Жаңалықтар

Астанадағы бейнекамералар бюджетке 225 млн. теңге табыс түсірді

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы Жол жүру ережелерін бұзғандарды автоматты түрде жазатын фото және бейнекамералардың 7 айдағы жұмысын қорытындылады.  Астана ЖПД хабарламасы бойынша, қала аумағында автоматты режимде 55 фото және бейнекамера жұмыс істейді, оның 49-ы Red speed стационарлық жылдамдық өлшегіш және 6-ы қиылыстардан өту ережелерін бұзғандарды суретке түсіретін «Интегра» жол қозғалысын бақылау жүйесі. Статистикалық деректерге жүгінсек, әрбір сегіз апаттың біреуі жылдамдықты арттырудың салдарынан болады екен. 2013 жылдың 7 айында Астанада 324 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның 31-і жылдамдықты арттырудың кесірінен болған. Апаттардың салдарынан 3 адам көз жұмып, 36 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Бұған қоса, бірнеше жылдық сараптамалардан байқағанымыздай, Red Speed стационарлық жылдамдық өлшегіші орнатылған орындарда апат болмаған. Бүгінгі күні заң бұзғандардың мекен-жайларына 38,5 мың жазбаша өкім жіберілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырығанда 12%-ға артқан. Салынған айыппұлдар 500 млн. теңгеге жеткен, оның 46 пайызы, яғни 225 миллионы бюджетке төленді. Айыппұлдарды төлету деңгейін арттыру мақсатында Жол полициясы басқармасы заң бұзғандардың мекен-жайына тұрақты түрде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы өкім жіберіліп отырады. Көлік сатылған уақытта оның иесі жол жүру ережесін бұзған-бұзбағаны да тексеріледі. 
02.08.2013 05:32 3218

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы Жол жүру ережелерін бұзғандарды автоматты түрде жазатын фото және бейнекамералардың 7 айдағы жұмысын қорытындылады. 

Астана ЖПД хабарламасы бойынша, қала аумағында автоматты режимде 55 фото және бейнекамера жұмыс істейді, оның 49-ы Red speed стационарлық жылдамдық өлшегіш және 6-ы қиылыстардан өту ережелерін бұзғандарды суретке түсіретін «Интегра» жол қозғалысын бақылау жүйесі.

Статистикалық деректерге жүгінсек, әрбір сегіз апаттың біреуі жылдамдықты арттырудың салдарынан болады екен.

2013 жылдың 7 айында Астанада 324 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның 31-і жылдамдықты арттырудың кесірінен болған. Апаттардың салдарынан 3 адам көз жұмып, 36 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Бұған қоса, бірнеше жылдық сараптамалардан байқағанымыздай, Red Speed стационарлық жылдамдық өлшегіші орнатылған орындарда апат болмаған.

Бүгінгі күні заң бұзғандардың мекен-жайларына 38,5 мың жазбаша өкім жіберілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырығанда 12%-ға артқан. Салынған айыппұлдар 500 млн. теңгеге жеткен, оның 46 пайызы, яғни 225 миллионы бюджетке төленді.

Айыппұлдарды төлету деңгейін арттыру мақсатында Жол полициясы басқармасы заң бұзғандардың мекен-жайына тұрақты түрде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы өкім жіберіліп отырады. Көлік сатылған уақытта оның иесі жол жүру ережесін бұзған-бұзбағаны да тексеріледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға