Жаңалықтар

Басым көпшілігі қазақ зиялыларының ұл-қыздары

Ал бірақ содан былайғы зиялы қауымның өз перзенттерін саналы түрде орысша тәрбиелегендерін қалай түсінуге болады? Нәтижесін бәріміз де көріп жүрміз.Аға ұрпақтың атақ-дәрежеге ие болған шығармаларын ұл-қыздары мен немерелері ана тілінде оқи алмайды. Сонда ол кім үшін, не үшін еңбек етті? Осыдан біраз бұрын орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деп баспасөзде жұртқа үндеу жариялаған бір топ қазақ жастарының тізіміне көз салыңызшы. Олардың басым көпшілігі қазақ зиялыларының ұл-қыздары. Зиялы қауым осы бір дәрменсіз күйінен әлі күнге дейін арыла алмай келеді. Бұл да ауызбірлік жоқтықтың нәтижесі. Ауызбірлік болса 80-жылдары сатирик-жазушы Шона Смаханұлы астанадан қазақ мектептерін аштыруға жалғыз-жарым жүріп күш салар ма еді? 600-ден астам мүшесі бар Жазушылар одағынан бастаған ісіне сүйеу таппағаннан кейін сүйтеді де. Өзі күлмесе де үнемі жүзі күліп жүретін сол кісіге кезінде қолқабыс та жасағанбыз. Редакцияға соғып, менің қасыма ілесетіндерің бар ма деп сұрайтын. Тек қара көбейтіп жүрсеңдер болды дейтін. Тимирязев көшесінің бойындағы бір мектеп директорымен ұзақ тәжікелесті. Мұның қолында баласын қазақ сыныбында оқытқысы келетін осы маңдағы ата-аналардың тізімі бар. Бұл осы мектептен қазақ сыныбын ашу керек дейді. Анау бөлме жоғын көлденең тартып, бет бақтырмайды. Ақыры мәмілеге келе алмай, аудандық оқу бөлімі арқылы сөйлесетінін айтып, шығып кетті. Жолда келе жатып қалт тұра қалды. Төс қалтасын сипалады. Сонан соң маған бұрылып: «Қарағым, жаңағы директордың кабинетінде папкім қалып қойыпты, ішінде дәрім бар еді», - деді. Алып келдім. Ноқаттай ақ дәріні тілінің астына салды. «Осындай кері кеткендермен сөйлескен сайын қан қысымым артады. Мына дәрі әжептәуір жәрдем», - деп күлді. Осылай арпалысып жүріп, егер жаңылмасам, қаланың әр жеріндегі оншақты мектептен қазақ сыныптарын аштырды. Бір адамға бұл аз шаруа емес-ау деп пайымдаймын. Міне, әрбір зиялы қазақ осындай болса, тіл мәселесінде бүгінгідей күйге ұшырамас едік. Қазақ үш жылдығын ойламаған еркектен без, үш күндігін ойламаған әйелден без дейді. Біздің зиялыларымыз болашақты ойласа, балаларын, немерелерін қазақ мектебінде оқытудан қашпауы керек. Өйткені, қайтыс болып кеткендері бар, бүгінгі көзі тірілері бар, қазақтың елге танымал зиялыларының 99 пайызы ана тілінде тәрбие алған азаматтар. Ал солардың орысша оқымаса жағдайы қиын болар деген оймен өзге тілде білім алған ұрпақтарының арасында, белгілі бір дәрежеде мәнсәпқа жетіп, ел қатарлы өмір сүріп жүргендері бар шығар, бірақ суырлып шыққандары саусақпен санарлық. Тегінде, тілдің осыншама тартысқа түсуі тегін емес. Тәуелсіздік алды. Енді тіліміз кеңістікке шықса, мүлдем еркіндікке ие болмақпыз. Билеп-төстеп үйренгендер мұны қаламайды. Бір күн де болса бөтен тілде сөйлеп, өзін тәуелсізбін деп ойлағанымен, бәрібір тәуелді екенін ұмытпасын дейді. Тіл туралы жаңа заң қабылданар тұста осынау өткір тартыс өршімесе, бәсеңсіген жоқ. Заң қабылданар-ау. Бірақ оның Парламент Сенатында талқылану барысында сенатор Бексұлтан Тұтқышевтің айтқанындай, мемлекеттік тілсіз мемлекет болып, тағы да қағаз жүзінде қалмауы үшін қоғамның қозғаушы күші – зиялылардың белсенді әрекеті керек. Орынбек Жолдыбай
22.07.2013 05:56 3396

Ал бірақ содан былайғы зиялы қауымның өз перзенттерін саналы түрде орысша тәрбиелегендерін қалай түсінуге болады? Нәтижесін бәріміз де көріп жүрміз.Аға ұрпақтың атақ-дәрежеге ие болған шығармаларын ұл-қыздары мен немерелері ана тілінде оқи алмайды. Сонда ол кім үшін, не үшін еңбек етті? Осыдан біраз бұрын орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деп баспасөзде жұртқа үндеу жариялаған бір топ қазақ жастарының тізіміне көз салыңызшы. Олардың басым көпшілігі қазақ зиялыларының ұл-қыздары.

Зиялы қауым осы бір дәрменсіз күйінен әлі күнге дейін арыла алмай келеді. Бұл да ауызбірлік жоқтықтың нәтижесі. Ауызбірлік болса 80-жылдары сатирик-жазушы Шона Смаханұлы астанадан қазақ мектептерін аштыруға жалғыз-жарым жүріп күш салар ма еді? 600-ден астам мүшесі бар Жазушылар одағынан бастаған ісіне сүйеу таппағаннан кейін сүйтеді де.

Өзі күлмесе де үнемі жүзі күліп жүретін сол кісіге кезінде қолқабыс та жасағанбыз. Редакцияға соғып, менің қасыма ілесетіндерің бар ма деп сұрайтын. Тек қара көбейтіп жүрсеңдер болды дейтін.

Тимирязев көшесінің бойындағы бір мектеп директорымен ұзақ тәжікелесті. Мұның қолында баласын қазақ сыныбында оқытқысы келетін осы маңдағы ата-аналардың тізімі бар. Бұл осы мектептен қазақ сыныбын ашу керек дейді. Анау бөлме жоғын көлденең тартып, бет бақтырмайды. Ақыры мәмілеге келе алмай, аудандық оқу бөлімі арқылы сөйлесетінін айтып, шығып кетті. Жолда келе жатып қалт тұра қалды. Төс қалтасын сипалады. Сонан соң маған бұрылып: «Қарағым, жаңағы директордың кабинетінде папкім қалып қойыпты, ішінде дәрім бар еді», - деді. Алып келдім. Ноқаттай ақ дәріні тілінің астына салды. «Осындай кері кеткендермен сөйлескен сайын қан қысымым артады. Мына дәрі әжептәуір жәрдем», - деп күлді. Осылай арпалысып жүріп, егер жаңылмасам, қаланың әр жеріндегі оншақты мектептен қазақ сыныптарын аштырды. Бір адамға бұл аз шаруа емес-ау деп пайымдаймын.

Міне, әрбір зиялы қазақ осындай болса, тіл мәселесінде бүгінгідей күйге ұшырамас едік. Қазақ үш жылдығын ойламаған еркектен без, үш күндігін ойламаған әйелден без дейді. Біздің зиялыларымыз болашақты ойласа, балаларын, немерелерін қазақ мектебінде оқытудан қашпауы керек. Өйткені, қайтыс болып кеткендері бар, бүгінгі көзі тірілері бар, қазақтың елге танымал зиялыларының 99 пайызы ана тілінде тәрбие алған азаматтар. Ал солардың орысша оқымаса жағдайы қиын болар деген оймен өзге тілде білім алған ұрпақтарының арасында, белгілі бір дәрежеде мәнсәпқа жетіп, ел қатарлы өмір сүріп жүргендері бар шығар, бірақ суырлып шыққандары саусақпен санарлық.

Тегінде, тілдің осыншама тартысқа түсуі тегін емес. Тәуелсіздік алды. Енді тіліміз кеңістікке шықса, мүлдем еркіндікке ие болмақпыз. Билеп-төстеп үйренгендер мұны қаламайды. Бір күн де болса бөтен тілде сөйлеп, өзін тәуелсізбін деп ойлағанымен, бәрібір тәуелді екенін ұмытпасын дейді.

Тіл туралы жаңа заң қабылданар тұста осынау өткір тартыс өршімесе, бәсеңсіген жоқ. Заң қабылданар-ау. Бірақ оның Парламент Сенатында талқылану барысында сенатор Бексұлтан Тұтқышевтің айтқанындай, мемлекеттік тілсіз мемлекет болып, тағы да қағаз жүзінде қалмауы үшін қоғамның қозғаушы күші – зиялылардың белсенді әрекеті керек.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға