«Алдар көсе» фильмі
Кино тарихы туралы сөз болғанда, 1938 жылы түсірілген қазақтың алғашқы фильмі «Амангелді» фильмі еске оралады. Ал ұлттық киноның тарихы Шәкен Аймановтан басталады. Ол қазақтың тұңғыш кинорежиссері.
Ендеше, бүгін біз сіздермен қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов түсірген фильмдер туралы әңгімелейтін боламыз.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Олардың барлығы - жиынтық образ. Алдар Көсе халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген мифтік кейіпкер. Яғни, халықты рухани тұрғыдан аздырмайды. Алдар Көсе ешқандай да ертегі емес. Халықтың басындағы рухани азғындықты, ұсақталып, жадап жүдеген елдің бейнесін Алдар арқылы көрсету оңай әрі тиімді.
Осылардың ішінен «Алдар көсе» туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға алғаш жеткізгендердің бірі - Шәкен Айманов. Осылайша Алдардың бейнесі біздің санамызға алғаш Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» (1965 жыл) фильмі арқылы бекіді. Содан кейін тағы да жаңаша сипатта фильмдер мен мультфильмдер түсірілді. Бірақ, Шәкен Айманов түсірген Алдардың жөні бөлек. Онда қарақан басының қамын ойлаған, әлсіздер мен байлардың арасындағы таптық бөлінушілікті, дәстүрдің еленбеуі сияқты кемшіліктерді аша білген. Адамдардың бір-біріне деген мейірімі мен бауырмалдығы жоғалғандығын дәл басқан.
«Алдар-Көсе» фильмі - Шәкен Аймановтың кино өнеріндегі Алдар-Көсе рөлін сомдаған ірі шығармасы. Экранда халықтың сүйікті кейіпкері өзінің ақылдылығымен, тапқырлығымен, кең пейілділігімен, ұшқыр ойымен, даналығымен танылады және осының бәрі әзіл-қалжыңымен жеткізіледі. Алдар-Көсе рөліндегі Шәкен Аймановтың шеберлігі халық ертегісін қазіргі кезбен байланыстырып, әрі Алдардың көзқарасын, тәлім-тәрбиесін бүгінгі күннің түсінігімен жеткізе білуі. Актердің өте шынайы ойыны экраннан Алдардың өзін көргендей әсер қалдырады.
Алдар-Көсе фильміне режиссер халқымыздың атақты актерлерін тарта білген. Мысалға, кішкене ғана эпизодтық Бақсы рөлін ойнаған ұлы актер Елубай Өмірзақов ұмтылмастай керемет әсер қалдырады.Кинорежиссер Шәкен Айманов бұл кішкентай ғана эпизодтық рөлді әдейі Елубай Өмірзақ үшін енгізген.
Бұл кинокомедиялар арқылы өмірде кездесетін маңызды проблемаларды шешуде комедия жанрының мүмкіндіктерін кинорежиссердің барынша пайдалана білуі үлкен шеберлікті көрсетеді.