Жаңалықтар

Қазір отандық тарихшылардың кәсіби шыңдалатын кезеңі - Б.Аяған

Қазір отандық тарихшылардың кәсіби шыңдалатын кезеңі келіп отыр. Бүгін  Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып,  Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған осындай пікірін жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Ұлттық тарихты реформалау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық тапсырмасына сәйкес бастама алғаны белгілі. Стратегиялық тапсырмада орын алған идеялар отандық тарих ғылымын кемелдендіруге бағытталған. Ең бастысы, басқа кезеңдермен салыстырғанда, ғалымдарға мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Біз, тарихшы ғалымдар оны жақсы түсініп отырмыз. Ендігі жерде ғалымдарға ешкім де идеологиялық шектеулер қоймайды. Керісінше, оларға түбегейлі толық зерттеулер жүрргізуге жағдай жасалады», - деген институт директоры тарихшылардың мойнындағы жауапкершіліктің де арта түстеніні атап өтті. «Сонымен, тұтастай жауапкершілік ғалым, тарихшылардың мойнына жүктеліп отыр. Ғалымдар үшін кәсіби шыңдалу мен сын сағаты туып отыр», - дейді Бүркітбай Ғелманұлы. Белгілі профессордың атап өтуінше, «бұдан былай отандық тарихшылардың іс-қимылдарын жаппай жұмылдырып, қолымыздағы барлық ғылыми және интеллектуалдық әлеуеттің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануымыз керек».  Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
02.08.2013 08:44 3295

Қазір отандық тарихшылардың кәсіби шыңдалатын кезеңі келіп отыр. Бүгін  Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып,  Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған осындай пікірін жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ұлттық тарихты реформалау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық тапсырмасына сәйкес бастама алғаны белгілі. Стратегиялық тапсырмада орын алған идеялар отандық тарих ғылымын кемелдендіруге бағытталған. Ең бастысы, басқа кезеңдермен салыстырғанда, ғалымдарға мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Біз, тарихшы ғалымдар оны жақсы түсініп отырмыз. Ендігі жерде ғалымдарға ешкім де идеологиялық шектеулер қоймайды. Керісінше, оларға түбегейлі толық зерттеулер жүрргізуге жағдай жасалады», - деген институт директоры тарихшылардың мойнындағы жауапкершіліктің де арта түстеніні атап өтті.

«Сонымен, тұтастай жауапкершілік ғалым, тарихшылардың мойнына жүктеліп отыр. Ғалымдар үшін кәсіби шыңдалу мен сын сағаты туып отыр», - дейді Бүркітбай Ғелманұлы.

Белгілі профессордың атап өтуінше, «бұдан былай отандық тарихшылардың іс-қимылдарын жаппай жұмылдырып, қолымыздағы барлық ғылыми және интеллектуалдық әлеуеттің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануымыз керек». 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға