Жаңалықтар

Андрей Мирошниченко

Қазақстан чемпионатында 115 гол соғып, алғашқы үздік бес сұрмергеннің қатарына кірген, өз кезеңінде еліміздің ең үздік ойыншыларының бірі болған талантты футболшы – Андрей Мирошниченко. Андрей Геннадьевич Мирошниченко – 1968 жылы 21 желтоқсанда Краснодарда дүниеге келген. Алғашқы футболдағы карьерасын Майколдың «Дружбасының» қосалқы құрамында ойнаудан бастаған. 1990 жылы Белгородтың «Салютына» ауысады. Дегенмен, ол жерде көп тұрақтап қалмады. Қазақстандық «Ақтөбе» 22 жастағы футболшыны өз қатарына шақырады. Бұл кезде батыстық команда КСРО чемпионатының екінші лигасының өнер көрсетіп жүрген. Андрей келе сала командамен бірге осы аймақтың жеңімпазы атанды. Өзі «Ақтөбенің» сапында 66 ойында 18 гол соқты. Келесі жылы туған жері Краснодар аймағының Армавир қаласының «Торпедо» командасына ауысады. Бұл кезде команда КСРО чемпионатының екінші лигасына көтерілген. Сондықтан құрамдарын жақсы ойыншылармен толықтыруды көздейді. Жас талантты шабуылшы Мирошниченко да туған жерінің намысын қорғауды жөн көрді. Әйткенмен қосалқы құрамда ойнағанына көңілі толмай, 1992 жылы жаңадан құрылған Қазақстан чемпионатында бақ сынауға шешім қабылдайды. Ол алғашқы біріншілікте доп тепкен футболшылардың бірі болды. Тұңғыш Қазақстан чемпионатында 24 ойында, 5 гол соғып, «Ақтөбенің» бас мергені атанды. 1993 жылы сол кездегі Ресей чемпионатының үздік командаларының бірі «Роторға» ауысады. Бірақ, негізгі құрамға іліге алмай маусымаралық үзілісте «Ақтөбеге» қайтып келеді. Қайтып келуі өте сәтті болды. Біріншілікте 20 гол соққан Андрей тек «Ақтөбенің» ғана емес, еліміздің ең үздік мергендерінің бірі болды. Міне, осыдан кейін көз тіккен командалардың қарасы көп болды. Осылардың алғашқысы, алдына үлкен мақсат қойған семейлік «Елімай» еді. Осы бір қазаққа аты да, заты да жақын команда бір кездері үздік ойыншылардың басын біріктіп, үш рет Қазақстан чемпионы болған еді. Семейлік команданың үш рет чемпион болуының соңғы екеуіне өз үлесін өлшеусіз қосқан футболшының бірі осы Андрей Мирошниченко. «Елімайға» келген 1995 жылы футболдағы карьерасының ең бір ерекше есте қаларлықтай керемет кезеңі болды. Қайрат Әубәкіров, Олег Литвиненко, Данияр Мұқанов, Самат Сымақов сияқты қазақ футболының тарландарымен бір команда сапында өнер көрсетті. «Елімай» 1995 жылы Қазақстан чемпионаты мен қоса Қазақстан Кубогында да жеңіске жетті. Андрей Мирошниченко еліміздің ең үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, чемпионатта 23 гол соғып, Қазақстанның ең үздік сұрмергені атанды.  Кубок жолындағы бәскекенің де бас мергені тағы осы Андрей болды. Тіпті Қазақстан Суперкубогы да «Елімайға» бағынды. Осылайша, 1995 жыл Қазақстан футболында «Елімай» командасымен, Андрей Мирошниченконың атағы жер жарып тұрды. Бірақ, келесі жылы үшінші рет Ресей чемпионатында бақ сынауды құп көреді. Деңгейі жоғары біріншілікте доп тебуді армандағанымен жолы тағы болмады. Бұл жолғы таңдауы Самара облысының «Лада» командасы еді. Бар жоғы 14 ойын өткізіп, елге қайта келеді. «Елімаймен» Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Семейліктер алдыңғы екі алтындарын қолаға айырбастауларына тура келді. Ол тағы 1997 жылы Қазақстанан кетіп, Түркіменстанның ең атақты командасы «Копетдаг» клубымен келісімге келеді. Сол жылы команда Азия кубогы үшін кубок жеңімпаздары турниріне қатысты. Тіпті, екінші раундта команда қазақстандық «Қайратты» қапы қалдырған болатын. Сондай-ақ, Түркіменстан чемпионы атанды. Әйтсе де, Түркіменстанда көп тұрақтамай «Елімаймен» қайта қауышады. «Копетдаг» Андрейдің соңғы шетелдік командасы, одан кейін тек Қазақстан клубтарында доп тепті. «Елімайға» келген соң, Қазақстан чемпионатында екінші рет топ жарды. Жалпы «Елімаймен» 1995-1999 жылдар аралығында 97 ойында 50 мәрте мергендігімен танылды. Ал 1999 жылы керекулік «Ертіске» ауысып, өзінің Қазақстан чемпионатында үшінші чемпиондық тәжіне қол жеткізді. 2000 жылы АФК Андрей Мирошниченконың ХIХ Азия чемпиондар лигасының ширек финалында «Полис Клаб» командасына соққан голын ақпан айының ең үздік голы деп таныды. Одан кейінгі екі жылын «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қатарында өткізіп, 2002 жылы футболдағы карьерасын аяқтайды. Қазақстандағы 100 голдан көп соққан алғашқы футболшы. Жалпы Қазақстан чемпионатында 242 ойында 115 гол енгізіп, елдегі ең үздік бес мерген футболшының қатарына енді. Ұлттық құрама сапында 1992-2000 жылдар аралығында 21 ойын өткізді. Футболдан кеткен соң, премьер-лига мен бірінші лигада аға бапкер, бас бапкер болып жұмыс істеді. Ал 2011 жылдан бастап, «Ақтөбенің» селекционер-бапкері болып тағайындалды. Ұлы Димтрий Мирошниченко қазіргі кезде «Ақтөбенің» негізгі құрамында өнер көрсетіп жүр. Бапкерлік жолы 2003-2005 жылдары  «Ақтөбе» ассистент 2006-2008 жылдары  «Елімай»  бас бапкер 2009 жылы    «Восток» бас бапкер 2010 жылы    «Гефест» (Қарағанды) бас бапкер 2010 жылы     «Қайсар»  бапкер 2011 жылы    «Тарлан» (Шымкент) аға бапкер 2011 жылдан бастап, «Ақтөбенің» бапкер-селекционері Жетістіктері: КСРО чемпионатының екінші лигасының (8 аймақ) жеңімазы Қазақстан чемпионы (1995, 1998, 1999 жылдары) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1996 жылы) Қазақстан Кубогының иегері (1995, 2000 жылдары) Қазақстан Суперкубогының иегері (1995 жылы) Қазақстан Кубогының финалисі (1994 жылы) Қазақстан чемпионатының ең үздік мергені (1995 жылы) Қазақстан Кубогының ең үздік мергені (1994, 1995 жылдары) Қазақстанның ең үздік футболшысы (1995 жылы) «Ақтөбенің» ең үздік мергені – 1992 жылы (5), 1993 жылы (20), 1994 жылы(19), 2001 жылы (9) Түркіменстан чемпионы (1998 жылы) Бек Төлеуов «Sport» 
18.07.2013 07:55 2959

Қазақстан чемпионатында 115 гол соғып, алғашқы үздік бес сұрмергеннің қатарына кірген, өз кезеңінде еліміздің ең үздік ойыншыларының бірі болған талантты футболшы – Андрей Мирошниченко.

Андрей Геннадьевич Мирошниченко – 1968 жылы 21 желтоқсанда Краснодарда дүниеге келген. Алғашқы футболдағы карьерасын Майколдың «Дружбасының» қосалқы құрамында ойнаудан бастаған. 1990 жылы Белгородтың «Салютына» ауысады. Дегенмен, ол жерде көп тұрақтап қалмады. Қазақстандық «Ақтөбе» 22 жастағы футболшыны өз қатарына шақырады. Бұл кезде батыстық команда КСРО чемпионатының екінші лигасының өнер көрсетіп жүрген. Андрей келе сала командамен бірге осы аймақтың жеңімпазы атанды. Өзі «Ақтөбенің» сапында 66 ойында 18 гол соқты. Келесі жылы туған жері Краснодар аймағының Армавир қаласының «Торпедо» командасына ауысады. Бұл кезде команда КСРО чемпионатының екінші лигасына көтерілген. Сондықтан құрамдарын жақсы ойыншылармен толықтыруды көздейді. Жас талантты шабуылшы Мирошниченко да туған жерінің намысын қорғауды жөн көрді. Әйткенмен қосалқы құрамда ойнағанына көңілі толмай, 1992 жылы жаңадан құрылған Қазақстан чемпионатында бақ сынауға шешім қабылдайды. Ол алғашқы біріншілікте доп тепкен футболшылардың бірі болды. Тұңғыш Қазақстан чемпионатында 24 ойында, 5 гол соғып, «Ақтөбенің» бас мергені атанды. 1993 жылы сол кездегі Ресей чемпионатының үздік командаларының бірі «Роторға» ауысады. Бірақ, негізгі құрамға іліге алмай маусымаралық үзілісте «Ақтөбеге» қайтып келеді. Қайтып келуі өте сәтті болды. Біріншілікте 20 гол соққан Андрей тек «Ақтөбенің» ғана емес, еліміздің ең үздік мергендерінің бірі болды. Міне, осыдан кейін көз тіккен командалардың қарасы көп болды. Осылардың алғашқысы, алдына үлкен мақсат қойған семейлік «Елімай» еді. Осы бір қазаққа аты да, заты да жақын команда бір кездері үздік ойыншылардың басын біріктіп, үш рет Қазақстан чемпионы болған еді. Семейлік команданың үш рет чемпион болуының соңғы екеуіне өз үлесін өлшеусіз қосқан футболшының бірі осы Андрей Мирошниченко. «Елімайға» келген 1995 жылы футболдағы карьерасының ең бір ерекше есте қаларлықтай керемет кезеңі болды. Қайрат Әубәкіров, Олег Литвиненко, Данияр Мұқанов, Самат Сымақов сияқты қазақ футболының тарландарымен бір команда сапында өнер көрсетті. «Елімай» 1995 жылы Қазақстан чемпионаты мен қоса Қазақстан Кубогында да жеңіске жетті. Андрей Мирошниченко еліміздің ең үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, чемпионатта 23 гол соғып, Қазақстанның ең үздік сұрмергені атанды.  Кубок жолындағы бәскекенің де бас мергені тағы осы Андрей болды. Тіпті Қазақстан Суперкубогы да «Елімайға» бағынды. Осылайша, 1995 жыл Қазақстан футболында «Елімай» командасымен, Андрей Мирошниченконың атағы жер жарып тұрды. Бірақ, келесі жылы үшінші рет Ресей чемпионатында бақ сынауды құп көреді. Деңгейі жоғары біріншілікте доп тебуді армандағанымен жолы тағы болмады. Бұл жолғы таңдауы Самара облысының «Лада» командасы еді. Бар жоғы 14 ойын өткізіп, елге қайта келеді. «Елімаймен» Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Семейліктер алдыңғы екі алтындарын қолаға айырбастауларына тура келді. Ол тағы 1997 жылы Қазақстанан кетіп, Түркіменстанның ең атақты командасы «Копетдаг» клубымен келісімге келеді. Сол жылы команда Азия кубогы үшін кубок жеңімпаздары турниріне қатысты. Тіпті, екінші раундта команда қазақстандық «Қайратты» қапы қалдырған болатын. Сондай-ақ, Түркіменстан чемпионы атанды. Әйтсе де, Түркіменстанда көп тұрақтамай «Елімаймен» қайта қауышады. «Копетдаг» Андрейдің соңғы шетелдік командасы, одан кейін тек Қазақстан клубтарында доп тепті. «Елімайға» келген соң, Қазақстан чемпионатында екінші рет топ жарды. Жалпы «Елімаймен» 1995-1999 жылдар аралығында 97 ойында 50 мәрте мергендігімен танылды. Ал 1999 жылы керекулік «Ертіске» ауысып, өзінің Қазақстан чемпионатында үшінші чемпиондық тәжіне қол жеткізді. 2000 жылы АФК Андрей Мирошниченконың ХIХ Азия чемпиондар лигасының ширек финалында «Полис Клаб» командасына соққан голын ақпан айының ең үздік голы деп таныды. Одан кейінгі екі жылын «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қатарында өткізіп, 2002 жылы футболдағы карьерасын аяқтайды.

Қазақстандағы 100 голдан көп соққан алғашқы футболшы. Жалпы Қазақстан чемпионатында 242 ойында 115 гол енгізіп, елдегі ең үздік бес мерген футболшының қатарына енді. Ұлттық құрама сапында 1992-2000 жылдар аралығында 21 ойын өткізді.

Футболдан кеткен соң, премьер-лига мен бірінші лигада аға бапкер, бас бапкер болып жұмыс істеді. Ал 2011 жылдан бастап, «Ақтөбенің» селекционер-бапкері болып тағайындалды.

Ұлы Димтрий Мирошниченко қазіргі кезде «Ақтөбенің» негізгі құрамында өнер көрсетіп жүр.

Бапкерлік жолы

2003-2005 жылдары  «Ақтөбе» ассистент

2006-2008 жылдары  «Елімай»  бас бапкер

2009 жылы    «Восток» бас бапкер

2010 жылы    «Гефест» (Қарағанды) бас бапкер

2010 жылы     «Қайсар»  бапкер

2011 жылы    «Тарлан» (Шымкент) аға бапкер

2011 жылдан бастап, «Ақтөбенің» бапкер-селекционері

Жетістіктері:

КСРО чемпионатының екінші лигасының (8 аймақ) жеңімазы

Қазақстан чемпионы (1995, 1998, 1999 жылдары)

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1996 жылы)

Қазақстан Кубогының иегері (1995, 2000 жылдары)

Қазақстан Суперкубогының иегері (1995 жылы)

Қазақстан Кубогының финалисі (1994 жылы)

Қазақстан чемпионатының ең үздік мергені (1995 жылы)

Қазақстан Кубогының ең үздік мергені (1994, 1995 жылдары)

Қазақстанның ең үздік футболшысы (1995 жылы)

«Ақтөбенің» ең үздік мергені – 1992 жылы (5), 1993 жылы (20), 1994 жылы(19), 2001 жылы (9)

Түркіменстан чемпионы (1998 жылы)

Бек Төлеуов «Sport» 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға