Жаңалықтар

Елордалық «Аула күні» акциясы «Сүйемін сені, Астана» би флешмобымен аяқталад

Бүгін елордада биылғы жаздағы ең ауқымды және ұзақ жобасы - «Аула күні» акциясының жабылуы өтеді. Шара екі ай бойы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келді. Мерекені ұйымдастырушы елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, шараға қатысушыларды көптеген тосынсыйлар күтеді. Петрова,32 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің ауласында мерекелік бағдарламамен қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Бауыржан Исаев, «Bestseller» би ұжымы, «Гүлдер-ай», жас орындаушылар Мәдина Жақып, Елдар Омаров, Дәстүр Асылхан, «Z триосы», Дос және басқалары өнер көрсетеді.  «Тағы да бір тосын жайт, «Сүйемін сені, Астана!» би флешмобын өткізу болмақ. Белсенді жастар аудан тұрғындарымен бірге балет, хип-хоп және робот элементтері бар би ырғағында би билейді»,- дейді ұйымдастырушылар. Ал шараға белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады. «Аула күні» акциясының жабылуы есте қаларлық оқиға болмақ,  - дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, «Аула күні»  - елорда қонақтары мен тұрғындары ұнатқан шара. Мерекелік акция шығармашылықты дамыту, салауатты өмір салтын жандандыру, демалыс және жақсы көңіл-күй алаңына айналды. Екі ай бойы мерекелік көлік керуені қазақстандық эстрада жұлдыздарымен, би ұжымдарымен және сайқымазақтармен бірге елорданың барлық аудандарын аралап, жақсы көңіл-күй сыйлады. astana.kz
19.07.2013 08:28 3344

Бүгін елордада биылғы жаздағы ең ауқымды және ұзақ жобасы - «Аула күні» акциясының жабылуы өтеді. Шара екі ай бойы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келді. Мерекені ұйымдастырушы елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, шараға қатысушыларды көптеген тосынсыйлар күтеді.

Петрова,32 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің ауласында мерекелік бағдарламамен қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Бауыржан Исаев, «Bestseller» би ұжымы, «Гүлдер-ай», жас орындаушылар Мәдина Жақып, Елдар Омаров, Дәстүр Асылхан, «Z триосы», Дос және басқалары өнер көрсетеді. 

«Тағы да бір тосын жайт, «Сүйемін сені, Астана!» би флешмобын өткізу болмақ. Белсенді жастар аудан тұрғындарымен бірге балет, хип-хоп және робот элементтері бар би ырғағында би билейді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Ал шараға белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады. «Аула күні» акциясының жабылуы есте қаларлық оқиға болмақ,  - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, «Аула күні»  - елорда қонақтары мен тұрғындары ұнатқан шара. Мерекелік акция шығармашылықты дамыту, салауатты өмір салтын жандандыру, демалыс және жақсы көңіл-күй алаңына айналды. Екі ай бойы мерекелік көлік керуені қазақстандық эстрада жұлдыздарымен, би ұжымдарымен және сайқымазақтармен бірге елорданың барлық аудандарын аралап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға