Қытайлықтар оразаның пайдасын енді түсінді
Адамның тәні мен жанына оразаның мол пайдасы жайында атам қазақ ежелден-ақ айтып кеткен. Ал, Қытай ғалымдары болса ашығудың адам іш құрылысының жұмысын жақсартатынына әрі адам өмірін ұзартатынына енді көз жетікізіп отыр.
Шанхай көлік университетінің зерттеушілері ұзақ жылдар бойы тышқанға жүргізген тәжірибеден кейін осындай тұжырымға келді.
Тәжірибе жүргізілген кезде кеміргіштерді екі топқа бөлген. Оның бір тобын ұзақ уақыт аш қалдырып, келесі тобын уақытылы тамақтандырған көрінеді.
Muslim.kz сайтының жазуынша, биологтар ашыққан тышқандардың іш құрылысындағы микрофлораның көптеген айырмашылығын байқаған. Олардың бойынан лактококко және десульфовибрион деп аталатын аса қауіпті микробтар аса көп байқала қоймаған. Есесіне, ағзаға пайдалы бифидобактерия және лактобацилл атты микробтар көбейген.
Сондай-ақ, ғалымдар ашыққан тышқандардың 20 пайызының өзге кеміргіштерге қарағанда ұзақ өмір сүргенін анықтады.
Биологтар бұл ғажайып құбылысты бактерия құрамындағы өзгерістердің зат алмасу процесін әрі иммундық жүйені жақсартатындығымен түсіндірген.
Қытайлық ғалымдар әзірге ашығудың пайдасын тек матери тұрғыдан ғана көріп отыр. Ал, оразаның рухани азық екендігіне ертелі-кеш олардың да көз жеткізетініне ниеттіміз.
Baq.kz