Виктор Зубарев
Ол спорт әлеміне баскетбол арқылы келіп, халыққа футболшы болып танылды. Небәрі 31 жыл өмір сүрсе де, қазақ футболының тарихына өз есімін өшпестей қылып жазып кеткен шабуылшы – Виктор Зубарев.
Виктор Егорович Зубарев –1973 жылы 10 қазанда Павлодар облысы, Ақсу қаласында дүниеге келген. Ол футболға келмес бұрын алдымен баскетболмен айналысты. Әрине бойы ұзын қыз-жігіттерді бапкерлер баскетболға көбірек шақыруға тырысады. Бірақ, Виктор баскетболда көп тұрақтап қалғысы келмеді.Жүрегінің түпкі қалауы футбол болды. Бұл таңдауының дұрыс екенін кейінгі көрсеткен нәтижелеріне қарап байқауға болады.
«Асыл тас су түбінде жатпайды» деп дана халқымыз айтқандай ол өзінің шеберлігін қалың жанкүйерге паш етті. Алғаш өнер көрсеткен командасы екібастұздық «Батыр» болды. Бұл ұжымның қатарында төрт жылға жуық ойнады. Өзін жақсы жағынан танытып келе жатқан шабуылшыға көз тіккендер көп болды.Осылардың арасында бірінші болып, Павлодардың бас командасы «Ертіс» өз қатарларына қосуға асықты. Бұл командаға ауысуы оның футболдағы карьерасының жаңа арнаға көтерілуіне үлкен септігін тигізді. 1997 жылы тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.Осы жылдары ұлттық құрамаға шақырыла бастады. Осы мауымда керекулік командамен 23 ойын өткізіп, 10 голына көрімдік сұрады.Бірақ, келесі жылы Ресейге сапар шегеді. Зубаға солтүстік көршілеріміздің арасында алғаш көз тіккен Туланың «Арсеналы» болды. Жарты маусымда 18(6) ойын өткізіп, екінші бір ресейлік командаға ауысады. Бұл Нижний Новогородтың «Локомотив» командасы еді. Команданың қаржылық жағдай аса мәз болмағасын, маусым аяқталған соң, елге қайта оралады.
Елге келген кезде, «Ертіспен» екінші рет ел чемпионы атанды. Осы жылы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларының бірі болды. Тіпті «Goal» журналы елдегі ең үздік ойыншы деп таныды.
Жаңа ғасырға қадам басқан 2000 жылы Кипрдің «Аполлон» клубына ауысады. Лимасолдық команда біздің Зубаны бар жоғы 25 мың ақш долларына сатып алды. Бұл команда Кипрдегі ең танымал командалардың бірі.
Алғашқы маусымда 15 гол соғып, өз командасының үздік шабуылшысы атанды.Таланты ойыншы қай жерде талантты деген осы болар. Оның ел Кубогының финалында соққан голы командасына жеңіс сыйлады. Араға тоғыз жыл салып, мәртебелі Кубокты ұтуға өлшеусіз үлесін қосқан шабуылшыға жергілікті жанкүйерлердің қошеметі ерекше еді. Сондай-ақ, осы жеңіс арқылы Лимасолдық клуб УЕФА Кубогына қатысуға мүмкіндік алады.
Осындай керемет ұжыммен жоғары жетістікке жетсе де, елге оралғысы келді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақал осы Викторға да қатысты айтылған секілді. Ол өзінің туған жерін, әсіресе, «Ертісті» сағынды. Мүмкін тағдыр оның өмірінің қысқа болатынын сездіріп, елге қайтарған да болар.
Өзі өнер көрсеткен «Ертіске» оралғанда команданың тізгіні танымал маман Дмитрий Огайдың қолында болатын. Огай бапкер сол кезде командаға кілең үздік ойыншыларды жинаған еді. Керекулік команда Зуба келген соң, «Ертіс» тағы ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, бұл «Ертістің» Қазақстан чемпионатының бас жүлдесіне төртінші рет қол жеткізулері. Ол «Ертіске» үш рет келіп, үшеуінде де чемпион болған футболшы. Сонымен қатар соның үшеуінде де, команда да бір жылдан артық ойнаған емес.
Ал ең соңғы ойнаған командасы петропавлдық «Есіл-Богатырь» болды. Солтүстіктің командасында 2003-2004 жылғы маусымда 26(16) ойын өткізді.
Ұлттық құрамада
Ол ұлттық құрамада дебюттік кездесуін өте сәтті бастады. Францияда өтетін әлем чемпионатына Азия аймағы бойынша іріктеу сынында Қазақстан Пәкістанмен құрамасымен кездеседі. Бас бапкер Серік Бердалин екінші таймда Викторды алаңға жіберді. Айналдырған жарты сағаттың ішінде үш гол соғып, өзінің керемет шеберлігін паш етті. Бұл ойыннан кейін оның атағы тіпті аспандайды.
Жалпы ұлттық құрамада 18 ойында 12 гол соққан. Оның алдын тек Руслан Балтиев орап тұр.
Виктор Зубаревтің ұлттық құрамадағы ойындары:
№ |
Өткен уақыты |
Қала |
Қарсылас құрама |
Ойын есебі |
Соққан добы |
|
1 |
11.06.1997 |
Лахор |
Пәкістан Қазақстан |
0:7 |
3 |
|
2 |
20.09.1997 |
Алматы |
Қазақстан Өзбекстан |
1:1 |
|
|
3 |
04.10.1997 |
Алматы |
Қазақстан Жапония |
1:1 |
1 |
|
4 |
11.10.1997 |
Алматы |
Қазақстан Оң. Корея |
1:1 |
|
|
5 |
18.10.1997 |
Алматы |
Қазақстан БӘА |
3:0 |
|
|
6 |
25.10.1997 |
Ташкент |
Өзбекстан Қазақстан |
4:0 |
|
|
7 |
08.11.1997 |
Токио |
Жапония Қазақстан |
5:1 |
|
|
8 |
01.12.1998 |
Сисакет |
Қазақстан Иран |
0:2 |
|
|
9 |
03.12.1998 |
Сисакет |
Лаос Қазақстан |
0:5 |
4 |
|
10 |
08.12.1998 |
Бангок |
Тайланд Қазақстан |
1:1 |
1 |
|
11 |
10.12.1998 |
Бангок |
Катар Қазақстан |
0:2 |
1 |
|
12 |
12.12.1998 |
Бангок |
Ливан Қазақстан |
3:0 |
|
|
13 |
20.03.2000 |
Манама |
Бахрейн Қазақстан |
0:1 |
|
|
14 |
31.03.2000 |
Доха |
Иордания Қазақстан |
0:1 |
|
|
15 |
02.04.2000 |
Доха |
Катар Қазақстан |
3:1 |
|
|
16 |
06.04.2000 |
Доха |
Палестина Қазақстан |
0:2 |
|
|
17 |
08.04.2000 |
Доха |
Пәкістан Қазақстан |
0:4 |
2 |
|
18 |
07.07.2002 |
Алматы |
Қазақстан Эстония |
1:1 |
|
|
Футболшы ретінде 110 гол соғып, 2003 жылы Қазақстан клубтарының үздік сұрмергендері “Гол-100” қатарына енді.
Осындай талантты шабуылшы 2004 жылы 18 тамызда Омск қаласында небәрі 31 жасында жарық дүниемен қош айтысты.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионы: 1997 1999, 2002 жылдары
Кипр Кубогінің иегері: 2001 жылы
Бек Төлеуов «Sport»