Бүгін халықаралық бағдаршамдар күні
Бүгін халықаралық бағдаршам күні.
Бағдаршамдар күні 1914 жылдың 5 тамызынан бастап атап өтіледі. Дәл осы күні Амеркианың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы үлгілері пайда болды. Оның қызыл және жасыл шамдары болды, ал түстерін ауыстырған кезде дыбыс сигналын шығарып тұрды.
Ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт 19-ғасырда-ақ ойлап тапқан болатын. Бұл аппарат 1868 жылы Лондон парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Үш жылдан кейін бағдаршам өздігінен жарылып, полицейді жарақаттады. Бұдан кейін бағдаршам 50 жылға ұмытылды. Тек 1910 жылы екі түсі бар алғашқы автоматты бағдаршам құрылғысы патенттелді.
Қазіргі қолданыстағы үш түсті бағдаршамдарды алғаш рет 1920 жылы Детройт пен Нью-Йорк қалаларының тұрғындары көрді. Уақыт өте келе құрылғылар Америка мен Еуропаның түрлі қалаларында кең қолданыла бастады.
КСРОда алғашқы бағдаршам 1930 жылы 15 қаңтарда Ленинградта, 25 қазанда Володор көшелерінде орнатылды. Осы жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде де алғашқы бағдаршамдар пайда болды.
Ал, еліміздегі алғашқы бағдаршам 1938 жылы Алматы қаласында орнатылған еді. Ол қазіргі Панфилов және Гоголь көшелерінің қиылысына қойылды. Алғашқыда Алматы көшелерінде небәрі 11 бағдаршам болды. Кейіннен электронды бағдаршамдар қолданысқа енгізіліп, ол алғаш рет Байтұрсынов пен Райымбек батыр көшелерінің қиылысына орнатылды.
Интернет беттерінен әзірленді.