2697 жылға сотталады
2697 жыл! 32 адамның өмірін жалмаған апатты Коста Канукордия кемесінің капитаны Франческо Скеттино (суретте - Авт.) осыншама жылға түрмеге тоғытылуы ғажап емес деп хабарлайды ресейлік НТВ арнасы.
Естеріңізге сала кетейік, итальяндық кеме апаты 2012 жылы орын алып,3 2 адам өлім құшып, жүздегені зардап шеккен болатын. Франческо Скеттиноның соты бұдан бір апта бұрын басталуы тиіс еді. Алайда оның адвокаттары ел бойынша ереуіл жасап, сот кейінге шегерілді. Сотқа қатысушылардың көптігінен, процесті Гроссето қаласындағы қалалық театрда өткізуге тура келді.
Сонымен қатар, сотқа апат кезінде капитанның қасында болып, оның назарын аударған молдавиялық биші қыз да қатысты. Қорғаушылар бұл іске тек Франческо Скеттино ғана кінәлі емес деп отыр.
Baq.kz