Жаңалықтар

Максим Низовцев

Қостанай футболының түлегі, Қазақстан және Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен, Қазақстан ұлттық құрамасының ресми ойындардағы алғашқы голын соққан, танымал футболшылардың бірі –  Максим Низовцев. Макси́м Па́влович Низо́вцев –  1972 жылы, 9 қырқүйекте Қостанай  қаласында дүниеге келген. Максимнің әкесі Павел Низовцев өткен ғасырдың 60-70 жылдары қостанайлық «Автомобилст» командасында өнер көрсеткен. Әкесіне қарап өскен Максимде футболшы болуды армандайды. Қостанайдағы «балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің» түлегі,1991 жылы жергілікті «Қостанай» командасына қабылданады. Келесі жылы команданың атауы «Химик» болып өзгереді. Максим тұңғыш Қазақстан чемпионатына қатысқан ойыншылардың бірі. Команданың атауы «Тобыл» болып өзгергенше, 1992-1995 жылдар аралығында төрт маусымда 99 ойынға қатысып, 43 гол соқты. Ал 1995 жылы Ресей чемпионатына бақ сынауға шешім қабылдайды. Калинград аймағының «Балтика» командасы 23 жастағы қостанайлық жартылай қорғаушыға аса қатты қызығушылық танытады. Дәл сол жылы команда бірінші лигадан жоғары лигаға оралған болатын. Максим команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Ол команда сапында негізінен қапталдағы жартылай қорғаушы болып өнер көрсетті. «Балтиканың»  Ресей чемпионатының жоғары лигасындағы ең көп гол соққан сұрмергені атанды. Сондай-ақ, калинградтық команданың соңғы 50 жылдағы үздік ойыншыларының қатарына енді. Жалпы «Балтика» сапында 121 ойында 29 рет мергендігімен көзге түсті. Осының 18-і жоғары лигаға тиесілі. Бұдан кейін 1999 жылы Ресейдің үздік командаларының бірі мәскеулік ЦСКА Максиммен келісім-шартқа отырады. Бұл кезде команданың тізгіні қазақ футболына жақсы таныс  бір кездері «Қайраттың» намысын қорғаған Олег Долматовтың қолында еді. Ол Долматовтың  қол астында бар жоғы екі ойын ғана өткізді. «Шинникпен» болған екінші кездесуіне ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделуіне тура келеді. Бір емес, екі рет ота жасатады. Осыдан кейін «Балтикаға» қайта оралады.Дегенмен Калинградтық команда сапында бір жыл ойнаған соң, Саратов қаласының «Соколына» жіберіледі. Бұл кезде команда бірінші дивизоннан жоғары лигаға көтерілген болатын. «Соколдың» жоғары лигадағы алғашқы маусымы өте сәтті өтті. Максим  ойнаған 2001 жылы команда футбол жанкүйерлерін таңғалдырып, біріншілікті сегізінші орынмен аяқтайды. Төмеңгі дивизоннан келген команданың алғашқы маусымда осындай ойын көрсетуі тамаша жетістік. Әзірге команда осы биігінен әлі асып көрген емес. Команданың жалпы тарихындағы ең үлкен жетістігіне өз үлесін қосқан  Максим 29 ойынға қатысып, екі дәл соққы бағыттады. Ал 2002 жылы  Новороссийск қаласының «Черноморец» клубына ауысады. Бұл клубта 2002-2003 жылдары  36(3) ойын өткізді.2004 жылы келісім-шартының уақыты аяқталған соң, туған жеріне оралады. «Тобылдың» сол кездегі бас бапкері Владимир Муханов команданың құрамын күшейтуді бастайды. Максимнен бөлек, командаға Максим Фокин, Мұрат Сүймағанбетов, Александр Чайка Алексей Савельев, Ұлықбек Бакаев секілді танымал футболшылар қосылды. Маусым бас жағы алғашында онша сәтті бола қоймады. Қатарынан үш ойын тең нәтижемен аяқталады. Ал 23 тамызда команда өзіндік рекорд орнатады. Оралдық «Ақжайықты» қабылдаған Муханов шәкірттері 9:0 есебімен ұтып, аса ірі жеңіске жетеді. Максим осы ойында хет-трих жасаған болатын. Бұған дейін 99 гол соққан Низовцев өзінің 100-шы голына көрімдік сұрайды. Осы жылы қостанайлық команда Қазақстан біріншілігінде үшінші орынға табан тірейді. Сонымен қоса команда адам таңқаларлық доп айырмасына қол жетізеді  +60 (87-27). Ұлықбек Бақаев (22 доп), Жұмасқалиевтен (19) кейін Максим Низовцев (17) команданың үщінші мергені атанды.  Ал төртінші Косолаповтың  еншісінде 12 доп. Соғылған 70 голдың 69-ы осы төрттікке тиесілі. Сондай-ақ, «Тобыл» командасымен бірге Интертото Кубогының үщінші айналымына дейін жетті. Келесі жылы команда қоланы күміске айырбастайды. Жалпы ол  екі маусымда 64 ойында 27 доп соққан. Владимир Муханов «Ақтөбеге» бас бапкер болған кезде өзіне жақсы таныс, тәжірибелі Максимді командаға шақырады.»Ақтөбемен» бірге 2006 жылы Қазақстан чемпионатындағы екінші күмісін олжалайды. Футболшы ретінде карьерасының соңғы жылын өскемендік «Востокта» өткізді. 2008 жылы бутсысын шегеге ілуге шешім қабылдайды. Жалпы футболшы ретінде бірнеше командада өнер көрсеткен ол 453 ойынға қатысып, 116 гол соққан. Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға құрамасына  қарсы Николай Курганскийді алмастырып шықты. Алғашқы голын Азия Кубогының іріктеу кезеңінде Катар құрамасына соқты. Бұл  Қазақстан ұлттық құрамасының ресми кездесулердегі алғашқы голы болатын. Ал   1997-2003  жылдар аралығында құрамаға мүлдем шақырылған жоқ. 2004 жылы ұлттық құрамын тізгінін Сергей Тимофеев ұстаған кезде қайтадан құрамаға шақырыла бастады. Германиядағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде ұлттық құраманың ең тәжірибелі және жасы ең үлкен футболшысы болды. Албания қарсы өткізген кездесуде бас команданың сапындағы екінші голын соқты. Жалпы ұлттық құрамада 1994-2005 жылдар аралығында 16 ойын өткізген. Қазіргі кезде бір кездері өзі өнер көрсеткен «Балтика» командасында бапкер болып жұмыс істеп жатыр. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2005, 2006 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2004 жылы Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 1999 жылы     Бек Төлеуов «Sport»
18.07.2013 07:51 3049

Қостанай футболының түлегі, Қазақстан және Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен, Қазақстан ұлттық құрамасының ресми ойындардағы алғашқы голын соққан, танымал футболшылардың бірі –  Максим Низовцев.

Макси́м Па́влович Низо́вцев –  1972 жылы, 9 қырқүйекте Қостанай  қаласында дүниеге келген. Максимнің әкесі Павел Низовцев өткен ғасырдың 60-70 жылдары қостанайлық «Автомобилст» командасында өнер көрсеткен. Әкесіне қарап өскен Максимде футболшы болуды армандайды. Қостанайдағы «балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің» түлегі,1991 жылы жергілікті «Қостанай» командасына қабылданады. Келесі жылы команданың атауы «Химик» болып өзгереді. Максим тұңғыш Қазақстан чемпионатына қатысқан ойыншылардың бірі. Команданың атауы «Тобыл» болып өзгергенше, 1992-1995 жылдар аралығында төрт маусымда 99 ойынға қатысып, 43 гол соқты. Ал 1995 жылы Ресей чемпионатына бақ сынауға шешім қабылдайды. Калинград аймағының «Балтика» командасы 23 жастағы қостанайлық жартылай қорғаушыға аса қатты қызығушылық танытады. Дәл сол жылы команда бірінші лигадан жоғары лигаға оралған болатын. Максим команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Ол команда сапында негізінен қапталдағы жартылай қорғаушы болып өнер көрсетті. «Балтиканың»  Ресей чемпионатының жоғары лигасындағы ең көп гол соққан сұрмергені атанды. Сондай-ақ, калинградтық команданың соңғы 50 жылдағы үздік ойыншыларының қатарына енді. Жалпы «Балтика» сапында 121 ойында 29 рет мергендігімен көзге түсті. Осының 18-і жоғары лигаға тиесілі. Бұдан кейін 1999 жылы Ресейдің үздік командаларының бірі мәскеулік ЦСКА Максиммен келісім-шартқа отырады. Бұл кезде команданың тізгіні қазақ футболына жақсы таныс  бір кездері «Қайраттың» намысын қорғаған Олег Долматовтың қолында еді. Ол Долматовтың  қол астында бар жоғы екі ойын ғана өткізді. «Шинникпен» болған екінші кездесуіне ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделуіне тура келеді. Бір емес, екі рет ота жасатады. Осыдан кейін «Балтикаға» қайта оралады.Дегенмен Калинградтық команда сапында бір жыл ойнаған соң, Саратов қаласының «Соколына» жіберіледі. Бұл кезде команда бірінші дивизоннан жоғары лигаға көтерілген болатын. «Соколдың» жоғары лигадағы алғашқы маусымы өте сәтті өтті. Максим  ойнаған 2001 жылы команда футбол жанкүйерлерін таңғалдырып, біріншілікті сегізінші орынмен аяқтайды. Төмеңгі дивизоннан келген команданың алғашқы маусымда осындай ойын көрсетуі тамаша жетістік. Әзірге команда осы биігінен әлі асып көрген емес. Команданың жалпы тарихындағы ең үлкен жетістігіне өз үлесін қосқан  Максим 29 ойынға қатысып, екі дәл соққы бағыттады. Ал 2002 жылы  Новороссийск қаласының «Черноморец» клубына ауысады. Бұл клубта 2002-2003 жылдары  36(3) ойын өткізді.2004 жылы келісім-шартының уақыты аяқталған соң, туған жеріне оралады. «Тобылдың» сол кездегі бас бапкері Владимир Муханов команданың құрамын күшейтуді бастайды. Максимнен бөлек, командаға Максим Фокин, Мұрат Сүймағанбетов, Александр Чайка Алексей Савельев, Ұлықбек Бакаев секілді танымал футболшылар қосылды. Маусым бас жағы алғашында онша сәтті бола қоймады. Қатарынан үш ойын тең нәтижемен аяқталады. Ал 23 тамызда команда өзіндік рекорд орнатады. Оралдық «Ақжайықты» қабылдаған Муханов шәкірттері 9:0 есебімен ұтып, аса ірі жеңіске жетеді. Максим осы ойында хет-трих жасаған болатын. Бұған дейін 99 гол соққан Низовцев өзінің 100-шы голына көрімдік сұрайды. Осы жылы қостанайлық команда Қазақстан біріншілігінде үшінші орынға табан тірейді. Сонымен қоса команда адам таңқаларлық доп айырмасына қол жетізеді  +60 (87-27). Ұлықбек Бақаев (22 доп), Жұмасқалиевтен (19) кейін Максим Низовцев (17) команданың үщінші мергені атанды.  Ал төртінші Косолаповтың  еншісінде 12 доп. Соғылған 70 голдың 69-ы осы төрттікке тиесілі. Сондай-ақ, «Тобыл» командасымен бірге Интертото Кубогының үщінші айналымына дейін жетті. Келесі жылы команда қоланы күміске айырбастайды. Жалпы ол  екі маусымда 64 ойында 27 доп соққан. Владимир Муханов «Ақтөбеге» бас бапкер болған кезде өзіне жақсы таныс, тәжірибелі Максимді командаға шақырады.»Ақтөбемен» бірге 2006 жылы Қазақстан чемпионатындағы екінші күмісін олжалайды. Футболшы ретінде карьерасының соңғы жылын өскемендік «Востокта» өткізді. 2008 жылы бутсысын шегеге ілуге шешім қабылдайды.

Жалпы футболшы ретінде бірнеше командада өнер көрсеткен ол 453 ойынға қатысып, 116 гол соққан.

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға құрамасына  қарсы Николай Курганскийді алмастырып шықты. Алғашқы голын Азия Кубогының іріктеу кезеңінде Катар құрамасына соқты. Бұл  Қазақстан ұлттық құрамасының ресми кездесулердегі алғашқы голы болатын. Ал   1997-2003  жылдар аралығында құрамаға мүлдем шақырылған жоқ. 2004 жылы ұлттық құрамын тізгінін Сергей Тимофеев ұстаған кезде қайтадан құрамаға шақырыла бастады. Германиядағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде ұлттық құраманың ең тәжірибелі және жасы ең үлкен футболшысы болды. Албания қарсы өткізген кездесуде бас команданың сапындағы екінші голын соқты. Жалпы ұлттық құрамада 1994-2005 жылдар аралығында 16 ойын өткізген.

Қазіргі кезде бір кездері өзі өнер көрсеткен «Балтика» командасында бапкер болып жұмыс істеп жатыр.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2005, 2006 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2004 жылы

Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 1999 жылы  

 

Бек Төлеуов «Sport»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға