Жаңалықтар

Александр Мазманьян

Кешегі «Қайраттың» шабуылшысы ретінде жанкүйер жүрегінен орын алған футболшы. Кейінгі жылдары төрешілер корпусын басқарған білікті басшы. Ал бүгін ҚФФ-ның вице-президенті қызметін атқарып жүрген танымал футболшымыз – Александр Мазманьян          Александр Николаевич Мазманьян – 1951 жылы 6 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол тұрған үй қаланың Виноградов пен Шагабутдинов көшелерінің қиылысы болатын. Міне, осы көшедегі балалармен күнделікті кешкілік доп қуалайтын. Бір күні осы көшеден өтіп бара жатқан футбол мектебінің бапкері Борис Лях жас баланың бойынан футболшыға тән қасиетті байқайды. Талантты жазбай танитын Борис Брониславович бірден баланы өз қарамағына жаттығуға шақырады. Борис бапкер негізінен аулада доп теуіп жүрген сол кездегі Сашамен жастары шамалас  51-52 жылғы туған 20 жас баланы жинап әкеледі. Осы жиналған балалардың тек он шақтысы ғана іріктеуден өте алды. Балалардың арасында Валерий Степанов, Борис Емелин, Валерий Еркович, Виктор Сенченко сияқты кейіннен танымал футболшы болғандары да бар. Сол кезде мектептің директоры – Аркадий Хохман, бапкерлерден  –  Владимир Чеботарёв пен Александр Жуйков сияқты танымал мамандар болды. Осындай мамандардың арқасында балалар қалалық, республикалық біріншілікте бас  жүлдені бермей жүрді. Осыдан кейін одақ көлемінде өткен турнирлерге қатысуға мүмкіндік алды.Жас футболшыларымыз Ресей, Грузия, Украинада өткен турнирлерде сәтті өнер көрсетті. Алматыға Киевтің «Динамосының» жас футболшылары келгенде, Сашаның бір гол соққаны бар. Бұл команданың құрамында сол кезде Александр Дамин, Виктор Зуев сияқты  кейіннен КСРО ұлттық құрамасында өнер көрсеткен ойыншылар да болды.          Мектепті бітірген соң, 1968 жылы 5 қазанда «Қайраттан» шақырту алды. Алғашқы кездесуін қосалқы құрамдағы командалардың арасындағы кездесуде «Крылья Советовке» қарсы өткізеді. Келесі жылы шұғыл түрде әскери борышын өтеу қажет болды. Ата-анасы Целиноградтың «Динамосының» басшыларымен сөйлесіп, екі жақты келісімге келеді. Осыдан кейін футболмен бірге әскери борышын да қатар орындауға мүмкіндік алады. Алғашқы ойынын 1969 жылдың 2 қазанында Степногордың «Химигіне» қарсы ойнады. Ойында соғылған жалғыз голдың авторы ретінде командасына жеңіс сыйлайды. Команданы ол кезде мәскеулік «Спартак» пен КСРО құрамасының үздік ойыншыларының бірі болған Алексей Соколов жаттықтырды. Осы команданың сапында жеті жылға жуық өнер көрсетті. Мәскеулік командаларда ойнаған: Игорь Численко, Виктор Алексеев, Эдуард Стрельцов сияқты танымал футболшылармен бірге негізгі құрамнан түскен емес.          Сонымен қоса, республиканың жасөспірімдер құрамасыменбірге «Үміт» турнирінде бағын сынады. Осы турнирде өзінің шеберлігін көрсеткен Сашаны КСРО жасөспірімдер құрамасына шақырады. Құраманы сол кезде танымал бапкер Евгений Петрович Лядин жаттықтыратын. Бірақ,  құрамада негізінен 1952 жылғы  туған ойыншылар ойнау керек болғандықтан, іліге алмайды. Ол кезде Олег Блохин, Виктор Чуркин сияқты ойыншылар болды.          Станислав Каминскийдің шақыруымен 1977 жылы«Қайратқа» ауысады. Осы маусымда жоғары лигада  негізгі құраммен бірге 25 рет алаңға шықты. Келесі маусымында тағы 10 ойынға қатысты. «Қайраттың» жейдесін киіп шыққан 35 ойында екі гол соқты.  Алғашқы голын Михаил Бирюков қорғаған «Зениттің» қақпасына еңгізді. Сосын сырт алаңда «Крылья Советовтің» қақпасын дәл көздегені бар. Бұл ойында алматылықтар 4:2 жеңіске жеткен болатын.  Бірақ, тамыз айында арадағы түсініспеушіліктің салдарынан командадан кетіп қалады. Алғашында бұрынғы командасына оралса, кейіннен Жамбылдың «Химик» клубына ауысады. Әулие ата жерінде төрт маусым өткізді. Сондай-ақ, 1984-1985 жылдары «Целлиник», 1986 жылы «Жетісудің» намысын қорғады. Футболдағы карьерасына нүктені де осы Талдықорғанда қойды. Ең соңғы өнер көрсеткен командасы «Жетісу» болды.          КСРО чемпионатының жоғары, бірінші, екінші лигаларындабарлығы 20 маусым өнер көрсеткен футболшымыз бар болғаны 4рет сары қағаз, бір рет қана алаңнан қуылыпты. Осы чемпионаттарда барлығы 523 ойын өткізіп, 98 гол соққан.          Футболды аяқтаған соң, Құр­манғазы атындағы қазақ ұлттықконсерваториясынның спорт кешенін басқарды. Кейіннен 1988-1996 жылдары төреші қызметін атқарды. 1992-1995 жылдары Алматы футбол федерециясының вице-президенті болды. 1996 жылдан бастап инспектор болып істеді. Ал 2010 жылы Төрешілер корпусының басшысы болып тағайындалды. Осы жылдың 4-наурызынан бастап ҚФФ-ның вице-президенті болып сайланды.          Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, ардагерлер арасындаөтетін футбол кездесулеріне үнемі  қатысып келеді. 1991 жылы Сочиде өткен ТМД футбол ардагерлерінің біріншілігінде екінші орын алса, Брисбенде өткен дүние жүзілік ардагерлер ойынының қола жүлдесін де еншілеген. 1998 жылы Әбу-Дабиде өткен Азия ардагерлер біріншілігінің бас жүлдесін олжалады. Сондай-ақ, Қазақстандағы ардагерлер арасында өтетін турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Бек Төлеуов «Sport
18.07.2013 07:47 3680

Кешегі «Қайраттың» шабуылшысы ретінде жанкүйер жүрегінен орын алған футболшы. Кейінгі жылдары төрешілер корпусын басқарған білікті басшы. Ал бүгін ҚФФ-ның вице-президенті қызметін атқарып жүрген танымал футболшымыз – Александр Мазманьян

         Александр Николаевич Мазманьян – 1951 жылы 6 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол тұрған үй қаланың Виноградов пен Шагабутдинов көшелерінің қиылысы болатын. Міне, осы көшедегі балалармен күнделікті кешкілік доп қуалайтын. Бір күні осы көшеден өтіп бара жатқан футбол мектебінің бапкері Борис Лях жас баланың бойынан футболшыға тән қасиетті байқайды. Талантты жазбай танитын Борис Брониславович бірден баланы өз қарамағына жаттығуға шақырады. Борис бапкер негізінен аулада доп теуіп жүрген сол кездегі Сашамен жастары шамалас  51-52 жылғы туған 20 жас баланы жинап әкеледі. Осы жиналған балалардың тек он шақтысы ғана іріктеуден өте алды. Балалардың арасында Валерий Степанов, Борис Емелин, Валерий Еркович, Виктор Сенченко сияқты кейіннен танымал футболшы болғандары да бар. Сол кезде мектептің директоры – Аркадий Хохман, бапкерлерден  –  Владимир Чеботарёв пен Александр Жуйков сияқты танымал мамандар болды. Осындай мамандардың арқасында балалар қалалық, республикалық біріншілікте бас  жүлдені бермей жүрді. Осыдан кейін одақ көлемінде өткен турнирлерге қатысуға мүмкіндік алды.Жас футболшыларымыз Ресей, Грузия, Украинада өткен турнирлерде сәтті өнер көрсетті. Алматыға Киевтің «Динамосының» жас футболшылары келгенде, Сашаның бір гол соққаны бар. Бұл команданың құрамында сол кезде Александр Дамин, Виктор Зуев сияқты  кейіннен КСРО ұлттық құрамасында өнер көрсеткен ойыншылар да болды.

         Мектепті бітірген соң, 1968 жылы 5 қазанда «Қайраттан» шақырту алды. Алғашқы кездесуін қосалқы құрамдағы командалардың арасындағы кездесуде «Крылья Советовке» қарсы өткізеді. Келесі жылы шұғыл түрде әскери борышын өтеу қажет болды. Ата-анасы Целиноградтың «Динамосының» басшыларымен сөйлесіп, екі жақты келісімге келеді. Осыдан кейін футболмен бірге әскери борышын да қатар орындауға мүмкіндік алады. Алғашқы ойынын 1969 жылдың 2 қазанында Степногордың «Химигіне» қарсы ойнады. Ойында соғылған жалғыз голдың авторы ретінде командасына жеңіс сыйлайды. Команданы ол кезде мәскеулік «Спартак» пен КСРО құрамасының үздік ойыншыларының бірі болған Алексей Соколов жаттықтырды. Осы команданың сапында жеті жылға жуық өнер көрсетті. Мәскеулік командаларда ойнаған: Игорь Численко, Виктор Алексеев, Эдуард Стрельцов сияқты танымал футболшылармен бірге негізгі құрамнан түскен емес.

         Сонымен қоса, республиканың жасөспірімдер құрамасыменбірге «Үміт» турнирінде бағын сынады. Осы турнирде өзінің шеберлігін көрсеткен Сашаны КСРО жасөспірімдер құрамасына шақырады. Құраманы сол кезде танымал бапкер Евгений Петрович Лядин жаттықтыратын. Бірақ,  құрамада негізінен 1952 жылғы  туған ойыншылар ойнау керек болғандықтан, іліге алмайды. Ол кезде Олег Блохин, Виктор Чуркин сияқты ойыншылар болды.

         Станислав Каминскийдің шақыруымен 1977 жылы«Қайратқа» ауысады. Осы маусымда жоғары лигада  негізгі құраммен бірге 25 рет алаңға шықты. Келесі маусымында тағы 10 ойынға қатысты. «Қайраттың» жейдесін киіп шыққан 35 ойында екі гол соқты.  Алғашқы голын Михаил Бирюков қорғаған «Зениттің» қақпасына еңгізді. Сосын сырт алаңда «Крылья Советовтің» қақпасын дәл көздегені бар. Бұл ойында алматылықтар 4:2 жеңіске жеткен болатын.  Бірақ, тамыз айында арадағы түсініспеушіліктің салдарынан командадан кетіп қалады. Алғашында бұрынғы командасына оралса, кейіннен Жамбылдың «Химик» клубына ауысады. Әулие ата жерінде төрт маусым өткізді. Сондай-ақ, 1984-1985 жылдары «Целлиник», 1986 жылы «Жетісудің» намысын қорғады. Футболдағы карьерасына нүктені де осы Талдықорғанда қойды. Ең соңғы өнер көрсеткен командасы «Жетісу» болды.

         КСРО чемпионатының жоғары, бірінші, екінші лигаларындабарлығы 20 маусым өнер көрсеткен футболшымыз бар болғаны 4рет сары қағаз, бір рет қана алаңнан қуылыпты. Осы чемпионаттарда барлығы 523 ойын өткізіп, 98 гол соққан.

         Футболды аяқтаған соң, Құр­манғазы атындағы қазақ ұлттықконсерваториясынның спорт кешенін басқарды. Кейіннен 1988-1996 жылдары төреші қызметін атқарды. 1992-1995 жылдары Алматы футбол федерециясының вице-президенті болды. 1996 жылдан бастап инспектор болып істеді. Ал 2010 жылы Төрешілер корпусының басшысы болып тағайындалды. Осы жылдың 4-наурызынан бастап ҚФФ-ның вице-президенті болып сайланды.

         Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, ардагерлер арасындаөтетін футбол кездесулеріне үнемі  қатысып келеді. 1991 жылы Сочиде өткен ТМД футбол ардагерлерінің біріншілігінде екінші орын алса, Брисбенде өткен дүние жүзілік ардагерлер ойынының қола жүлдесін де еншілеген. 1998 жылы Әбу-Дабиде өткен Азия ардагерлер біріншілігінің бас жүлдесін олжалады. Сондай-ақ, Қазақстандағы ардагерлер арасында өтетін турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бек Төлеуов «Sport

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға