Алматыда медициналық қызмет ақысы қымбаттады
01.08.2013 04:03
2782
2013 жылдың шілдесінде өткен аймен салыстырғанда дәрігерге бастапқы қаралу құны 1,7 пайызға, қанның жалпы сараптамасы 0,7 пайызға қымбаттаған. Ал фотограф, шаштараз, тіс дәрігері, сағат жөндеуші қызметтерінің құны шамалы ғана көтерілді.
2012 жылдың шілдесімен салыстырғанда ағымдағы айда тұрмыстық қатты қалдықтардан басқа қызметтердің бағасы да артқан. Ыстық судың текше метрінің бағасы 274 теңгеден 350 теңгеге, кәріз тарифі 12 теңгеден 27,78 теңгеге, телефон бағасы 839 теңгеден 1006 теңгеге артты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Американдық Детройт қаласында үйлер 1 долларға сатылуда
Келесі жаңалық
Қарағанды облысының шаруалары су шығынын азайтуға ниетті