Жаңалықтар

Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысы

Біреуге «берем» дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме, – дей отырып, адамның артында ұмытылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды. Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида, ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғамында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда да әдеттегі тіршілік қарекетінен, қала берді табиғат дамуының барысындағы өзгерістерден туатын жағдаяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өрелі қорытындыға дейін биіктеуді байқаймыз. Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысына беріліп отыратын сипатты мінездемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қалады. Және бір сүйсінерлігі олар қоғамның ақын өнеріне қойылар жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның арақатынасы да әңгіме өзегінен шет қалмайды. Мәселен: Өлеңдетіп әндеткен, Айналаны сәндеткен, өнер иесі ақынның: Жастайынан көсілген, Он саусақ ойнап секірген, – деп ақ домбырасын аялап өлеңге қосуы да жарасымды.    Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қарымының қандайлық екенін тек пәлсапалық толғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы арнау өлеңдері дәлелдейді. Мәселен, «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің Ырысқұлбек бұлғақтаған», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп басталатын шығармаларында ақын өз заманының оқиғаларын шебер суреттейді. Бұларда ол кісінің бұлтартпастай ұстанатын бағыты – бұқарашылдық. Мысалға, «Мазақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Кезінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарияланған бұл өлеңінде ақын: Аулыңа келген жыршыны, Мазақ қылма, Көлбайым, Мазақ қылсаң, Көлбайым Сенің атаң Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын. – деп басталатын шығарма күллі билік иелеріне зілді ескертпе болып шыққан. Алғыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұмдық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деген арнауы жағалай жатқан қалың елге жаманат келтіретін жағымсыз қылықты: Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. Ит сатқанның ауылы атанарсың, Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты. – деп шенеп-мінеуімен құнды.
23.07.2013 06:07 3598

Біреуге «берем» дегін, «алам» деме,

Біреудің адал нанын алып жеме, – дей отырып, адамның артында ұмытылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды.

Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида, ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғамында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда да әдеттегі тіршілік қарекетінен, қала берді табиғат дамуының барысындағы өзгерістерден туатын жағдаяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өрелі қорытындыға дейін биіктеуді байқаймыз.

Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысына беріліп отыратын сипатты мінездемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қалады. Және бір сүйсінерлігі олар қоғамның ақын өнеріне қойылар жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның арақатынасы да әңгіме өзегінен шет қалмайды. Мәселен:

Өлеңдетіп әндеткен,

Айналаны сәндеткен,

өнер иесі ақынның:

Жастайынан көсілген,

Он саусақ ойнап секірген, – деп ақ домбырасын аялап өлеңге қосуы да жарасымды.   

Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қарымының қандайлық екенін тек пәлсапалық толғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа-мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы арнау өлеңдері дәлелдейді. Мәселен, «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің Ырысқұлбек бұлғақтаған», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп басталатын шығармаларында ақын өз заманының оқиғаларын шебер суреттейді. Бұларда ол кісінің бұлтартпастай ұстанатын бағыты – бұқарашылдық. Мысалға, «Мазақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Кезінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарияланған бұл өлеңінде ақын:

Аулыңа келген жыршыны,

Мазақ қылма, Көлбайым,

Мазақ қылсаң, Көлбайым

Сенің атаң Жұмабай

Шылбырдан өлген кісі еді,

Кетерсің болып сондайын. – деп басталатын шығарма күллі билік иелеріне зілді ескертпе болып шыққан.

Алғыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұмдық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деген арнауы жағалай жатқан қалың елге жаманат келтіретін жағымсыз қылықты:

Алты күшік болыпты алты тоқты,

Әркім әуес қылады қолда жоқты.

Ит сатқанның ауылы атанарсың,

Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты. – деп шенеп-мінеуімен құнды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға