22 жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашылған
02.08.2013 08:42
3420
«2013 жылы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Өкімімен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, 5 маусым күні жұмыс тобының отырысы өтті. Сол ведомствоаралық кеңейтілген кеңестің өткеніне тура 56 күн толып отыр, мен оны арнайы санадым. Осы уақыт аралағында атқарылған жұмыстарға келсек, жұмыс тобының реформаны одан әрі жүргізу мәселелерін жан-жақты талқылаған екі отырысы өтті. Қазақстанда 59 жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары жұмыс істеп келсе, 4 мемлекеттік, 9 акционерлік, 9 жеке жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары жаңадан ашылып, жұмысқа кірісті», - деп хабарлады Бүркітбай Ғелманұлы.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Диплом, курстық жұмыс жазудың тәртібі