Жаңалықтар

ТАРИХТЫ ТАЛҒАММЕН ЖАЗУ КЕРЕК

Бұдан біраз бұрын Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «тарих жаңа көзқараспен қайтадан жазылуы керек» деп алқалы жиын өткізген-ді. Тарихшылардың иығына үлкен жауапкершілік артқан. Осыған байланысты жер-жерде жиындар ұйымдастырылып, түрлі деңгейде конференциялар өте бастады. Тарихтың қайта қаралғаны, жаңаша көзқараспен жазылғаны дұрыс. Бірақ қалай жазылуы керек? Мәселе сонда. Бүгін осы мәселеге байланысты бірнеше тарихшыға сөз беріп отырмыз.  Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор: – 10-11 сынып оқушыларына арналған тарих оқулығы авторларының бірімін. Оқулық жазу оп-оңай нәрсе емес. Оқулық жақсы жазылу, шығу үшін ұлт тарихындағы өзекті мәселенің бәрі егжей-тегжейлі зерттелуі керек. Мысалы, француздар, ресейліктер үшін мектепке оқулық жазу бізге қарағанда жеңіл. Өйткені олардың ұлттық тарихында түрлі кезеңдерге байланысты іргелі зерттеулер мен моно­графиялар көп. Өз тарихын зерттейтін мектеп, дәстүр қалыптасқан. Ал бізде оқулық жазу неге қиындық тудырып отыр? Себебі ұлт тарихында әлі ашылмаған тарихи кезеңдер бар. Монографиялық деңгейде зерттейтін мәліметтер бар. Мысалы, Кенесары қозғалысы туралы айқай-шу болып жатыр. Кенесары қоз­ғалысы туралы Ермұхан Бекмахановтың, орыс тарихшыларының жазған мо­но­графиялық еңбектері бар. Сосын Қасымбаев Жанұзақтың еңбегі бар. Бірақ Кенесары қозғалысы толық зерттелді деп айта алмаймыз. Бекмахановтың зерттеуі кеңестік идеология жағдайында жазылды. Тәуелсіздік алған уақытта Кенесары қозғалысын қорыту жеңілге түсіп жатқан жоқ. «Неге жақсы тарих жазылмайды?» дейтіндер көп. Жақсы тарих жазу жеңіл сияқты деп түсінеді. Тарихи фактілерді қорыту үшін уақыт керек. Уақыт дегеніміз не? 21 жыл болды десек те, кейбір мәселелерге мемлекеттік тапсырыс болуы керек. Мысалы, Францияның, Ресейдің тарихын қарасаңыз, бәрі іргелі зерттелген, мем­лекеттік тапсырыстық негізде жазылған. Айталық, Н.Карамзин «История госу­дарства Российского» деген еңбекті жазарда Ресей патшасы тапсырыс берген. Қар­жыландырған. Тамаша жерде отырып, еркін қалам тартқан. ХІV ғасырда өмірге келген Рашид-ад-Диннің «Жәми-ат-Тауарих» еңбегі Газан ханның тапсырысы бойынша жазылған. Оған көмекшілер беріп қойған. Моңғолияның өзінен алты тарихшы қатысқан. Бұл ұжымдық еңбек. Кеңес заманында тапсырыспен жазылған та­рихымыз өмірге 5 томдық болып келді. Бұл мемлекеттік сыйлық алған. «20 жылдық тарих неге жазылмады?» дегенге келсем, бұл сырт қарағанда тәуелсіз көрінгенмен, жеңіл уақыт болған жоқ. Әсіресе, адамның са­насында өзгеріс жүріп жатты. Та­рихшының да санасында жүрді. Ал ұлт тарихының кейбір іргелі мәселелері жөнінде тапсырыс та берілген жоқ. Өзім Алаш қозғалысының тарихын зерттеп жүрмін ғой. Алаш тарихын мемлекеттік тапсырыс бойынша іргелі зерттеу жөнінде қанша рет айттық. Бірақ қолдау таба берген жоқ. Алаш тарихының бес кітабын шы­ғардық. Соған қанша қарсылық болды. Оған көптеген құжаттар енбей қалды. Тіпті қарапайым нәрсе – екі дүркін Алаш сотына байланысты мате­риалдарды шығара алмай жүрміз. Ал Алаш тарихын қорыту үшін сол жабық түрдегі материалдар тарихшылардың қолына түсуі керек. Содан кейін ғана қорытылады, егжей-тегжейлі зерттеледі. Сонда ғана Алаш қозғалысы ұлттық тарихтан орын алады. Екінші, адами нәрсені есте ұстау керек. Тіптен өмірге іргелі еңбектер келу үшін ұрпақ ауысуы керек. Кейбіреулер «Тарих­шыларға аштықты қорыту үшін тағы 20-30 жыл керек екен» деп айтыпты. Бұлай айта салу оңай. Оны істеу керек. Мәселен, ашар­шылық туралы мемлекеттік тапсырыс болған жоқ. Бәріміз трагедия деп айқайлап жатырмыз. Саяси репрессияға да солай. Тек өз еркімен зерттеушілердің еңбектерін ғана пайдаланып келеміз. Олардың өзіне көп жағдайда архивтік құжаттар берілмейді. Сондықтан билік пен тарихшылардың арасында өзара түсіністік, үйлестік болу керек. Байланыс орнау қажет. Сонда ғана іргелі тарих келеді өмірге. Соны білмей жатып, «Тарихшылар неге жазбайды? Неге жұмыс істемейді?» деу бекер айқай. Тағы бір нәрсе – іргелі тарих жазу үшін тек қазақ тілінде майын тамызып сөйлеу аз. «Пат­риотпын», «ұлтымды сүйемін» деп айқайлау түкке тұрмайды. Бұл – жалаңтөс батырлық. Ал іргелі тарих жазу үшін үлкен теориялық, методологиялық дайындық керек. Сондықтан жағдайымыз ала-құла. Оған түсіністікпен қарау қажет.   Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: – Орта ғасыр тарихын зерттеп жүрген маман ретінде мына мәселеге тоқтала кетпесем болмайды. Мәселен, Қазақ хан­дығының құрылған жылы туралы мүлт кеткен деректер бар. 1456 жылы құрылған делініп жүр. Бұл – тарихтан кеткен қате пікір. 1858 жылы орыстың белгілі шы­ғыстанушы тарихшысы Вельяминов-Зернов Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашидисін» орыс тіліне аударды. Соның негізінде «Қасым хандар туралы» деген кітап жазды. Сонда қате кеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Осы жылдары барлық Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан билеп тұрды» дейді. Онда жыл аталмаған. Ал Вельяминов-Зернов 1456 жыл деп ойынан қосып жі­берген. Сосын осы жылды М.Тынышпаев қолданды, М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесінде» жазды. Кейбір оқулықтарды осылай жазып, қате жібердік. Ал шын мәнінде, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде: «Хиж­раның 870 жылы қазақ хандары өз билігін бастады» деп жазады. 870 жылды гри­гориандық күнтізбеге келтірсек, бұл 1465-66 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі Қазақ­станның бес томдығы осы дұрыс нұсқасымен жазылды. Қазақ тарихында 25 бас хан, 19 кіші хан болған. Алайда олардың бар­лығының басқарған уақыты тарихта анықталған. Сондықтанда Қазақ хандығы 1465-66 жылға тоқталу керек.  Айқын  
19.07.2013 08:23 3892

Бұдан біраз бұрын Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «тарих жаңа көзқараспен қайтадан жазылуы керек» деп алқалы жиын өткізген-ді. Тарихшылардың иығына үлкен жауапкершілік артқан.

Осыған байланысты жер-жерде жиындар ұйымдастырылып, түрлі деңгейде конференциялар өте бастады. Тарихтың қайта қаралғаны, жаңаша көзқараспен жазылғаны дұрыс. Бірақ қалай жазылуы керек? Мәселе сонда. Бүгін осы мәселеге байланысты бірнеше тарихшыға сөз беріп отырмыз.

 Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор:

– 10-11 сынып оқушыларына арналған тарих оқулығы авторларының бірімін. Оқулық жазу оп-оңай нәрсе емес. Оқулық жақсы жазылу, шығу үшін ұлт тарихындағы өзекті мәселенің бәрі егжей-тегжейлі зерттелуі керек. Мысалы, француздар, ресейліктер үшін мектепке оқулық жазу бізге қарағанда жеңіл. Өйткені олардың ұлттық тарихында түрлі кезеңдерге байланысты іргелі зерттеулер мен моно­графиялар көп. Өз тарихын зерттейтін мектеп, дәстүр қалыптасқан. Ал бізде оқулық жазу неге қиындық тудырып отыр? Себебі ұлт тарихында әлі ашылмаған тарихи кезеңдер бар. Монографиялық деңгейде зерттейтін мәліметтер бар. Мысалы, Кенесары қозғалысы туралы айқай-шу болып жатыр. Кенесары қоз­ғалысы туралы Ермұхан Бекмахановтың, орыс тарихшыларының жазған мо­но­графиялық еңбектері бар. Сосын Қасымбаев Жанұзақтың еңбегі бар. Бірақ Кенесары қозғалысы толық зерттелді деп айта алмаймыз. Бекмахановтың зерттеуі кеңестік идеология жағдайында жазылды. Тәуелсіздік алған уақытта Кенесары қозғалысын қорыту жеңілге түсіп жатқан жоқ. «Неге жақсы тарих жазылмайды?» дейтіндер көп. Жақсы тарих жазу жеңіл сияқты деп түсінеді. Тарихи фактілерді қорыту үшін уақыт керек. Уақыт дегеніміз не? 21 жыл болды десек те, кейбір мәселелерге мемлекеттік тапсырыс болуы керек. Мысалы, Францияның, Ресейдің тарихын қарасаңыз, бәрі іргелі зерттелген, мем­лекеттік тапсырыстық негізде жазылған. Айталық, Н.Карамзин «История госу­дарства Российского» деген еңбекті жазарда Ресей патшасы тапсырыс берген. Қар­жыландырған. Тамаша жерде отырып, еркін қалам тартқан. ХІV ғасырда өмірге келген Рашид-ад-Диннің «Жәми-ат-Тауарих» еңбегі Газан ханның тапсырысы бойынша жазылған. Оған көмекшілер беріп қойған. Моңғолияның өзінен алты тарихшы қатысқан. Бұл ұжымдық еңбек. Кеңес заманында тапсырыспен жазылған та­рихымыз өмірге 5 томдық болып келді. Бұл мемлекеттік сыйлық алған. «20 жылдық тарих неге жазылмады?» дегенге келсем, бұл сырт қарағанда тәуелсіз көрінгенмен, жеңіл уақыт болған жоқ. Әсіресе, адамның са­насында өзгеріс жүріп жатты. Та­рихшының да санасында жүрді. Ал ұлт тарихының кейбір іргелі мәселелері жөнінде тапсырыс та берілген жоқ. Өзім Алаш қозғалысының тарихын зерттеп жүрмін ғой. Алаш тарихын мемлекеттік тапсырыс бойынша іргелі зерттеу жөнінде қанша рет айттық. Бірақ қолдау таба берген жоқ. Алаш тарихының бес кітабын шы­ғардық. Соған қанша қарсылық болды. Оған көптеген құжаттар енбей қалды. Тіпті қарапайым нәрсе – екі дүркін Алаш сотына байланысты мате­риалдарды шығара алмай жүрміз. Ал Алаш тарихын қорыту үшін сол жабық түрдегі материалдар тарихшылардың қолына түсуі керек. Содан кейін ғана қорытылады, егжей-тегжейлі зерттеледі. Сонда ғана Алаш қозғалысы ұлттық тарихтан орын алады. Екінші, адами нәрсені есте ұстау керек. Тіптен өмірге іргелі еңбектер келу үшін ұрпақ ауысуы керек. Кейбіреулер «Тарих­шыларға аштықты қорыту үшін тағы 20-30 жыл керек екен» деп айтыпты. Бұлай айта салу оңай. Оны істеу керек. Мәселен, ашар­шылық туралы мемлекеттік тапсырыс болған жоқ. Бәріміз трагедия деп айқайлап жатырмыз. Саяси репрессияға да солай. Тек өз еркімен зерттеушілердің еңбектерін ғана пайдаланып келеміз. Олардың өзіне көп жағдайда архивтік құжаттар берілмейді. Сондықтан билік пен тарихшылардың арасында өзара түсіністік, үйлестік болу керек. Байланыс орнау қажет. Сонда ғана іргелі тарих келеді өмірге. Соны білмей жатып, «Тарихшылар неге жазбайды? Неге жұмыс істемейді?» деу бекер айқай. Тағы бір нәрсе – іргелі тарих жазу үшін тек қазақ тілінде майын тамызып сөйлеу аз. «Пат­риотпын», «ұлтымды сүйемін» деп айқайлау түкке тұрмайды. Бұл – жалаңтөс батырлық. Ал іргелі тарих жазу үшін үлкен теориялық, методологиялық дайындық керек. Сондықтан жағдайымыз ала-құла. Оған түсіністікпен қарау қажет.

 

Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Орта ғасыр тарихын зерттеп жүрген маман ретінде мына мәселеге тоқтала кетпесем болмайды. Мәселен, Қазақ хан­дығының құрылған жылы туралы мүлт кеткен деректер бар. 1456 жылы құрылған делініп жүр. Бұл – тарихтан кеткен қате пікір. 1858 жылы орыстың белгілі шы­ғыстанушы тарихшысы Вельяминов-Зернов Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашидисін» орыс тіліне аударды. Соның негізінде «Қасым хандар туралы» деген кітап жазды. Сонда қате кеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Осы жылдары барлық Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан билеп тұрды» дейді. Онда жыл аталмаған. Ал Вельяминов-Зернов 1456 жыл деп ойынан қосып жі­берген. Сосын осы жылды М.Тынышпаев қолданды, М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесінде» жазды. Кейбір оқулықтарды осылай жазып, қате жібердік. Ал шын мәнінде, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде: «Хиж­раның 870 жылы қазақ хандары өз билігін бастады» деп жазады. 870 жылды гри­гориандық күнтізбеге келтірсек, бұл 1465-66 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі Қазақ­станның бес томдығы осы дұрыс нұсқасымен жазылды. Қазақ тарихында 25 бас хан, 19 кіші хан болған. Алайда олардың бар­лығының басқарған уақыты тарихта анықталған. Сондықтанда Қазақ хандығы 1465-66 жылға тоқталу керек. 


Айқын  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға