Жапондар шөлден шөп өсіретін технология ойлап тапты
Киото университетінің қызметкерлері мен "Панасоник" корпорациясы біріге отырып шөл даланы жасыл желекке айналдыра алатын технологияны ойлап тапты. Бұл жайында компания өкілдері хабарлап отыр.
Жапондық ғалымдар құмның үстіне құрамында суы бар арнайы реагентті төсеуді ұсынып отыр. Мұнан кейін құнарлы қабат пайда болатын көрінеді. Аталған реагент өзіне сіңірген судың 70 пайызың сақтап қала алады екен. Оның үстіне жаңа технология топырақ қабатындағы ауа айналымына еш зиянын тигізбейді дейді ғалымдар. Яғни, өсімдіктің өсуіне де еш зиян келмейді.
1 тонна реагенттің құны 10 иена немесе 100 АҚШ доллары. Нарыққа 2014 жылы шығару жоспарлануда. Ең алдымен осынау технология Африка елдерінде, Таяу Шығыста және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін.
Baq.kz