Универсиада: жетістігіміз - 19 орын
Татарстан астанасы Қазан каласында студенттер арасында өткен Универиада ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 100-ге жуық мемлекеті бақ сынаған дүбірлі додада - Қазақстан құрамасы 19 орынға табан тіреді.
Байрақты бәсекеде ел қоржынына Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика); Нысана көздеуден Қазақстанның әйелдер құрамасы 50 километрден жатып ату бағдарламасы бойынша командалық жеңіс тұғырынан көрінді.
Күміс (7): Әлихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белдесіп күресу), Руслан Құрбанов (фехтование);
Қола (9): Қазақстан (Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов) (фехтование) Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белдесіп күресу).
Естеріңізде болса, 2007 жылы Бангокте өткен Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 14 медаль олжаласа, оның 5-еуі алтын болатын. Ал Тайландта өткен жарыста отандық спортшылар жалпы командалық есепте 11 орынға қол жеткізген. Өкінішке қарай, Қазандағы бәсекеде бұл жетістігімізді қайталай алмадық.
Келесі Универсиада ойындары 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласында өтеді.