Тамыз айында өтетін әлемдік додалардың күнтізбесі
Атап айтқанда 5-11 тамызда Гуанджоуда (Қытай) Бадминтоннан әлем чемпионаты, 5-12 тамыз аралығында Семсерлесуден Венгрия астанасы Будапеште әлем біріншілігі, 7-11 тамызда Глазгода (Шотландия) Велотректер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, 8-11 тамызда Майами қаласында (АҚШ) дзюдодан кадеттер арасындағы әлем біріншілігі, 10-18 тамызда Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем біріншілігі болады.
Сонымен қатар 13-18 тамызда Болгария астанасы Софияда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Ал 16-24 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ұйымдастырылмақ.
Бұдан бөлек, 20-25 тамызда Зренжанинде (Сербия) Күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, 16-29 тамызда Дубайда (БАЭ) Су спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, 26 тамыз-1 қыркүйек аралығында Дзюдодан Рио де Жанейро қаласындағы әлем чемпионаты, 28 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Киевте (Украина) Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты, сондай-ақ 29 тамыз - 1 қыркүйекте Каноэ есуден Дюсселдорф қаласында (Германия) әлем чемпионаты өтеді.