Жаңа мұнай кен орны табылды
Қазақстанда жаңа мұнай кен орны табылды. Мұндай мәліметті Елбасына Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған министр саланың бүгінгі жайын әңгімелеп берді. Алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, елімізде 40 млн. тоннадан астам мұнай және газ конденсаты өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,8 %-ға артық. Сонымен қатар, табиғи газбен ілеспе газды өндіру жоспар бойынша жүргізілуде. Ал, мұнай экспортына келетін болсақ, бұл салада жұмыстар тыңғылықты жүзеге асырылып жатыр. Нақты мәліметтер жыл соңында беріледі деді Ұзақбай Қарабалин.
Кездесу барысында Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ ірі кен орындарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш жобалардағы және болашақта жаңа кен орындарын игеру кезінде мемлекет мүддесін барынша қорғауды тапсырды. Сондай-ақ, мұнай және газ саласын одан әрі дамыту керектігін қадап айтты.
baq.kz