Қастеевтің ұрланған суреттерін 150 мың долларға сатпақ болған
Қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеевтің ұрланған суреттерін 150 мың долларға сатпақ болған. Бұл жайында Tengrinews.kz Алматы қаласының экономикалық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Естеріңізге салайық, 2012 жылдың шілде айында суретшінің қызы Гүлдария Қастеева әкесі өз қолымен салған 20 туындының жоғалғандығын байқайды. Ал ,сол жылдың қазанында қаржы полициясының қызметкерлері Қастеев суреттерін 15 000 долларға сатпақ болған алаяқты қолға түсірген. Ақпан айында мамандар суретшінің екі картинасын тауып, Орталық мемлекеттік мұражайға қайтарған болатын.
Ағысдағы жылдың маусым айында алматылық тұрғынның үйінен қылқалам шеберінің тағы үш туындысы табылды. Оларды күдікті 150 мың АҚШ долларына сатпақ болыпты. атап айтқанда, "К.Қайырбекованың портреті" - 50 000 доллар, "Социалистік еңбек ерінің үйінде" - 60 000 доллар және "Ескі қыстау" 37 500 долларға бағаланған. Енді бұл картиналардың барлығы да Орталық мемлекеттік мұражайға беріледі.
Baq.kz