Жаңалықтар

Лукашенко адамның бойындай жайын ұстады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Припять өзенінен 57, 24 және 7 келі тартатын үш жайын ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Минскіде журналистердің қатысуымен өткен мәжілісте айтты, деп хабарлайды ОНТ беларусь телеарнасы.  Лукашенконың айтуынша, Припять өзенінде бірталай уақыттан бері балық болмаған, ал қазір өзенге қолыңды салсаң бітті, балықтар өздері келіп ілінеді. Мамандар «кәсіби балықшы болмаса, жай адам мұндай үлкен балықты ұстай алмайды» деп отыр. Беларусияның Ұлттық ғылыми академиясы биоресурстар орталығының ихтиологы Андрей Лещенко «Салідарнасць» басылымына берген сұхбатында: «мұндай жайынды судан алып шығу, асау атты тәжірибесіз адамның баптауымен бара-бар», - дейді. Естеріңізге саламыз, жуырда ғана өзінің балықтағы жетістіктері туралы Ресей президенті айтқан болатын. Ол Тывада салмағы 21 келі шортан ұстаған, алайда, кейбір блогерлер бұған күмәнмен қарайды. baq.kz
01.08.2013 05:10 3165

Беларусь президенті Александр Лукашенко Припять өзенінен 57, 24 және 7 келі тартатын үш жайын ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Минскіде журналистердің қатысуымен өткен мәжілісте айтты, деп хабарлайды ОНТ беларусь телеарнасы. 

Лукашенконың айтуынша, Припять өзенінде бірталай уақыттан бері балық болмаған, ал қазір өзенге қолыңды салсаң бітті, балықтар өздері келіп ілінеді.

Мамандар «кәсіби балықшы болмаса, жай адам мұндай үлкен балықты ұстай алмайды» деп отыр. Беларусияның Ұлттық ғылыми академиясы биоресурстар орталығының ихтиологы Андрей Лещенко «Салідарнасць» басылымына берген сұхбатында: «мұндай жайынды судан алып шығу, асау атты тәжірибесіз адамның баптауымен бара-бар», - дейді.

Естеріңізге саламыз, жуырда ғана өзінің балықтағы жетістіктері туралы Ресей президенті айтқан болатын. Ол Тывада салмағы 21 келі шортан ұстаған, алайда, кейбір блогерлер бұған күмәнмен қарайды.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға