Американдық Детройт қаласында үйлер 1 долларға сатылуда
01.08.2013 03:59
2983
Көптеген үйлерді банктер сатуға қойған, оларды иелерінен қарыздары үшін тәркілеген банктер енді салық төлемеу үшін бұл үйлерден тезірек құтылуға тырысуда. Детройттағы жылжымайтын мүлік салығы елдегі ең жоғары көрсеткішті құрайды.
АҚШ-тың автомобиль астанасы 40 жыл бұрын американдық автоөнеркәсіптегі жағдай қиындаған кезден құлдырай бастады. Детройттың бюджеттік тапшылығы 380 млн. долларға жетіп отыр, ал жалпы қарызы 17 миллиардтан 20 миллиард долларға дейінгі сомаға бағалануда. Шілденің ортасында қала басшылығы американдық автомобиль астанасын банкрот деп тану жөнінде сотқа жүгінді.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Сібірде Х ғасырға тиесілі араб шақасы табылды
Келесі жаңалық
Қарағанды облысының шаруалары су шығынын азайтуға ниетті