Жаңалықтар

Жапония ғарышқа сөйлейтін робот ұшырды

4 тамызда халықаралық ғарыш станциясына Жапония ұшырған жүк кемесімен адам сияқты сөйлей алатын робот жөнелтілді. Жүк кемесі тамыздың 9-ы күні ғарыш станциясына жетуі тиіс. Жапон тіліндегі «үміт» («кибо») және «робот» сөздерінен құралған «Киробо» (Kirobo) атты робот-ғарышкер биыл қараша айында халықаралық ғарыш стансасына ұшып барады деп жоспарланған жапон ғарышкері Коичи Вакатаға серік болмақ. Киробо жапон тілінде сөйлей алады. Сонымен бірге, робот-ғарышкермен жерде қалған Мирата (Mirata) атты тағы бір сыңары сөйлеседі, деп хабарланды. Бұл екеуін де Токионың ғылым және технология университетінің мамандары Kibo Robot жобасы бойынша жасап шығарған. Дереккөз: baq.kz
05.08.2013 10:11 3378

4 тамызда халықаралық ғарыш станциясына Жапония ұшырған жүк кемесімен адам сияқты сөйлей алатын робот жөнелтілді. Жүк кемесі тамыздың 9-ы күні ғарыш станциясына жетуі тиіс.

Жапон тіліндегі «үміт» («кибо») және «робот» сөздерінен құралған «Киробо» (Kirobo) атты робот-ғарышкер биыл қараша айында халықаралық ғарыш стансасына ұшып барады деп жоспарланған жапон ғарышкері Коичи Вакатаға серік болмақ. Киробо жапон тілінде сөйлей алады.

Сонымен бірге, робот-ғарышкермен жерде қалған Мирата (Mirata) атты тағы бір сыңары сөйлеседі, деп хабарланды. Бұл екеуін де Токионың ғылым және технология университетінің мамандары Kibo Robot жобасы бойынша жасап шығарған.

Дереккөз: baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға