал, пәлен қажы, молданы, пәлен атқа мінерді шақырып, кеңесіп, солар арқылы ауданды, ұру-ұруды, болыс-болысты билеген болатын. Алаш орданы сайлаған Орынбор съезі де осьі ізбен шақырылып, осы жолмен болды. Ұлтшылдардың Сібір обылыстарының съезі мен Уфа мәжілісінде көрсеткен мінездері де қызық болатын. Ол съездердің бәрінде де қазақ оқығаны әсер мен социал-демократтардың өзін де құбыжық көріп, бірігіп келісуден бойларын қашық ұстайтын, жалпы төңкерістен тілейтін тілектері кадет тілегінен зор болмайтын.

Кейін Колчак, Дутов, Анненковпен ынтымақтасу5, бірге кету әлдеқалайдан туған ынтымақ емес, сол топтың таптық жолынан туған нәтиже еді.

Оның программасы капиталшылар мен төңкерісшіл пролетариаттың зор тартысы ашылысымен-ақ белгіленген болатын. Белгіленгенде, октябрь төңкерісінің басынан бастап, бұлардың қозғалысы ақтардың қозғалысы боп айқындана береді.

Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда, оқығандар тобы барлық үлкен-кіші адамдарымен түп-түгел осында қалады. Кеңес жағдайының ішінде боп, әлеумет майданына шыққанда, бұл топ өзінің бұрынғы программасынан қайтқан жоқ. Бірақ ашық беттеп шыға алмайтынын есептеп, әдіс-тактикасын өзгерте шықты.

Осы жолда оның барлық ісі кеңес үкіметінің іске асырамын деген шараларын үнемі қабылдамай, артқа серпуге саятын болды. Шама келгенше бөгет салып, кедергі туғызып, жұмыскер табының жаңа өмірді қуаттаған ұранының бірде-бірін өре бастырмауға тырысты. Жер мәселесі, отырықшылық, халық ағарту, баспа сөз, латын әрпі, емле мәселесі, термин жәйі — бәрі-бәрінде де жалғыз талабы, пролетариат мәдениетінің басшылық әсерінен жырылып, оқшау, қақас қалу болды.

Програмының үлкен бағыт, кіші есептері де осы ғана болып, бар бөлімі ылғи терістік, қарсылықпен құрылған програм болды. Тарихи жаңа дәуірде тактика әдісі өзгереді. Бірақ іргесі бұрынғы алаш орда іргесі боп қалады.

Енді сол топтың әдебиетіне келсек, февраль төңкерісінен бастап, ол да болшевиктерге қарсы ашық жаулық жолына шыққан-ды. Пролетариатқа қарсы Алаш орда жазушылары қаламын құрал қып жаулыққа аттанады (кеше баяндамашы Жұмабайұлының6 ол кезде көпке жайылған өлендерін айтып өтті). Бірақ кеңес кезінде бұл жолмен ашық жүре беруге болмайтын болды.

1923 жылға шейін қазақ баспасын өз қолдарында ұстап, Алаш орда жазушылары өз бағытын, ниеттерін жазушылық әдісін өзгерту арқылы орындады. Өздеріне серіктес, үндес болатындарды көрші түрік елдерінен іздей бастайды. Әуезұлы, Жұмабайұлы, Шолпан (Өзбекстан) сияқтылардың бір дауыспен үн қосуы да әлдеқалай емес.

Пантюркизм дәуірі басталады. Біздің сын түбінде бұл жағын ескеру керек. Панисламизм, пантюркизм, пантуранизм сияқтылардың тамырын дұрыстап талдау керек. Сол жазушылардың барлығы шығыс тарихының баяғы, алыс кейінгісін жырлай бастады. Орта Азия тарихынан Атила (бұны пантюркист тарихшылар оғыз деп оғыз болса, бүгінгі түрікпеннің атасы деп мадақтады). Шыңғыс, Темір сияқтыларды қазып шығарып, даттайтын болды. Шыңғыстың "қаһармандық" дәуірінен құрал, қайрат іздеді. Сол алыстағы тарихтың ескі-ұсқы, шаң-тозаңын қайта қопарып, мола ақтарып жүргенде тауып алған ескілікпен жұрттың көңілін алаң қылмақ. Бүгінгі тартыс, құрылыс мәселелерінен жыраққа әкетпек. Бұда - әдейі қолданған әдіс. Бөгеу жасау, өмірді қабылдамау әдістері болатын.

Менің өз шығармаларым "Еңлік—Кебек", "Қаракөз" де сол тәжірибенің белгілері. "Еңлік-Кебек" қазақтың би-батырын көрсетеді. Ескілікті әдейі талғап алған ашық бояумен бояп, көңілді қып көрсетпекке тырысады. "Қаракөзде" қазақ жастарының тұрмысы да солай суреттелген. Біз өз заманымызға шейін дәуір сүріп келген неше алуан сұмдық надандық салт заңдарын (көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік ежеп-қабып) көре, біле тұра сол ескілікті мақтап, даттап көрсеттік. Бұны төңкерісші емес, жәй мәдениетті-либералдық бағытында болған орташа ойдың өзі де көтермейтін, сүймейтін нәрселер еді. Біз соны жыр да қылдық, сонымен жастардың көңілін күнделік ісінен алаңдатып тартып, тап тартысында оның сезімдерін мұқалта беретін жемді бердік.

Мен тақырып жағына келгенде, үстіміздегі дәуірден көп алыста жатқан жазушы болдым. Ең бері көп жазғаным — "Қилы заман". Тақырып жағынан бұл біздің күнге "Еңлік— Кебек", "Қаракөздерден" жақынырақ уақиға. Бірақ шындықты суреттеу жағын алғанда, бұ да артқа тартатын шығарма болды. 16-жылдың жетекші күші есебінде мен атқа мінер, жуан атаны көрсеттім, болыстарды кірістірдім. Шынында, бұның көбі өз тілек ниеттерін жандарал шенеуніктердің ниеттерімен ұштастырып қосақтаған топ еді. Шындықты дұрыс түсінуден бұл шығарма да теріске кетті. Барлық осында саналған төңкеріске қарсы әрекеттер мен теория, тәжірибе, салт-сана — бәрі-бәрі ол топтың адамдарын қарсы бетке шығарды, жау жігіне кіргізді. Ісінің басы Мелюковпен одақтасудан басталып, бүгінге шейін кейбір адамын (Шоқайұлы) империалист, интервентшілердің тобында қалдырып, көпшілігін әлі күнге сол беттің адамы қып отыр. Олар әлі де сол капиталистер табағынан дәметумен келеді.

Мен, бүгін пленумге келгенде, сол өзімнің артқы жолымды барымша қатал сынға салып, тергеп өту арқылы келдім. Мені бүгін бір жағынан төңкерісшіл пролетариаттың туына жазылған ұлы ұран мен бүгінгі Қазақстан, бүгінгі барлық одақ құрылысының табыстары тартса, сонымен қатар ендігі соңғы бағытымның дұрыстығына, бұрын өзім болған топтың өткен тарихын нық тексеру де — пролетариат жолына келуіме себеп болды. Осы тексеру мені бұрынғы топтан серпіліп үзіліп шығып, оны өзімнен итеріп-серпіп тастауға себеп болды.Қазір мен сендердің тобыңа шын таза пейілмен келіп отырмын. Бойымдағы бар күшімді пролетариат ісінің пайдасына жұмсаймын деген үлкен екпінмен келіп отырмын. Егер, мен пайдалы бола алатын болсам, барымды бермекпін.

Рас, бүгінгі қалда көпшіліктің мені дос санай қоюы оп-оңай емес. Бірақ әдебиет, саясат жолындағы істер мені ол топпен байланыстырғанменде, мен түзелместей үмітсіздікке кеткенім жоқ. Білім, тәрбиені кеңес мектебінен, (вузынан) алдым.

Социалдық құрылыстың табыстары адам баласының ішіндегі ең алдыңғы, ең нәрлі қатардың барлығын өзіне тартып жатқанда, дүние жүзінің ең ірі жазушысы, ең ірі ғалымдарының жүректері де пролетариат ісінің тілегіне ауысқанда тас болып қатып қалатын, ойыспайтын өліжан мен емеспін. Менің де артым — қазақтың ауылы. Менің әке-шешем қырдың қараңғы бақташысы болған. Артқы күндерімнің ауыртпалығын мен жеңе аламын. Жолдас Жансүгірұлы менің алғашқы сөздерімнің қателерін дұрыс айтты. Ол кезде Қазап бізді өзімен бірге істеуге шақыруға болмаушы еді.

Менің ендігі кепілім, онда жазған заявлениемде,7 бүгінгі сөйлеген сөзімде емес. Көңілім пролетариат ісіне арналған зор сенімім және бұдан былай істейтін ісім. Мен сында болуым керек. Және сол сынды мен адақтаймын, ақтаймын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға