Арқалықта жел паркі салынады
Арқалықта жел паркін кредиттеу мәселесі шешілуде. Бұл туралы қалас әкімі Ғазиз Бекмұхамедов айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысының жасыл экономикаға көшу идеясы аясында «KazWindEnergi» ЖШС Арқалық қаласы аумағында құны 15 млрд 850 млн теңге тұратын жел паркінің құрылысын жүргізбек. Жоспарланып отырған жылдық электр энергия өндіру көлемі – 131 млн кВт/с», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, қазір бұл жобаны кредиттеу мәселесі қарастырылуда.
«Кредит алу үшін олар «KEGOС» АҚ-мен алдын ала келісімшарт жасасуы керек. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар атқарылуда. Содан кейін инвестор құрылысқа қажетті құжатты әзірлеуге кіріседі», - деп толықтырды Арқалық қаласының басшысы.
Әкім атап өткендей, жоба Индустрияландыру картасына қосылған, 2013 жылдың қаңтар-мамырында «KazWindEnergi» ЖШС-дан қалалық бюджетке 1,5 млн теңге көлемінде салық түскен екен.