Жаңалықтар

Қытайлық азамат ұшаққа қол жүгіне салынған тасбақаны өткізбек болды

Қытайлық Ли Гуанчжоудан Бейжіңге бет алған ұшаққа өзінің үй тасбақасын өткізуге әрекеттенген. Ер адам қауіпсіздік қызметінің назарына түспеу үшін оны бургерге орап, өзінің қол жүгіне салды. Бірақ Лидің ойластырған жоспары іске аспады. Мамандар жолаушының жүгін тексеру барысында рентген сәулелері арқылы тасбақаны байқап қалған. Бастапқыда қытайлық азамат күмәнді заттың барын теріске шығарғанымен, артынан тағамның арасында тасбақа жасырылғанын мойындады. Оған әуежайда тасбақасымен қоштасуға тура келді. ҚазАқпарат.
01.08.2013 05:30 2850

Қытайлық Ли Гуанчжоудан Бейжіңге бет алған ұшаққа өзінің үй тасбақасын өткізуге әрекеттенген.

Ер адам қауіпсіздік қызметінің назарына түспеу үшін оны бургерге орап, өзінің қол жүгіне салды.

Бірақ Лидің ойластырған жоспары іске аспады. Мамандар жолаушының жүгін тексеру барысында рентген сәулелері арқылы тасбақаны байқап қалған.

Бастапқыда қытайлық азамат күмәнді заттың барын теріске шығарғанымен, артынан тағамның арасында тасбақа жасырылғанын мойындады.

Оған әуежайда тасбақасымен қоштасуға тура келді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға