Жаңалықтар

Жүйесіздікті жоймай, жаңа тарих жазыла ма?

Өткен маусым айында тарихшылардың алдына қадау-қадау мәселелер қойған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «классика дәуіріндегі еуропалық авторлардың ғана туындыларын оқып, соларға сүйену жеткіліксіз» екендігін айтқан еді. Бұл орайда, ілгеріректе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» дегенін де білеміз. Осыны тілге тиек еткен Марат Тәжин «мәселенің бұлай қойылуы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады», – деді. Кез келген мемлекет сыртқы күш­тер­ге жем болмас үшін іштен іріткі салушы сепаратистер мен экс­тре­мистерге жол бермес үшін этно­сына, нәсіліне қара­мас­тан, ең жоғарғы ұлт­тық бірегейлікке бейім­де­луі қажет. Сондықтан бірегейлік – ең өзекті мәселе. Уақыттың өзі дәлел­деп келе жатқандай, жа­һандық немесе мульти­мәдениет, кос­мо­по­литтік құн­ды­лық­тар белгілі бір идео­логияға тірек бола алмайды. Қазақ­стан халқының ұлт­тық бірегейлігі мемлекетқұраушы ұлттың тілі мен тарихы арқылы ғана жүр­­гізіледі. Мұн­дағы өзге ұлт өкіл­де­рінің қазіргі буыны жер аударылып кел­меген. Олар осы қасиетті қазақ жерінің тумасы бол­ған­дық­тан, туған жерінің тари­хына жа­ңа­ша көз­қа­раста жазылған нұсқасында сусын­дауы қажет. Ұлттық бірегейлік жолында жаңаша көзқарас қалыптастыру үшін мынандай жүйесіздіктермен күресу қажет сияқты. 1. Тарихшыларымыз түпкілікті бір ше­шімге келе алмай жүрген «ашаршылықта қан­ша қазақ қырылған?» деген сауал... Осы сұрақты мамандардың ортасына тас­та­са­ңыз, қанша тарихшы болса, бір-біріне ұқсамайтын сандардан тұратын сонша жауап аласыз. Қазақстан саяси қуғын-сүр­гiнге ұшырағандар қауымдастығының төра­ғасы Жұмабек Ашуұлы 1931-1932 жыл­дардағы ашаршылықтан 8 миллион қазақтың 2 миллионнан асар-аспасы ғана қалғанын дәлелдейді. Ал тарих ғылымы­ның докторы Талас Омарбеков ашаршы­лық кезінде 2 млн 500 мыңнан астам адам мерт болған дейді. Тарихшы бір сөзінде «Ресейлік ғалымдар болса оның жартысын табиғи өліммен байланыстырып отыр. Ен­ді қараңыз, 1933 жылдары 3 млн 735 мың 100 адам тірі қалса, қалған 50 пайызы – 1 млн 8 мың адам. Демек, 700 мыңнан ас­там адамның өлу фактісі жасырын қал­ған», – дейді. Біздің тарихшыларымыз әр­түрлі пікір айтып отырғанда, оның өтеуін кімнен қай дерегімізбен сұраймыз? Біздің­ше, мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін ашаршылықты зерттейтін қауымға ақпараттық кеңінен қолдау қажет. Мыса­лы, аштық туралы шынайы деректерге, фо­тосуреттерге бізде тарихшы ғалымдар қол жеткізе алмай жүрсе, бізге үлгі бо­лар­лық Украинада әрбір ынталы азамат біле­ді. 2. Бір ғана оқиғаға қатысты түрлі тари­хи даталар жайында жиі айтылып жүр. Тарихшы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қа­рин «әдетте, біздің елде әйгілі, ұлт тарихы­на еңбегі сіңген тұлғалардың ғана мерей­той­лары аталады. Кейде оның өздері де лайықты деңгейде емес. Алаштың 90 жыл­дығы, одан кейінгі 95 жылдығы негі­зінен қоғамдық ұйымдардың атсалысуы­мен болмаса, жай бір күнтізбедегі дата бо­лып қала берер ме еді, кім біледі?» де­ген еді. Оның айтуынша, 2000 жылы Та­рих және этнология и нституты дайындаған «Қазақстан тарихы» 3 томдығында Бұлан­ты-Білеуті шайқасы 1728 жылы болды деп келтірілген. Олай болса, биыл бұл шай­қасқа – 285 жыл. Басқа деректерде бұл шай­қас 1727 жылы өтті дейді. Тіпті 1727 жылы болса да үлкен датаны назарсыз қал­дырғанымыз. Ал Бұлантыдағы шайқас қазақ-жоңғар соғысындағы шешуші шай­қас болды. Сарапшының пікірімен келіс­песке лаж жоқ. Қазіргі талапкерлер, сту­дент­тер оқулықпен ғана шектелмейді. Ал сол ғаламторда бірнеше даталар кезде­седі. Бірізділіктің жоқтығынан өзге түгіл, өзіміз тарихи даталарымызды білмей жүрміз... 3. «Қазақтың жүздері қайдан шыққан?» деген сұрақ қазақтарды да, өзге ұлт өкіл­дерін де толғандырады. Ал оған нақты жауап, тарихи бір тоқтам жоқ. Шоқан Уә­ли­хановтың пікірі бойынша, Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқық­тарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған». Ал Аристовтың ойынша, жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан. Тарихшы Василий Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағ­дайға икемделу және аумақтық оқ­шау­лану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», — деп ес­ептейді. Михаил Вяткин атты ғалым В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себеп­термен қатар саяси оқиғалар әсер етті, же­келеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптас­ты», — дейді. Түрколог Сәрсен Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға де­йінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді», — деп есептесе, шығыстанушы, тарих ғы­лым­ының докторы Тұрсын Сұлтанов жүз­дердің құрылуы жөнінде нақты дерек­тердің тапшылығын айта келіп: «XVI ға­сыр­дың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан», — деп бол­жайды. Талас Омарбеков «қазақтың үш жүзге бөлінуі – ежелден қалыптаса баста­ған мәселе. Шыңғыс ханның жаулауы ке­зінде де әртүрлі ордаларға бөлінгеніміз белгілі. Сол ордаларда қазақтың ру-тай­па­лары қауымдасуға мәжбүр болды. Ба­тыста, мысалы, «ноғай ұлысы» деген бол­ды, бәріміз білеміз. Бұл ұлысқа, негізінен, кіші жүзді құраған рулар көптеп кірді. Ал бірақ қазақ жүзінің қалыптасып бітуі, ме­нің көзқарасымда, бұл – Есім ханның кезі, яғни ХVІІ ғасырдың басында. Неге олай дейміз? Өйткені ХVІ ғасырдың орталарына дейін қазақ жүздері туралы еш жерде мә­лімет жоқ, деректерде «қазақ ордалары» деп айтылады» дейді. Байқасақ, қазақ жүз­деріне қанша адам зерттеу жүргізсе, сонша пікір бар, тарихи пайым бар.   Бір мысал Жуырда «Эстония тарихының» екінші томы жарыққа шықты. Публицист Эркки Баховски оны «тарихи көзқарасқа революциялық өзгеріс жасады» деп бағалады. Жаңа тарихтың баяндауы бойынша Эстония ешқашан еркіндігін жоғалтпаған. Тек қана кейбір кезеңдерде құқықтық тәртіп қана өзгеріп отырған. Бұрындары сол кезеңін олар «Неміс кресшілері жаулап алып, Ливонияны құрамына қосып алған» деп оқып келген болатын. «Скандинавиялық деректерде викингтердің І мыңжылдықтың соңы – ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Эстонияның жағалауларына, ал ХІ ғасырдан бастап эсттердің Дания мен Швецияға жорық жасағанын, ХІІІ ғасырдан бастап неміс, кейіннен дат басқыншыларының нысанына айналды» деп келген эстондар енді жаңа тарихы бойынша ешқашан еркіндігін жоғалтпаған, өте ертеде қалыптасқан ұлт екенін көрсетіп отыр. Финн тайпалары эсттер мен ливтердің, жергілікті рулар одағының барлығын Эстон ұлтының бірегейлігі жолында пайдаланды. Түйін Біздіңше, көпішіліктің көкейінде жүрген осындай мәселелерді біріздендіру қажет. Көкейдегі барлық сауалға, әсіресе үш жүздің қайдан шыққанына берілетін жауап ұлтты біріктіруге қауқарлы, ұлтты ұйыстыруға себеп болуы шарт. Міне, сонда ғана тарихтағы жүйесіздікті біртіндеп ретке келтіре аламыз деп есептейміз.   Автор: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ 
30.07.2013 03:33 3829

Өткен маусым айында тарихшылардың алдына қадау-қадау мәселелер қойған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «классика дәуіріндегі еуропалық авторлардың ғана туындыларын оқып, соларға сүйену жеткіліксіз» екендігін айтқан еді. Бұл орайда, ілгеріректе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» дегенін де білеміз. Осыны тілге тиек еткен Марат Тәжин «мәселенің бұлай қойылуы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады», – деді.

Кез келген мемлекет сыртқы күш­тер­ге жем болмас үшін іштен іріткі салушы сепаратистер мен экс­тре­мистерге жол бермес үшін этно­сына, нәсіліне қара­мас­тан, ең жоғарғы ұлт­тық бірегейлікке бейім­де­луі қажет. Сондықтан бірегейлік – ең өзекті мәселе. Уақыттың өзі дәлел­деп келе жатқандай, жа­һандық немесе мульти­мәдениет, кос­мо­по­литтік құн­ды­лық­тар белгілі бір идео­логияға тірек бола алмайды. Қазақ­стан халқының ұлт­тық бірегейлігі мемлекетқұраушы ұлттың тілі мен тарихы арқылы ғана жүр­­гізіледі. Мұн­дағы өзге ұлт өкіл­де­рінің қазіргі буыны жер аударылып кел­меген. Олар осы қасиетті қазақ жерінің тумасы бол­ған­дық­тан, туған жерінің тари­хына жа­ңа­ша көз­қа­раста жазылған нұсқасында сусын­дауы қажет.

Ұлттық бірегейлік жолында жаңаша көзқарас қалыптастыру үшін мынандай жүйесіздіктермен күресу қажет сияқты.

1. Тарихшыларымыз түпкілікті бір ше­шімге келе алмай жүрген «ашаршылықта қан­ша қазақ қырылған?» деген сауал... Осы сұрақты мамандардың ортасына тас­та­са­ңыз, қанша тарихшы болса, бір-біріне ұқсамайтын сандардан тұратын сонша жауап аласыз. Қазақстан саяси қуғын-сүр­гiнге ұшырағандар қауымдастығының төра­ғасы Жұмабек Ашуұлы 1931-1932 жыл­дардағы ашаршылықтан 8 миллион қазақтың 2 миллионнан асар-аспасы ғана қалғанын дәлелдейді. Ал тарих ғылымы­ның докторы Талас Омарбеков ашаршы­лық кезінде 2 млн 500 мыңнан астам адам мерт болған дейді. Тарихшы бір сөзінде «Ресейлік ғалымдар болса оның жартысын табиғи өліммен байланыстырып отыр. Ен­ді қараңыз, 1933 жылдары 3 млн 735 мың 100 адам тірі қалса, қалған 50 пайызы – 1 млн 8 мың адам. Демек, 700 мыңнан ас­там адамның өлу фактісі жасырын қал­ған», – дейді. Біздің тарихшыларымыз әр­түрлі пікір айтып отырғанда, оның өтеуін кімнен қай дерегімізбен сұраймыз? Біздің­ше, мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін ашаршылықты зерттейтін қауымға ақпараттық кеңінен қолдау қажет. Мыса­лы, аштық туралы шынайы деректерге, фо­тосуреттерге бізде тарихшы ғалымдар қол жеткізе алмай жүрсе, бізге үлгі бо­лар­лық Украинада әрбір ынталы азамат біле­ді.

2. Бір ғана оқиғаға қатысты түрлі тари­хи даталар жайында жиі айтылып жүр. Тарихшы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қа­рин «әдетте, біздің елде әйгілі, ұлт тарихы­на еңбегі сіңген тұлғалардың ғана мерей­той­лары аталады. Кейде оның өздері де лайықты деңгейде емес. Алаштың 90 жыл­дығы, одан кейінгі 95 жылдығы негі­зінен қоғамдық ұйымдардың атсалысуы­мен болмаса, жай бір күнтізбедегі дата бо­лып қала берер ме еді, кім біледі?» де­ген еді. Оның айтуынша, 2000 жылы Та­рих және этнология и нституты дайындаған «Қазақстан тарихы» 3 томдығында Бұлан­ты-Білеуті шайқасы 1728 жылы болды деп келтірілген. Олай болса, биыл бұл шай­қасқа – 285 жыл. Басқа деректерде бұл шай­қас 1727 жылы өтті дейді. Тіпті 1727 жылы болса да үлкен датаны назарсыз қал­дырғанымыз. Ал Бұлантыдағы шайқас қазақ-жоңғар соғысындағы шешуші шай­қас болды. Сарапшының пікірімен келіс­песке лаж жоқ. Қазіргі талапкерлер, сту­дент­тер оқулықпен ғана шектелмейді. Ал сол ғаламторда бірнеше даталар кезде­седі. Бірізділіктің жоқтығынан өзге түгіл, өзіміз тарихи даталарымызды білмей жүрміз...

3. «Қазақтың жүздері қайдан шыққан?» деген сұрақ қазақтарды да, өзге ұлт өкіл­дерін де толғандырады. Ал оған нақты жауап, тарихи бір тоқтам жоқ. Шоқан Уә­ли­хановтың пікірі бойынша, Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқық­тарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған». Ал Аристовтың ойынша, жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан.

Тарихшы Василий Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағ­дайға икемделу және аумақтық оқ­шау­лану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», — деп ес­ептейді. Михаил Вяткин атты ғалым В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себеп­термен қатар саяси оқиғалар әсер етті, же­келеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптас­ты», — дейді. Түрколог Сәрсен Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға де­йінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді», — деп есептесе, шығыстанушы, тарих ғы­лым­ының докторы Тұрсын Сұлтанов жүз­дердің құрылуы жөнінде нақты дерек­тердің тапшылығын айта келіп: «XVI ға­сыр­дың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан», — деп бол­жайды. Талас Омарбеков «қазақтың үш жүзге бөлінуі – ежелден қалыптаса баста­ған мәселе. Шыңғыс ханның жаулауы ке­зінде де әртүрлі ордаларға бөлінгеніміз белгілі. Сол ордаларда қазақтың ру-тай­па­лары қауымдасуға мәжбүр болды. Ба­тыста, мысалы, «ноғай ұлысы» деген бол­ды, бәріміз білеміз. Бұл ұлысқа, негізінен, кіші жүзді құраған рулар көптеп кірді. Ал бірақ қазақ жүзінің қалыптасып бітуі, ме­нің көзқарасымда, бұл – Есім ханның кезі, яғни ХVІІ ғасырдың басында. Неге олай дейміз? Өйткені ХVІ ғасырдың орталарына дейін қазақ жүздері туралы еш жерде мә­лімет жоқ, деректерде «қазақ ордалары» деп айтылады» дейді. Байқасақ, қазақ жүз­деріне қанша адам зерттеу жүргізсе, сонша пікір бар, тарихи пайым бар.

 

Бір мысал

Жуырда «Эстония тарихының» екінші томы жарыққа шықты. Публицист Эркки Баховски оны «тарихи көзқарасқа революциялық өзгеріс жасады» деп бағалады. Жаңа тарихтың баяндауы бойынша Эстония ешқашан еркіндігін жоғалтпаған. Тек қана кейбір кезеңдерде құқықтық тәртіп қана өзгеріп отырған. Бұрындары сол кезеңін олар «Неміс кресшілері жаулап алып, Ливонияны құрамына қосып алған» деп оқып келген болатын. «Скандинавиялық деректерде викингтердің І мыңжылдықтың соңы – ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Эстонияның жағалауларына, ал ХІ ғасырдан бастап эсттердің Дания мен Швецияға жорық жасағанын, ХІІІ ғасырдан бастап неміс, кейіннен дат басқыншыларының нысанына айналды» деп келген эстондар енді жаңа тарихы бойынша ешқашан еркіндігін жоғалтпаған, өте ертеде қалыптасқан ұлт екенін көрсетіп отыр. Финн тайпалары эсттер мен ливтердің, жергілікті рулар одағының барлығын Эстон ұлтының бірегейлігі жолында пайдаланды.


Түйін

Біздіңше, көпішіліктің көкейінде жүрген осындай мәселелерді біріздендіру қажет. Көкейдегі барлық сауалға, әсіресе үш жүздің қайдан шыққанына берілетін жауап ұлтты біріктіруге қауқарлы, ұлтты ұйыстыруға себеп болуы шарт. Міне, сонда ғана тарихтағы жүйесіздікті біртіндеп ретке келтіре аламыз деп есептейміз.

 

Автор: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға