Жаңалықтар

Головкиннің ендігі қарсыласы Стивенс болуы мүмкін

Орташа салмақ дәрежесіндегі WBA чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер америкалық боксшы Кертис Стивенстің шеберлігіне тәнті болғанын жеткізді. Сондықтан ол отандасымыздың келесі қарсыласы болуы әбден мүмкін деп жазады Sports.kz.  28 жастағы Кертис Сауль Романмен жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні АҚШ-та өтетін жекпе-жекте Стивенстің Головкинмен бақ сынасуына ұсыныстар түсуде.  "Біз рингте Генаның қарсыласы ретінде Стивенсті көргіміз келеді. Оның Романды нокаутқа түсіргеніне риза болдым. Оның өзі де орташа салмақтағы спортшылардың ішінен, мысалы Мартин Мюррейден гөрі, Геннадиймен шыққысы келетін сыңайлы" дейді Лёффлер Ringtv.com-ға берген сұхбатында.  BNEWS
05.08.2013 06:02 3006

Орташа салмақ дәрежесіндегі WBA чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер америкалық боксшы Кертис Стивенстің шеберлігіне тәнті болғанын жеткізді. Сондықтан ол отандасымыздың келесі қарсыласы болуы әбден мүмкін деп жазады Sports.kz. 

28 жастағы Кертис Сауль Романмен жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні АҚШ-та өтетін жекпе-жекте Стивенстің Головкинмен бақ сынасуына ұсыныстар түсуде. 
"Біз рингте Генаның қарсыласы ретінде Стивенсті көргіміз келеді. Оның Романды нокаутқа түсіргеніне риза болдым. Оның өзі де орташа салмақтағы спортшылардың ішінен, мысалы Мартин Мюррейден гөрі, Геннадиймен шыққысы келетін сыңайлы" дейді Лёффлер Ringtv.com-ға берген сұхбатында. 

BNEWS

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға