Жаңалықтар

«Ол дәурен – бір көрген түс»

Бұлай дейтініміз – кешегі Кеңес өкіметінің кезінде өткеннің бәріне топырақ шашу үрдіске айналған жоқ па. Ондаған ғасырлық тарихымызды мансұқ етіп, ата-бабамыз қор болып өткен екен, енді болмаса құрыған екенбіз демедік пе. Бірнеше толқын ұрпақты желіктіріп, санасын улаған құйтырқы саясатқа біреулер жан-тәнімен құлап, мәңгүрттік тұңғиығына батса, енді біреулер амалсыздың күнінен дүрмекке ілеспеді ме. Аталмыш повестерде Кеңес өкіметі тұсындағы тарихтың осындай келеңсіздігі, ұрдажық саясат салған жарақаттар көркем кестеленеді. Повестердің бірінде («Шырақшы Қалжігіт») сонау жаугершілік заманда қалың қол бастаған Барақ батырдың зиратын күтімге алып, киелі аруаққа тәу етіп келген жолаушыларға арнап тілеухана салған, әрі сол баспанаға шырақшы болып, ата-баба аруағын қадыр тұтқан Қалжігіт құдайдан қорықпайтын, адамнан ұялмайтын, жұрттың бәрін өзі тәрізді мәңгүрт, тоғышар қалыпқа салып өлшейтін Бегалы сияқты безбүйректер айдап салған қарақшылар қолынан мерт болады. Адалдықты арамға жорыған мүттәйім адамның қаскүнемдігі Қалжігітті жалмап тынғанымен, арамзаның бір-ақ тұтам құйрығы шолтаң ете түсіп, қой терісін жамылған жауыздықтың бет пердесі әп сәтте ашылып қалды.  Екінші повестегі («Құм киесі») ой желісі де алдыңғы повестің жалғасы іспетті. Мұнда да өткенді мансұқ еткен тоғышар кейіпкер алдымыздан шығады. Мұнда да малшы ауылдың жай-күйін білу үшін ауданнан келген өкіл Жарылқасовтың сорақылығы алғашқы повестегі атқамінерлерден асып түспесе кем емес. Мұнда да сол билік иесінің өзім білімге салынатын өктемдігіне, адамгершіліктен жұрдай жиіркенішті қылықтарға беті бүлк етпестен бара беретін пасықтығына өткенге осықырына қарайтын астамшылығы астасып, өзінше қатырып жүрмін деп ойлайтын, бірақ өмірі әбден мибатпаққа айналған шерменде кейіпкердің нанымды да көркем кестеленген образы алға тартылады. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ құладүзде құдайға сенбейтін, ескі салт-сананы жек көретін Жарылқасов үшін ар-ожданмен оңаша қалған сәттерде оны белінен басып аттап өтіп кете беру түк те емес. Баласы әскери борышын өтеп жүрген шопанның келінін зорлау, құлатып кетті деп атты атып өлтіру, ақыр аяғында, бұл өңірде киелі аталатын, көзі тірісінде мешіт, медіресе салдырып, жұрттың сауат ашуына мұрындық болған Тұрыш ишанның кесенесін, мешіт пен медіресені бұздыру - әжептәуір қызметтің құлағын ұстап отырған, бірақ ар-ожданнан да, өткенге құрметтен де жұрдай адамның бар жеткен жері міне осы. Ешкімнің айтқанына құлақ аспай мешіт пен медіресені бұзғандағы ойы да «өзінше» заман талабына сай. Әрі қияннан құрылыс материалын тасып әуре болудың қажеті жоқ, әрі өкіметтің затын үнемдей отырып, көпшіліктің затын түгендейді, яғни осындағы малшылардың балаларына арналған мектеп салынады. Өкілдің осынау оспадар, қатыгез, қарау қылығына жұрт қатты тіксінеді. Бұл тегін емес еді. Көп ұзамай Жарылқасов ауруға ұшырайды. Арада отыз жыл өткен соң ол өз басындағы шерменде жағдайды былайша баяндайды: «Иә, мен – сол Жарылғасовпын, - деді ол демінен күрсініс лебі білініп, - Самдағы Тұрыш ишанның басына түнеп, мінәжат етіп келем. Есер бас не істетпеді маған, соның зардабын шеккен сорлының бірі болып қалдық қой, Жұман-ау!» Екі повестің де тілі жеңіл, шұрайлы, бір деммен оқылады. Бұл шығармалармен танысу барысында иесі табылса экранға сұранып-ақ тұрған дүниелер екен-ау деген бір ойдың қылаң бергенін де ортаға сала кеткенді жөн көрдік. «Ол дәурен – бір көрген түс» атты повесінде автор балалық шағына және бір оралып, қимас кездің ұмытылмас сәттерін «Автобиографиялық фрескалар» деген ортақ атаумен көз алдынан өткізеді. Оқырманмен бөліскен жүрекжарды сырындай бұл шығармалардан жазушының жан серігіндей болып кеткен мөлдірлікпен, сезім тазалығымен, бала жанының нәзіктігімен, байқампаздығымен тағы да қауышамыз. Сөз соңында айтарымыз - өмірде сырбаз әрі сыпайы жазушы М. Айымбетовтың өзіміз жоғарыда шама-шарқымызша талдау жасап, пікір білдірген кітабы көркемдік тұрғыдан екшегенде, оқырманға сыйлық алған шығарма деп ұсынуға әбден лайықты, дер кезінде танытылған таланттың мерейін өсірер, оның қалам қарымына келешекте де шабыт берер туынды екеніне шүбәміз жоқ.
22.07.2013 09:42 3162

Бұлай дейтініміз – кешегі Кеңес өкіметінің кезінде өткеннің бәріне топырақ шашу үрдіске айналған жоқ па. Ондаған ғасырлық тарихымызды мансұқ етіп, ата-бабамыз қор болып өткен екен, енді болмаса құрыған екенбіз демедік пе. Бірнеше толқын ұрпақты желіктіріп, санасын улаған құйтырқы саясатқа біреулер жан-тәнімен құлап, мәңгүрттік тұңғиығына батса, енді біреулер амалсыздың күнінен дүрмекке ілеспеді ме. Аталмыш повестерде Кеңес өкіметі тұсындағы тарихтың осындай келеңсіздігі, ұрдажық саясат салған жарақаттар көркем кестеленеді.

Повестердің бірінде («Шырақшы Қалжігіт») сонау жаугершілік заманда қалың қол бастаған Барақ батырдың зиратын күтімге алып, киелі аруаққа тәу етіп келген жолаушыларға арнап тілеухана салған, әрі сол баспанаға шырақшы болып, ата-баба аруағын қадыр тұтқан Қалжігіт құдайдан қорықпайтын, адамнан ұялмайтын, жұрттың бәрін өзі тәрізді мәңгүрт, тоғышар қалыпқа салып өлшейтін Бегалы сияқты безбүйректер айдап салған қарақшылар қолынан мерт болады. Адалдықты арамға жорыған мүттәйім адамның қаскүнемдігі Қалжігітті жалмап тынғанымен, арамзаның бір-ақ тұтам құйрығы шолтаң ете түсіп, қой терісін жамылған жауыздықтың бет пердесі әп сәтте ашылып қалды. 

Екінші повестегі («Құм киесі») ой желісі де алдыңғы повестің жалғасы іспетті. Мұнда да өткенді мансұқ еткен тоғышар кейіпкер алдымыздан шығады. Мұнда да малшы ауылдың жай-күйін білу үшін ауданнан келген өкіл Жарылқасовтың сорақылығы алғашқы повестегі атқамінерлерден асып түспесе кем емес. Мұнда да сол билік иесінің өзім білімге салынатын өктемдігіне, адамгершіліктен жұрдай жиіркенішті қылықтарға беті бүлк етпестен бара беретін пасықтығына өткенге осықырына қарайтын астамшылығы астасып, өзінше қатырып жүрмін деп ойлайтын, бірақ өмірі әбден мибатпаққа айналған шерменде кейіпкердің нанымды да көркем кестеленген образы алға тартылады.

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ құладүзде құдайға сенбейтін, ескі салт-сананы жек көретін Жарылқасов үшін ар-ожданмен оңаша қалған сәттерде оны белінен басып аттап өтіп кете беру түк те емес. Баласы әскери борышын өтеп жүрген шопанның келінін зорлау, құлатып кетті деп атты атып өлтіру, ақыр аяғында, бұл өңірде киелі аталатын, көзі тірісінде мешіт, медіресе салдырып, жұрттың сауат ашуына мұрындық болған Тұрыш ишанның кесенесін, мешіт пен медіресені бұздыру - әжептәуір қызметтің құлағын ұстап отырған, бірақ ар-ожданнан да, өткенге құрметтен де жұрдай адамның бар жеткен жері міне осы. Ешкімнің айтқанына құлақ аспай мешіт пен медіресені бұзғандағы ойы да «өзінше» заман талабына сай. Әрі қияннан құрылыс материалын тасып әуре болудың қажеті жоқ, әрі өкіметтің затын үнемдей отырып, көпшіліктің затын түгендейді, яғни осындағы малшылардың балаларына арналған мектеп салынады.

Өкілдің осынау оспадар, қатыгез, қарау қылығына жұрт қатты тіксінеді. Бұл тегін емес еді. Көп ұзамай Жарылқасов ауруға ұшырайды. Арада отыз жыл өткен соң ол өз басындағы шерменде жағдайды былайша баяндайды: «Иә, мен – сол Жарылғасовпын, - деді ол демінен күрсініс лебі білініп, - Самдағы Тұрыш ишанның басына түнеп, мінәжат етіп келем. Есер бас не істетпеді маған, соның зардабын шеккен сорлының бірі болып қалдық қой, Жұман-ау!»

Екі повестің де тілі жеңіл, шұрайлы, бір деммен оқылады. Бұл шығармалармен танысу барысында иесі табылса экранға сұранып-ақ тұрған дүниелер екен-ау деген бір ойдың қылаң бергенін де ортаға сала кеткенді жөн көрдік.

«Ол дәурен – бір көрген түс» атты повесінде автор балалық шағына және бір оралып, қимас кездің ұмытылмас сәттерін «Автобиографиялық фрескалар» деген ортақ атаумен көз алдынан өткізеді. Оқырманмен бөліскен жүрекжарды сырындай бұл шығармалардан жазушының жан серігіндей болып кеткен мөлдірлікпен, сезім тазалығымен, бала жанының нәзіктігімен, байқампаздығымен тағы да қауышамыз.

Сөз соңында айтарымыз - өмірде сырбаз әрі сыпайы жазушы М. Айымбетовтың өзіміз жоғарыда шама-шарқымызша талдау жасап, пікір білдірген кітабы көркемдік тұрғыдан екшегенде, оқырманға сыйлық алған шығарма деп ұсынуға әбден лайықты, дер кезінде танытылған таланттың мерейін өсірер, оның қалам қарымына келешекте де шабыт берер туынды екеніне шүбәміз жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға