Жаңалықтар

Оның бірі – тіл мәселесі болса, екіншісі – жер мәселесі

Қазақстан өз алдына ел болғалы бері толассыз айтыс-тартысқа түскен екі мәселе бар. Екеуі де қазақ халқының тағдыр-талайына тікелей қатысты болғандықтан, жұртшылықты бей-жай қалдыра алмай, үнемі қызу пікірталастар тудыруда. Оның бірі – тіл мәселесі болса, екіншісі – жер мәселесі. Екеуінің де қазақ үшін өзекті, өмірлік мәселе екенін, олардан айырылу ел болудан қалу екенін әрбір саналы азамат терең түйсінеді. Бір өкініштісі, бұлардың төңрегіндегі дау-дамайдың отына, бәлкім пендешілікпен, бәлкім әлдебіреулердің айдап салуымен, май құйып жүргендер, өз қандастарымыз. Олар елдігімізге тікелей қатысты осы екі мәселеде де тоғышарлық пиғылдан арыла алмай отырғандарын аяқ басқан сайын аңдауға болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір топ қазақтардың баспасөз арқылы күллі жұртқа жердің сатылуға тиіс екенін дәлелдемек болған сыңайда үндеу тастағанын көпшілік ұмыта қоймаған болар. Отанымызда өзге ұлт өкілдері өмір сүріп отырғанда қазақ тілінде іс жүргізуге көшудің ауылы алыста екенін іштей сезініп, өздеріне тілден келер қауіптің жоқ екенін жақсы түсінген олар нарықтық экономика деген желеуді көлденең тартып, жер бос жатпау керек, жерді де нарықтық айналымға қосу керек деген пәлсапа ойлап тапты. Бұған дейін сатуға болады-ау дегеннің бәрі саудаға салынғанда да қанына біткен төзімділіктен танбаған халық, мәселе жерді саудалауға келіп тірелгенде жаман түс көріп, ұйқысынан шошып оянған адамдай селк етіп, шоршып түсті. Шынында да, адам шошитындай тірлік-ау. Ата-бабамыз өліспей беріспеген, ұрпағына да соны өсиет етіп кеткен қасиетті қазақ жерін бөліске салуға үндеген жас перілердің қылығын білместік дей алмайсың. Шетінен білімдар, сен тұр, мен атайын жігіттердің ойлары әріде болатын. Осыған дейін Президенттің заң күші бар Жарлығы бойынша 99 жылға мұрагерлікпен ауысып отыратын жерді, ендігі жерде, санаулы ғана қалталы топ басы бүтін бөліп алғысы келді деп топшылауға болады. Өздері ғана бөліп алса бір сәрі ғой. Бөліске шетелдіктерді де қатыстырып, бармақ басты, көз қысты арам пиғыл сәл болмағанда заң жүзінде пәрмен алып кете жаздады. Мұны өзінен кейін топан су қаптаса да қыңқ етпейтін тоғышарлық демегенде не дерсің. Мың жерден бай болсаң да халықпен санасуға тура келетінін, халықтың қаһарынан қатты ешнәрсе болмайтынын әлгі жас қазақтар сол жолы бір байқады. Ақыры мәселеге Елбасының өзі араласып, жер сатудың әлі ертерек екенін жария еткеннен кейін ғана байшыкештердің өктем өрекпулері саябыр тапты.
22.07.2013 06:04 3352

Қазақстан өз алдына ел болғалы бері толассыз айтыс-тартысқа түскен екі мәселе бар. Екеуі де қазақ халқының тағдыр-талайына тікелей қатысты болғандықтан, жұртшылықты бей-жай қалдыра алмай, үнемі қызу пікірталастар тудыруда. Оның бірі – тіл мәселесі болса, екіншісі – жер мәселесі. Екеуінің де қазақ үшін өзекті, өмірлік мәселе екенін, олардан айырылу ел болудан қалу екенін әрбір саналы азамат терең түйсінеді.

Бір өкініштісі, бұлардың төңрегіндегі дау-дамайдың отына, бәлкім пендешілікпен, бәлкім әлдебіреулердің айдап салуымен, май құйып жүргендер, өз қандастарымыз. Олар елдігімізге тікелей қатысты осы екі мәселеде де тоғышарлық пиғылдан арыла алмай отырғандарын аяқ басқан сайын аңдауға болады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір топ қазақтардың баспасөз арқылы күллі жұртқа жердің сатылуға тиіс екенін дәлелдемек болған сыңайда үндеу тастағанын көпшілік ұмыта қоймаған болар. Отанымызда өзге ұлт өкілдері өмір сүріп отырғанда қазақ тілінде іс жүргізуге көшудің ауылы алыста екенін іштей сезініп, өздеріне тілден келер қауіптің жоқ екенін жақсы түсінген олар нарықтық экономика деген желеуді көлденең тартып, жер бос жатпау керек, жерді де нарықтық айналымға қосу керек деген пәлсапа ойлап тапты.

Бұған дейін сатуға болады-ау дегеннің бәрі саудаға салынғанда да қанына біткен төзімділіктен танбаған халық, мәселе жерді саудалауға келіп тірелгенде жаман түс көріп, ұйқысынан шошып оянған адамдай селк етіп, шоршып түсті.

Шынында да, адам шошитындай тірлік-ау. Ата-бабамыз өліспей беріспеген, ұрпағына да соны өсиет етіп кеткен қасиетті қазақ жерін бөліске салуға үндеген жас перілердің қылығын білместік дей алмайсың. Шетінен білімдар, сен тұр, мен атайын жігіттердің ойлары әріде болатын.

Осыған дейін Президенттің заң күші бар Жарлығы бойынша 99 жылға мұрагерлікпен ауысып отыратын жерді, ендігі жерде, санаулы ғана қалталы топ басы бүтін бөліп алғысы келді деп топшылауға болады. Өздері ғана бөліп алса бір сәрі ғой. Бөліске шетелдіктерді де қатыстырып, бармақ басты, көз қысты арам пиғыл сәл болмағанда заң жүзінде пәрмен алып кете жаздады. Мұны өзінен кейін топан су қаптаса да қыңқ етпейтін тоғышарлық демегенде не дерсің.

Мың жерден бай болсаң да халықпен санасуға тура келетінін, халықтың қаһарынан қатты ешнәрсе болмайтынын әлгі жас қазақтар сол жолы бір байқады. Ақыры мәселеге Елбасының өзі араласып, жер сатудың әлі ертерек екенін жария еткеннен кейін ғана байшыкештердің өктем өрекпулері саябыр тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға