Жаңалықтар

Алматылық бизнесмендердің 25%-дан астамы патент бойынша жұмыс істейді

Оңтүстік астанадағы әрбір төртінші кәсіпкер салық төлеу режимін патент арқылы таңдайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы Салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  Олардың берген мәліметі бойынша, Алматы қаласындағы салық органдарында патент бойынша жұмыс істейтін 20 316 жеке кәсіпкер тіркеуде тұр. Бұл бизнесмендердің жалпы санының 25%-нан асады. Салық төлеудің патенттік жүйесі өзінің артықшылықтарына байланысты кең қолданыс табуда.  «Салық төлеудің мұндай түрінде салық төлеушілер үшін салықтың ең төменгі мөлшерлемесі ұсынылаған – 2%. Салық төлеуші кассалық-бақылау машинасын қолданабаса да болады және патентті бір жылға сатып алуға болады», – делінген хабарламада.  Әйткенмен, бұл жүйенің де өз шектеулері бар. Бұл жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы және жылына алынатын табыс көлеміне шектеу қою. Сонымен, 2013 жылы жылдық табыс 3 732 000 теңгеден аспауы керек.  
01.08.2013 04:52 2952

Оңтүстік астанадағы әрбір төртінші кәсіпкер салық төлеу режимін патент арқылы таңдайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы Салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Олардың берген мәліметі бойынша, Алматы қаласындағы салық органдарында патент бойынша жұмыс істейтін 20 316 жеке кәсіпкер тіркеуде тұр. Бұл бизнесмендердің жалпы санының 25%-нан асады. Салық төлеудің патенттік жүйесі өзінің артықшылықтарына байланысты кең қолданыс табуда. 

«Салық төлеудің мұндай түрінде салық төлеушілер үшін салықтың ең төменгі мөлшерлемесі ұсынылаған – 2%. Салық төлеуші кассалық-бақылау машинасын қолданабаса да болады және патентті бір жылға сатып алуға болады», – делінген хабарламада. 

Әйткенмен, бұл жүйенің де өз шектеулері бар. Бұл жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы және жылына алынатын табыс көлеміне шектеу қою. Сонымен, 2013 жылы жылдық табыс 3 732 000 теңгеден аспауы керек.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға